Басы » Адам қоғам құқық негізі » ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕШЕГІ, БҮГІНГІ БОЛАШАҒЫ

ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕШЕГІ, БҮГІНГІ БОЛАШАҒЫ

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті

№266 мектеп-лицей

 Сейтім Қарашаш Баянқызы

Құқық пәнінің мұғалімі

ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕШЕГІ, БҮГІНГІ БОЛАШАҒЫ

«Қоғамтану» пәнінен  «Қазақстандағы білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы» тақырыбында  ізденіс  сабағын өткіздім. «ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы білім беру»,  «ХІХ ғасырдағы білім беру», «Кеңес дәуіріндегі білім», «Қазақ жазуының тарихы» схемаларын көрнекілікке  пайдаландым.  «Қазақтың  көне тарихы» кітабына, А. Құнанбаевтың ғылым, білім туралы өлеңдері мен қара сөздеріне, А.Байтұрсыновтың  «Білім жарысы туралы» , Қ. Сәтбаевтың  «Қазақстандағы ғылымның дамуы туралы» еңбектеріне,  «Бұхардағы Көгелташ  медресесі», «Жәңгір мектебі», «Ыбырай  мектебі» сияқты баспасөз құжаттарына  сүйендім.

Сабақтың  мазмұны білімнің  мәні туралы нақыл сөздерден  және білімнің адам және қоғам өміріндегі рөлі туралы философтар мен ұлы адамдардың пікірлерінен тұрады. Олардың  қатарында Абайдың «Артық ғылым-кітапта, ерінбей оқып көруге», Ш.Уәлихановтың  «Халықтың кемеліне келіп  өркендеу үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет», С.Торайғыровтың «Әлемдегі  терең сыр ғылыммен ғана ашылмақ», ағылшын философы Ф. Бэконның  «Білім дегеніміз-күш, күш дегеніміз-білім», Әл-Фараби дің  «Білімді болу  деген сөз-белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз: Ал белгісіз нәрсені  аша білу деген сөз-ол теориялық өнердің барлығына  тең ортақ жәйт», -деген  сияқты нақыл сөздері бар. Сабақтың  үш топқа бөліп өткіздім:

1.Қазақстандағы білім берудің кешегісі;

2.Қазақстан білімінің бүгінгісі;

3.Қазақстандағы білім берудің болашағы.

Енді осыларға жеке-жеке тоқталамыз.

1-топ. Қазақстандағы білім берудің кешегісі

а)ХҮ-ХҮІІғ.білім.

Қазақ Хандығы кезінде араб жазуы қолданылып, діни оқу кең өріс алды. Қазақ Хандығының астанасы Түркістан даласында,  басқа да қалаларда мешіт, медреселер салынады.

Сол кездегі білім беру жүйесін төмендегідей сызбанұсқа бойынша  елестетуге болады:

 

 

Мешіт Араб әліппесін тану (28 әріптен тұрады)

«Иманшарт» (наным шарттары).

Медресе

оқу

«Әптиек» (Құранның жетіден бір бөлігі)
Тіл Араб

Парсы

Түркі

 

 

 

ХҮ-ХҮІІ ғасырдағы медреселік оқу діни сипатта бола тұрса да осы медреселерде  оқып, білім алған адамдар арасынан  сауатты, өз заманына лайық ғұлама ғалым, жазушылар шықты.

 

  Мұхаммет Хайдар Дулати  (1499-1551)
 

Ғалымдар

«Тарихи Рашиди»
Қадырғали Қосымұлы  Жалайыри (153-1605)
    «Жамих ат-тауарих»

 

Кемеңгер ойшыл Асанқайғы да тарихта қазақ халқының философиялық ой-пікірін өрістетуге үлес қосқан ғұламалардың бірі.

ХҮ-ХҮІІғ. Ақын-жыраулар:

Асанқайғы  (ХҮғасыр); Қазтуған  жырау (ХҮғасыр); Доспамбет жырау (1490-1523 жылдар); Шалкиіз жырау (1465-1560); Жиембай жырау (ХҮІІ ғасыр); Марқасқа жырау (ХҮІІғасыр); Ақтамберді  жырау  (1675-1768 жылдар). Құжат  «Бұхардағы Көгелташ медресесі» (Х.Досмұхамелов).

