Басы » Tәрбие сағаттары » Жырым саған арналады, Елбасы

Жырым саған арналады, Елбасы

елбасыАлматы облысы
Кербұлақ ауданы
Сарыөзек орта мектебі МДШО

Дайындаған 6  сынып жетекшісі А. Кокенова
Тақырыбы: «Жырым саған арналады, Елбасы»
Мақсаты :
1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, Елбасымыздың қанатты сөздері.
Түрі: Кездесу кеші
Өту орны: Акт залы
Мұғалімнің сөзі: Армысыздар! Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған 6 «ә» кадет сыныбының «Жырым саған арналады, Елбасы» атты кешіне қоз келдіңіздер!
Біз ұзына бойы тарихы¬мыз¬да Ұлы далада небір қиындық¬тарды басымыз¬дан кешірген, сұрапыл соғыстарды, жойқын жор¬туылдарды өткерген; сан рет қирап, сан рет бой түзеген; “та¬рих¬тың тағдырлы көші” дей¬тін ұзақ жолда жақсыны да, жаманды да көрген; салтанатты да өмір сүрген, хандары алтын сарайларда да тұрған, алтын тақта да отырған, іргелес елдермен бейбіт өмір сүре де білген елміз. Талай қиын-қыстау заманды өткере отырып, ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке де жеттік.
1990 жылы егеменді ел болып жарияланған соң, қазақ елін алға сүйрейтін, жан-жақты дамыған елдер қатарына қосып дамытатын тұлға қажет болды. Сондай ұлы тұлғалардың бірі 1989 жылы 22 маусымда Қазақстанның бірінші хатшы лауазымына сайланған, қазіргі таңда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болатын. 1991 жылы 1 желтоқсан күні Қазақстан тарихында ел Президентің сайлау науқаны өтіп, нәтижесінде Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жетіп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті деп жарияланғаны бәрімізге мәлім.
Салихалы саясатының арқасында елімізді көптеген жетістіктерге жеткізіп, халық қолдауына ие болды. Осыған орай Қазақстан Парламентінің сенаты 10 -шы желтоқсан 2011 жылы Қазақстан Республикасының «Мерекелер туралы » Заңға «1 желтоқсанды Қазақстанның тұңғыш президентінің күні етіп бекіту» жөнінде түзетулер енгізді. Міне осы атаулы датаның тойланғанына 4 — ші жыл болды.

1-жүрг: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан — Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2-жүрг:Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңізқұттыболсынкөпшілік
Елбасыныңқұрметінежиылған
1-жүрг: Бүгін 1-ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 4 — ші жыл тойланып отыр. Осы кешімізді мәнді әрі есте қалатындай өткізу мақсатында қонақтар шақырылып отыр.
2-жүрг: Қонағымыздың бірі, Елбасымен кездесіп, жұздесіп келген ауданымыздың сыйлы азаматшасы. «Балдаурен» балабақшасының директоры Ақбасова Ғалия Ниязқызы! /қошемет көрсету/
2-жүрг: педагогикалық жолында ерең еңбек еткен, мектебімізді биіктен көрсете білген, мектебіміздің директоры Қыстаубаева Камшат Болатқанқызы! /қошемет көрсету/
1-жүрг: Бұл кісі де, педагогикалық саласында, әсіресе патриоттық тәрбие беру жолында аянбай қызмет етіп жүрген, мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, «жас кадет» сыныбының жетекшісі Сартаев Бейсбай Әбдіханұлы. /қошемет көрсету/
1-жүрг: Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік
/»Жас ақындар» сахынаға шыға береді, «Үш қоңыр өлеңінің минусы ақырын ойнап тұрады»/
2-жүрг: Сахынынамыздың төрінде «Жас ақындар тобы»
Әділ:
Тәуелсіздік – рухыкүштіғажапкүн
Арттақалдыбоданболғаназапкүн
Елім, жерімқазағымдептебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Қазақеліжелбірепкөкбайрағың
Гүлгеорандыауылың мен аймағың
Нұрсұлтаныңбиіктергебастады
Олкөрсеткеннұрлыжолдантаймағын
Гүләйім:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады — ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен — кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Нұркелді:
Өзқолындақазағымныңдаласы,
Елбірлігі – ұлымақсатсарасы.
БұлНұрекең –
Әбішұлыболғанмен
Қашаннанол – бар қазақтыңбаласы.
Азаптың да бәрінкөрдіктозақтың,
Бүгін, мінетәуелсізбін, азатпын!
БұлНұрекең –
Әбішұлыболғанмен,
ЖұртқалағанПрезидентіқазақтың!

