№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебі
Арал ауданы Шижаға ауылы
Қанатбаева Бағжан
Сабақтың тақырыбы: Үлгі бойынша құмырсқаны мүсіндеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қарапайым бұйымдарды жасату арқылы оқушылардың көркемдік талғамын кеңейту
Дамытушылық : алғашқы еңбек дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың жұмысына басшылық ете отырып, пайдалы да тартымды бұйымдар жасауға ынтасын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке баулу, өз бетінше жұмыс жасауға дағдылану.
Сабаққа қажет жабдықтар: ермексаз, сіріңке талдары, моншақтар
Сабақтың түр: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру , сұрақ- жауап, талдау, жинақтау
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру
Пәнаралық байланысы: Дүниетану, математика, бейнелеу
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә)оқушыларды түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Бұғының бұзауы мен қошақанды мүсіндеу
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Ой қозғау сәті
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Ауа- райында өзгерістер бар ма?
— Жаз мезгіліндегі шыбын- шіркейлер, түрлі жәндіктер неге көрінбейді?
— Балалар, өздерің білетін жәндіктерді атап көрейікші!
— Ал, енді құмырысқаны бәріміз білеміз ғой, иә. Қандай құмырсқаның түрін білеміз, айта қойыңдар.
— Олар үнемі қозғалыста болады, тіршілігін бақылап көрдіңдер ме?
— Құмырсқаның «үйін» не деп айтамыз?
- Балалар, қазір мен сіздерге құмырсқа туралы қызық ертегі айтып беремін.
«Құмырсқа» ертегісін мәнерлеп оқып,
сұрақ- жауап арқылы мазмұнын пысықтаймын
1.Құмырсқаның достарын атаңдаршы?
2.Достары құмырсқаны қалай ренжітті?
3.Қиын жағдайда қалған құмырсқаға нелер көмектесті?
4.Қарт құмырсқа қандай нақыл сөз айтты?(«Илеулестері»деген сөздің мағынасын оқушыларға ашып түсіндіремін)
ІІІ.Балалардың сабаққа әзірлігін тексеріп шығамын
Ермексазбен жұмыс істеу ережесін еске түсіру.
ІҮ.Үлгі бойынша құмырсқаны мүсіндеу
Суретпен жұмыс:алдымен құмырсқаның тұрқы мен дене пішініне назар аударамыз.(қай жері жіңішке,басы қандай,аяқтары нешеу?…)
Жұмыс жоспары:
1.Бір-бірінен үлкен үш қоңыр домалақ жасаймыз.(себебі құмырсқаның түсі қоңыр немесе қара)
Үлкенін бір жақ шетінен сүйірлейміз.
2.Үш домалақты сіріңке шырпысының бойына тіземіз.Бұл құмырсқаның басы мен денесі болады.
3.Көзін кішкене қара домалақтан немесе моншақтармен жасаймыз.
4.Жіңішке үш қоңыр кесінді ширатып аламыз.
5.Кесіндінің екі ұшын саусақпен қысып жалпақтаймыз.Бұл құмырсқаның табаны болдады.
6.Үш кесіндіні оның денесіне жапсырамыз.
7.Табандарын сыртқа қарай аздап иеміз. Нәтижесінде аумаған құмырсқа болып шықты!
Ү.Жұмыс барысында да,соңына таман да мына сұрақтар қойылады.
1.Құмырсқаны мүсіндеуге неше бөлік керек?
2.Мұртын неден жасаймыз?
3.Құмырсқаның қандай пайдасы бар?
Бірігіп жұмбақ шешейік.
1.Қылдай белі бүгілген,
Өзінен де жүгі үлкен.
Алға қарай,артқа қарай жүреді,
Еңбек сүйгіш,оны бәрі біледі. (құмырсқа)
2.Ұшқанда өлең айтады,
Қонғанда жер қазады.
Мұны да ойлап көріңіз
Шешуін кім табады? ( Қоңыз)
3.Гүлден гүлге қонады
,Гүлден шырын алады . (ара)
Мақал-мәтелдер жаттайық
1.Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ
2.Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
3.Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
ҮІ.Қорытынды.
Еңбек
Жерді көркем ететін еңбек екен,
Шын көркемдік ойласаң,еңбекте екен.
Жер мен көкті жайлатқан еңбек күші,
Не бар сонда еңбектен жеңілмеген!?
ҮІІ.Бағалау
[bws_related_posts]