Қысқаша мазмұны. Бұхардың бас молдасы өз ханына қазақ деген халықтың мұсылман дінінің  не екенін білмейтінін,шариғат талаптарын орындамайтынын айтып, Бұхар Хандығының құрамындағы қазақтарды базарларда  құл ретінде сатуға рұқсат етуді өтінеді. Хан кеңес құрады. Кеңесте себеп –салдарсыз тұтас бір халықты дінсіз деу қолайсыз болғандықтан шақырып сыннан өткізбекші болады. Көге деген қазақ молдасы халқын құлдықтан құтқаруға Бұхарға келеді. Ол өзінің адал еңбегімен, маңдай терімен тауып, кірпіш құяды. Ханға келіп, мешіт салуға рұқсат сұрайды.  Рұқсат беріледі. Ханнан шебер бөлуді өтінеді және олар талапқа сай болуы керек деп, сегіз түрлі шарт қояды. Бұхар шеберлері талаптарды орындап жүреміз  деп ант  су іше  алмайды.  Бұхар халқынан да ешкім табылмайды.  Сол кезде Көге бұл шарттарды өзі  орындайтынына ант беріп, мешітті  өзі  салуға  кіріседі, Көге осылайша өз халқын құлдықтан құтқарады.

Мешіттің салынған уақыты –ХҮІ ғасыр.

ә) ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы білім.

Патшалы  Ресейдің билігі кезінде Қазақстанда білім отарлау бағытында болады. Қазақ арасынан патша өкіметіне қызмет ететін кіші шенді шенеуніктер, тілмаштар,хатшылар даярланады. Сол кездегі білім жүйесін көз алдымызға елестету үшін мынадай сызба  нұсқаны пайдалануға болады.

 

Әскери оқу орындары Мектептер
Омбы

1789 жылы азиялық мектеп

Орынбор

1813 жылы әскери училище

Сібір

1841 жылы Кіші Орда

1861-1864 жылдары

Торғай

Қазалы

Перовск

1837 жылы Кадет корпусы Орынбор

1844 жылы Неплюев кадет корпусы

 
Училищелер Гимназиялар
1831 жылы Семей, Өскемен

1836 жылы қыздар  училищесі Ырғыз, Қостанай, Қарабұтақ, Ақтөбе

ХІХ ғасырдың аяғ Верный –Әскери, Орал –ер балалар, Семей ер балалар, қыздар.

 

«Жәңгір мектебі», «Ыбырай мектебі» құжат материалдары пайдаланылады.

Қорытынды

Абай  «Халқым надан болған соң…», «мыңмен жалғыз алыстым…», «қайран сөзім қор болды…» деп қазақ надандық  туралы  ашына жырлады.

б) ХХ ғ. Кеңес үкіметі кезіндегі білім.

Қазақстанда Кеңес үкіметі кезінде білім беру ісі кеңестік  жүйеге түсті, ұлттық педагогика  ескерілмегенімен халықтың білімділігі артты.

Білім берудің барлық саласы мемлекет есебінен іске асырылды. Оқушыларға оқулық  тегін берілді.  Кеңес адамдары дүние жүзінде  ең көп оқитын халық болды. Мысалы: 155 тілде кітап,  кітапшалар, 8 мың газет, 5 мың журнал шығып тұрды. 1465 мұражай жұмыс істеді. Әр отбасына 6 басылымнан келді.

Алған білімнің  өмірде қолданылуы қалай болды? Білім өмір талабына  сәйкес пе, жоқ әлде қоғамның, өндірістің  талабынан алшақ па?

1990 жылы халық шаруашылығының тең жартысында жұмыс үрдісінің елуден астамы машина, мехнизмді пайдаланбады. Әсіресе, ауыл шаруашылығында, құрылыста , транспортта. Себебі:  шаруашылықтың көп салалары  жаңа техникамен және технологиямен қамтамасыз етілмеді, екіншіден оларды қолданушы  адамдардың кәсіби білгірлігі жете бермеді. Алған білім өмірден алшақ болды. Ұлт мамандары қара металлургияда 5-6 процент, түсті  металлургияда 3-4 процент  қана еді.