Нұрлан:
Серпігендебодандықтыңтұманын,
Жеттіәлемгеұраным мен жыр-әнім.
Өзіңболдыңкөшбасшысыелімнің,
Өзіңболдыңбиікұшқанқыраным.
Ел тірегі- қайратым,
Абыройым, айбатым!
Отандаңқынасырдың,
Көктуымдыжайнатып.
Бағымызғажүраман,
Нұрсәулетті, Нұраға!
Данагүл:
Өмірдіңсудайағыпөзегімен,
КеледіПрезиденттеркезегімен.
Елбасы – Назарбаев егізұғым,
Жасайдымәңгібіргеөзелімен!
Қазақстанелімнің
КөшбасшысыНұр – атам,
Балаларға, үлкенге,
Қамқорболған – бұлатам.
Нұрсұлтандайпатшасын
Мақтантұтар ел, Отан.
Оспан:
Бас ием бұл далаға байтағым деп,
Басыңнан өткен мұңды айтамын көп.
Арманы Абылайдың орындалды-ау,
Феникс құс сияқты қайта түлеп.
Бағзыда көкке ұлыған көкбөрі едім,
Жүректі қарсы айырып шеккен шерім.
Аспанға шашу шашып жатырмысың,
Өз қолы өз аузына жеткен елім.
Ақ найза қолда ойнаған толғамалы,
Ақ сауыт, ақ берендер жолда қалды…
Мұндай күн – қарқаләзи, іргем бүтін,
Болған жоқ қазақ қазақ болғалы әлі.
Аружан:
Пырақтай мәресіне жетер дара,
Қазақты шың басына көтерді аға…
Ұққанға: “–Мен Абылай емеспін…” – деп,
Айтқан жоқ Елбасымыз бекер ғана.
Алысты мойындатқан іспен ірі,
Біледі дос-дұшпаның іштен мұны.
Анасы аян берген ақ мылтықтай,
Алланың Алты Алашқа түскен нұры.
Әз баба, аруақтар көкте тұрып,
Ел бастар Ер ұлынан еткен үміт.
Жоталы қызыл ала жолбарыстай,
Кешегі Қарасайдан жеткен Рух!
Айжамал:
Ел билеу – екі дүние ғарасаты,
Алтыннан мүсін қойса жарасады.
Уыздай ұйып тұрған мынау қоғам –
Нұрсұлтан, Нұрағамның – парасаты.
Ақ найза қолда ойнаған толғамалы,
Ақ сауыт, ақ берендер жолда қалды.
Мұндай күн бұрын-соңды тауарихта,
Болған жоқ, қазақ-қазақ болғалы әлі.
…Оң ісің ниет еткен оңғарылсын,
Жан пида намысыңды қорғау үшін.
Жанары ор киіктей ойқастаған,
Азуы – алты қарыс жолбарысым!
2-жүрг: Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде
1-жүрг: Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында » Жылдар сөйлейді» атты сыныбымыздың «Шығармашылық» тобы дайындаған презентацияға назар аударыңыздар!
Жаслан:
слайд №1
Сүйінші хабар! Елбасымыздың балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Елбасымыздың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
Айназ:
Слайд №2
«Мен қойшылардың ұлымын ….» Елбасының жасөспірім шағы
Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кітаптарының бірінде былай деп жазды: «Кейінгі кезде өзінің «пролетарлық» тегімен көкірек қағу басқа бір нәрсенің салқынымен алмасты: қайткенде де өз тегінен «ақсүйектік» қасиет іздеп табу етек алды. Ондай біздің тұқымда болған емес. Мен – қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін. Менің ата-бабаларымның бәрі де Алатау баурайында өмір сүрген». Халқының қаны бір перзенті ретінде ол бұл сезімнен ешқашан арылған емес, қайта жыл өткен сайын еселей түсті. Қаскелеңдегі Нұрсұлтан бітірген орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Сейітхан Исаев жас ұланның білімге құштарлығын және ақылдылығы мен алғырлығын бірден байқайды. «Ол ең үлгілі оқушы болды. Сабақты ұйып тыңдайды, оқу бағдарламасынан тыс сұрақтар да қояды. Мұғалімнің әр сөзіне мән береді. Кітаптан бас көтермейтін, үнемі оқып отыратын». Нұрсұлтанның балалық және жастық шағы ұзаққа созылған жоқ. Мектепті бітіріп, 18-ге таяған Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті. Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды
Ол болашақ металлург ретінде Украинаға, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді. Нұрсұлтан шыныққан шымыр жастардан іріктелген домнашылар тобына қосылды. Сөйтіп, ол училище бітіргенде металлургтің қиын да күрделі мамандығын игеріп жас Назарбаев оқу бітіретін кездегі біліктілік емтихандарынан үздік баға алып, «домна пешінің сегізінші разрядты екінші горновойы» куәлігін иеленді.

Ақжан:
Слайд №3
«Жалыңды» кезең Елбасының жастық шағы
1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты. Ол «Қарметте» басқа да тектес мамандықтарды игеріп, құю машинасының шойыншысы, домна пешінің горновойы, домна цехының дипетчері, газшысы болып жұмыс істеді. Кейін ол партияға өткеннен кейін цех парторгы болып сайланды. Н.Ә.Назарбаев Қарағанды политехникалық институтында 3 жыл оқып, одан соң Теміртауда Қарағанды металлургия зауыты жанынан қайта құрылған зауыт-втузға ауыстырылды, оны инженер-металлург дипломымен бітіріп шықты. Ол 1969 жылдан бастап туған қаласындай болып кеткен Теміртауда өзіне ұсынылған партиялық, комсомолдық жұмысқа ауысуға келісім береді.

Диана:
Слайд №4
Кемел кезеңдер
1972 жылы өзіне етене жақын Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы лауазымына тағайындалды. 30 мың адам жұмыс істейтін Қазақстан ауқымындағы аса ірі кәсіпорында комбинат директорынан кейінгі екінші тұлғаға айналды 1977 жыл л Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, одан соң екінші хатшысы болды. Нұрсұлтан Назарбаев 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылы 44 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. 1989 жылғы 22 маусымда Қазақстан Компартиясының Орталық атқару комитетінің бірінші хатшы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. Оған пленумға қатысқан 158 адамның 154-і жақтап дауыс берді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымын белгіледі. Нұрсұлтан Назарбаев республиканың Жоғарғы Кеңесі сессиясында Қазақстан тарихындағы тұңғыш президент болып сайланды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда республика президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, оның барысында Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауына ие болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заң қабылдады және Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімін өткізді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.
Нұрлан:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.
«Елбасы біреу халқы оған тіреу» демекші 2015 жылы 26 сәуірде болған бүкілхалықтық президент сайлауына Қазақстан халқының ассамблеясының өтініші және де халық таңдауымен Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың сайлауға қатысуына өз кандидатурасын ұсынсын деген ұсыныс берді. нәтижесінде Елбасымыз 97,5 пайыз дауысқа ие болып тағы да, халық сайлауымен бесінші рет Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
2-жүргізуші:
Елбасымыз айтқандай «Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» ол Тәуелсіз Қазақстан!
2-жүрг: Құрметті кешке қатысушылар, көрермендер, ендігі сөз кезегін қадірменді қонағымызға, Ғалия Ниязқызына берейік. Оқушылардың немесе сізге арналған сұрақтары бар екен.
/қонақ сөз сөйлейді, оқушылармен сұқбат жүргізеді/
2-жүрг: Құрметті Ғалия Ниязқызы келіп көңіл бөлгеніңізге алғысымызды білдіріре отырып, деніңізге саулық, басыңызға амандық тілейміз! Біздің сыныбымыздың атынан шағын естелік сыйлығымызды қабыл алыңыз!
/сыйлық беріледі/
Бүгінгі Астананың нұры қандай!
Көгінде желбіреген Туы қандай!
Еуропаның төрінде билік айттық,
Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.
Алдарыңызда Қадырханов Бауыржан «Көк тудың желбірегені»
«Өнерпаздар» тобы : «Достық биі»
1-жүрг:
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!
2-жүрг: Құрметті бүгінгі кещтің күәгерлері, биылғы жыл мейрелі жыл, атап айтсақ Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Республмкасының Конституциясына 20 жыл, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Отан Соғысының Жеңісіне 70 жыл толып отыр. Мерейің үстем болсын қазақ елім!
1-жүрг:
Төле би атамыздың сөзімен бүгінгі «Жырым саған арналады, Елбасы» атты кешмізді аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
2-жүргізуші
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
1-жүргізуші:
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!і[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *