Бастауыш сынып мұғалімі
Арал ауданы Шижаға ауылы
№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебі
Тойбахова Жадыра
Сабақтың тақырыбы: Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту.
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Оқушыларға разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту тәсілдерін меңгерту.Көбейтудің қасиеттеріне негізделген ауызша көбейту тәсілдерімен таныстыру.
дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілеттерін,
зейіндерін,логикалық ойын дамыту,ауызша есептеуге
дағдыландыру,пәнге қызығушылығын арттыру. тәрбиелік: Оқушылардың тиянақтылыққа, ұқыптылыққа,
ұйымшылдыққа баулу, Отанға,туған жерін сүйетін партриот ұрпақ тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі : сұрақ-жауап,ассоциация,жұптық,топтық,ойын,баяндау
Көрнекілігі: слаидтар,кесте жазылған плакат,суреттер
Сабақтың барысы,
1.Ұйымдастыру кезеңі. Мақсатымыз-еңбектену,
Міндетіміз-жақсы оқу,
5-ке қолды жеткізу!
2.Үй тапсырмасын сұрап,бағалау.
Қойылды – 12 т Шешуі: 12*7=84
Бұл – 7-ден 1 бөлігі Жауабы: 84 түрі бар
Барлығы — ?
3. Өткенді еске түсіру: Мысалдарды шығару арқылы ,сауысқанның жасырған заттарын табу.
35:5+3= 9*9= 36:6+30= 8*8= 36:4= 90:9*8=
Слаидтар арқылы Ақ Азияда Олимпиадасы туралы мәлеметтер беру
Қазақстан VІІ Азияда Олимпиадасына 65 жұп медальді спорттың 11 түрі бойынша сарапқа салмақ.Осы дүбірлі додаға түсетін спортшыларымызға тек сәттілік тілейік.
65,35 сандарын разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
VІІ Азияда Олимпиадасындағы ойын түрлеріне ассоциациясын құру.
4. Жаңа сабақта есептер шығару. Балалар бізде Қазақстандық спортшыларымен бірге
жарыстарға қатысып,оларды қолдайтынымызды көрсетейік.Ол үшін бүгінгі сабақта есептерді дұрыс әрі шапшаң шығаруларың керек.
1 аялдама. Шаңғымен бағдарлау ойыны.Бұл ойынға 12 спортшы қатысып,8 медальдар жиынтығын сарапқа салады. Кестені толтыру арқылы өз қолдауымызды білдірейік:
Плакаттағы кестені толтырады. Қандай өрнек берілген?Қалай шығарамыз?
а 12 24 33 42 15
а*3-15 21 57 84 71 30
2 аялдама Бенди-допты хоккейде Алексей Никишев бапкерлік жасап 18 спортшыны бәйгеге қосты.Батыс Қазақстандық спортшыларға жанкүйер болып,қолдағыларың келсе,математикалық диктантты қатесіз жазуға тырысыңдар.
Өрнек құрып ,оның мәнін тап:
Оқушылар жауабын ауызша оқыту.
а) 6 және 3 сандарының қосындысын 4 есе арттыр;
б)23 және 4 сандарының көбейтіндісіне 8-ді қос;
в)39 және 2 сандарының көбейтіндісінен 70-ті азайт;
г) 100-ден 9 және 10 сандарының көбейтіндісін азайт;
3 аялдама:Шайбалы хоккейде Александр Мальцев пен Андрей Шаянов әйелдер мен ерлер командасын құра білді: Ал біз сыныпта сыныпта «Математикалық хоккей» ойынын ойнайық. 3 топ арасында өтетін сайыс 2 кезеңнен тұрады
1-кезең №4 есеп есепте:
3м 1дм *10 23 сағ *2 10дм 2см *4
12 ц * 2 1 дм 5см *3 14 кг * 5
2-кезең. Теңдеулер құрып, сұрақтарға жауап бер.№5 есеп
4аялдама 7-ші қысқы Азияда Олимпиадасын өткізу арқылы Қазақстанның абыройы асқақтап,салт-дәстүрін көрсете білсе нұр үстіне нұр болар еді.Биатлон ойынына Александр Ткачук баптаған 12 үміткер бақ сынайды.Осы ойынға керек дәлдік пен уақыт мөлщерін бізде ескергеніміз жөн.
Әр топ есептер шығарады
Сергіту сәті : «Тартайық, біраз қобыз»
5 аялдама Мәнерлеп сырғанаушыларды Құралай Ұзұрова баптап 8-спортшыны дүбірлі додаға қосты. « Кім жылдам?» ойыны арқылы қалдықпен бөлуді тексеру.
6 аялдама Конькимен жүгіру ойынынан Вадим Саютин 18-спотшыға сенім артуда.Ал біз өз конькиімізді ұтып алайық .Ол үшін мен қойған сұраққа жауап беріп,есепті тақтаға орындаймыз.
— Периметр дегеніміз не?
— Қандай әріппен белгілейміз?
— Ауданды қалай табамыз?
— Өлшем бірлігін ата.
Граф арқылы орындалатын жаттығудағы шаңғы жарысына қатысқан балалардың ретін анықтау,ауызша талқыланады
Жауабы : .Олег,Женя,Рүстем,Әсет.
« Математикалық эстафета»
көбейтуді орында:
9*31 8*32 5*35 7*33
9*41 9*42 5*45 7*43
Сабақты қорытындылау.
— Біз не үйрендік?
— Не үйренгіміз келеді?
Оқушылар білімін бағалау,мадақтау.
Үйге тапсырма №9 Амалдарды орындау