2 –топ. Қазақстан білімнің бүгінгісі

а)Тәуелсіз елдің дамуы білімге байланысты. Еліміз тәуелсіздік алды, материалдық рухани  байлық  өз меншігімізге айналды. Өркениетті  елдер Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігін мойындады.

 

экономикалық  

 

байланыс

орнады

    Өркениетті

елдермен

рухани
  саяси  

Міндет –қоғамның жан-жақты дамуы үшін заман талабына сай білімді адамдар даярлау. Халыққа білім берудің жаңа стратегиясы жасала бастады.

Алған  білімнің сапасын, тиімділігін, құндылығын арттыру әлемдік стандартқа  (шеткі) сәйкестендіру үшін әрекеттер  жасалуда.

Қазақ тілінің іс жүзінде мемлекеттік тілге айналуы, дүниежүзінің  тілдерін үйрену, ұлттық интеллигенция дайындау мақсатында бірқатар жұмыстар  жасалуда. Оқу орындары лицей,гимназия, жекелеген пәндерді  тереңдетіп оқыту түрінде қайта  құрылуда.

Ұлттық интеллигенцияны қалыптастырудың мақсаты –тәуелсіз қоғам дамуының  маңызын түрлі фактілер  келтіру арқылы ашу. Кәсіби біржақтылықты жою –өмір талабы. Гуманитарлық, техникалық және жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысын нығайту. Әр кәсіп иесі- өз бойында әлемдік материалдық, рухани қазынаны, құндылықты сіңіруі қажет. Кәсіби біржақтылықтың теріс ықпалына Арал, Балқаш, Семей,шу игеру, АҚШ фермерінің  жаратылыстанудан білімі жоқтығынан кедейленуі мысалдарын келтірдім. Білімнің күнделікті өмірде қолданылуы. Нарық жағдайында қиыншылықтан құтылудың бір жолы қосымша кәсіби шеберлікті меңгеру. Мысалы,  телевизор, тоңазытқыш, тағы басқа нәрселер бұзылса, жөндеп алу –отбасы қаржысын үнемдейді  (газет құжаты) .

«Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы»деп                      М. Әуезов айтқандай  кәсіби білімнің ұрпақтан-ұрпаққа берілуінің маңыздылығына тоқталу. Мысалы, қазақ халқының қолөнер кәсібі  иіру, тоқу, тері өңдеу, етікшілік, ұсталық, тағы басқа қажеттері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырды. Қазіргі кәсіби білімді меңгере отырып болашақ ұрпаққа жалғасуына жағдай жасау талабын қою  керек.  Сонда ғана қоғамымыз маманға зәру болмай дүниежүзілік өркениетті елдердің дәрежесіне сәйкес болады.

Инженер, техник, мұнайшы, кенші, металлург, тағы басқа кәсіптер. Космасты игеру, жер қойнауын зерттеу, түрлі машина, техника, құрал-жабдықтар шығаруды меңгеру  қажет.

Қоғамның ғылымның, ғылыми жаңалықтың дамуына ықпалы.

Кеңес үкіметі  кезіндегі бюрократизм  ғылыми жаңалықтарға, өнер табыстарына конструкторлық  жобаларға қолдау жасамады. Жаңалықтар өндіріске бірден енгізілмей, ондаған жылдар кеңселерде сарғайып жатып қалды, ескірді. Ғылым партиялық қатаң қыспақта болды. Ал сол кезеңда АҚШ-та ұсынылған ғылыми жобалар бірден өндіріске енгізілген еді.

Қоғам  ғылымды дамытуда ұдайы ықпал етіп отыру тиіс. А. Байтұрсыновтың  «Білім  жарысы» туралы жазғандарынан мысал келтіріп, қазіргі Қазақстанда өтіп жатқан білім , ғылым жарыстары және Қазақстан өкілдерінің дүниежүзілік ғылыми жарыстарға қатысуының нәтижелері туралы ақпарат құралдарының деректерін ортаға салдым.

Қорыта айтқанда, адам баласы білімді игереді, дамытады, керемет жаңалықтар ашады. Осы жаңалықтарды ұрпақ және қоғам игіліне жұмсау өмір талабы.

Үкімет басшысының білімнің дамуына ықпалы. 1789 жылы Франция  Конституциясында  «Ұлт жоғарғы өкімет билігінің қайнар көзі» деп жарияланған. Содан бері өкімет басшысы француз ұлтынан болып келеді. Маңыздысы – басшы Францияның гүлденіп дамуы үшін қызмет етеді.

Кеңес өкіметі жылдарында Н. Назарбаевқа дейін Қазақстанда тек екі –ақ қазақ (Шаяхметов, Қонаев)  басқарғанын еске түсіре отырып, ғылымның, ғылыми жаңалықтың дамуына және ұлт мамандарының қалыптасуына өкімет басшысының ықпалы бар екенін айту.

 

             Көне түркі  
             Ұйғыр жазуы
             Араб    

 

 

1922-1929 жж. араб әрпіне  
1929-1940жж. латын әрпіне Негізделген қазақ жазуы
1940-қазіргі кездегі орыс әрпіне    

 

 

Қоғамдағы жазудың өзгермей тұрақты болуы білімнің үзіліссіз кедергісіз дамуына және ұрпақтан –ұрпаққа жалғасуына  үлкен әсер  етеді.

Оқушв ізденісі

  1. Ең алғашқы ашылған жоғары оқу орындары, мектеп, гимназия, лицейлерді тауып картаға белгілеп келді.
  2. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы білім берудің сызбанұсқасын әзірледі.
  3. Патша өкіметі кезіндегі Қазақстанда ашылған оқу орындарының кестесін жасады.
  4. Кеңес өкіметі кезіндегі білімнің дамуының кестесін  жасады.
  5. Тәуелсіз  Қазақстандағы жаңадан ашылған оқу орындарын анықтады. Кейбіреуіне  түсініктеме  берді. Мысалы: әскери оқу орны. Әскери білімнің дамуына  және Б. Момышұлының әскери білімге енгізген жаңалығына талдау жасады.
  6. Көптеген газет-журнал құжаттарын жинақтады.
  7. Білім, ғылым туралы нақыл сөз, мақал-мәтел іздеді.
  8. Қоғамдағы көрнекті интеллигенция өкілдерінің ісі туралы ізденді. Білім, ғылым саласындағы  жеке тұлғаларды анықтады.
  9. Білім, ғылым болашақта қалай дамуы керектігі  туралы бағдарламаларын (жоба) ұсынды.

3-топ. Қазақстандағы Білім берудің болашағы

Ж. Аймауытов: «Ғылым білімге қонады, ғылымсыз білім тым  құрғақ»

1.Қазақстан Республикасының болашақтағы  білім беру жүйесінің  бағдарламасы (жоба).

2.Болашақ гимназия, лицей, мектептегі оқытудың бағдарламасы. (жоба)

  1. М.Мақатай атындағы гимназияның бағдарламасы (жоба)

Қорытынды.Білімнің өмірмен байланысты, қоғам қажетіне жарауы, жан-жақты және  үнемі дамуға, ұрпаққа жалғасуға тиісті әңгімеленді.

 

 

Өтініш

 

1 Қатысушының аты-жөні

(толығымен)

Сейтім Қарашаш Баянқызы
2 Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрметті атағы Жоқ
3 Қызметі (толығымен, қысқартусыз) №266 мектеп-лицейдің Құқық пәнінің мұғалімі
4 Жұмыс орны (толық атауы, қала, облыс) Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті

№266 мектеп-лицей

5 Материалдың тақырыбы және формасы (баяндама, шеберлік сынып, коучинг) Қоғам дамуының кешегі, бүгінгі болашағы
6 Жұмыстың бағыты Қоғамдық гуманитарлық бағыт
7 Пленаралық мәжілісте сөйлеуге ұсынамын (ия/жоқ) Ия
8 Байланыс телефоны 87755142066

23-5-81

9 E-mail katya_1976.28.01@mail.ru
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *