Басы » Математика » Натурал сандарды азайту

Натурал сандарды азайту

Жамбыл облысы Жуалы ауданы №19 мекебінің математика пәні мұғалімі

Акмарал Исмаилова

Сабақтың тақырыбы: Натурал сандарды азайту

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Оқушыларға натурал сандарды азайту және оның             қасиеттерін, азайту амалының қасиеттері арқылы                                        координаталық сәуледе анықтау ұғымын қалыптастыру.
  2. Дамытушылығы: Оқушылардың натурал сандарды                                    азайтудың ережесін есептер шығаруда қолдана білу дағдыларын              жетілдіру
  3. Тәрбиелілігі: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,        өмірмен байланыстыра білуге үйрету,адамгершілік рухани-эстетикалық қасиеттерін арттыру.

        

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

         Сабақтың әдісі: топпен жұмыс,деңгейлеп оқыту әдісі

         Көрнекілігі: үлестірмелі материалдар, қосымша оқулық

Математика  5 сынып, Алматы  Мектеп  баспасы 2010 ж.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

— Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

— Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

-Оқушыларды топқа бөліп,қосымша материалдар беру.

  1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

         — Алдын-ала жоспарланған, келешекте қол жеткізуді көздеген нәтиже.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Қосымша мәлімет.

         Қосынды мен қосылғыштардың біреуі арқылы екінші қосылғышты табу          амалы азайту амалы деп аталады.

Мысалы, 9-4=5.

Азайтылатын сан азайғыш деп, ал азайтатын сан азайтқыш деп аталады. Азайтудың нәтижесі айырма деп аталады.

9-4=5 деп жазғандағы 9 саны — азайғыш, 4 — азайтқыш, 5 — айырма.

Натурал сандарға қолданылатын амалдарда азайғыш азайтқыштан кем бола          алмайды.

         Екі санның айырмасы бірінші санның екінші саннан қанша артық екенін, басқаша айтқанда, екінші сан бірінші саннан қанша кем екенін көрсетеді.

Сандарды азайтуды координаталық сәуледе кескіндеп көрсетуге болады.

 

1-топқа

  1. Саннан қосындыны азайту қасиеті: саннан қосындыны азайту үшін осы қосындыдан әуелі бірінші қосылғышты азайтып, сонан кейін мұннан шыққан айырмадан екі қосылғышты азайтуға болады.

 

 

 

2-топқа

  1. Санды қосындыдан азайту қасиеті: Қосындыдан санды азайту үшін оны бір қосылғыштан азайтып, онан шыққан айырмаға екінші қосылғышты қосуға болады. Азайтқыш сан өзі азайтылатын қосылғыштан кем немесе оған тең болуға тиіс.

Мысалы,( 6+3)-2=7

  1. Егер саннан нөлді шегерсе, онда сан өзгермейді.
  2. Егер саннан сол санның өзін шегерсе, онда нөл шығады.
  3. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру. Тақтада тұрған сұрақтарға жауап беру.

— Қандай амал азайту амалы деп аталады?

— Бір санның екінші саннан қанша көп екенін қалай білуге болады?

— Азайту амалының осы қасиеттерін координаталық сәулені пайдаланып қалай есептейміз?

        5.Сабақты бекіту.           


Тақтада шығарылатын есептер:

1-топқа   № 70, №71,

2-топқа   №72, №73 есептер.

Сабақты қорытындылау, рефлекция, бағалау.

 

  1. Үйге тапсырма: № 78, №79, №80 есептерді шығару.

 

 

 

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *