Көрші атам

№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебі

Арал ауданы Шижаға ауылы

Қанатбаева Бағжан

Сабақтың тақырыбы:  Көрші атам

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушының  жуан және жіңішке  жұп дауыстылар жайындағы білімдерін кеңейту, өлеңді жүргізіп оқу машығын арттыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыға эстетикалық тәрбие беру, үлкендермен амандасуға, бір — бірімен сәлемдесуге,  бір-біріне  ізет,  сый-құрмет көрсете білуге баулу.

Дамытушылығы:  Оқушының сөздік қорын молайту, есте сақтауын, таза жазу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, оқулық,

сюжетті сурет

Сабақтың әдістері: баяндау, түсіндіру.

Сабақтың барысы:    І. Ұйымдастыру кезеңі

                                            Сабағымыз сәтті өтсін,

                                            Алар баға «бес» болсын.

ІІ.  Ой қозғау.  Үй тапсырмасын сұрау.

«Нағашы ата » туралы

жазған әңгімесін оқыту.

ІІІ.  Жаңа сабақ    Көрші  атам

55- жаттығу.    1. Сөздерді салыстырып оқыңдар.

  1. Жұптастырып берілген сөздердегі ұ, ү дауысты дыбыстарының

өзара  ұқсас   дыбысталуын байқаңдар.

  1. Сөздердегі жуан және жіңішке етіп тұрған дыбыстарды атаңдар.

56- жаттығу.     1. Өлеңді  оқып,  көшіріп  жазыңдар.

Жаңбыр  жауар  себелеп,

Жолға  шығар  ебелек.

Гүлге  қонар  көбелек,

Атқа  қонар  бөгелек.           Өтебай Тұрманжанов

  1. Көбелек, ебелек сөздерінің жазылуын біліп алыңдар

       Көрші  атам

Күнде  үйінің қасынан 

Көрші атамды көремін.

Жүгіріп кеп асыға,

Оған сәлем беремін.

Қолымды ол күліп кеп,

Иіліп тұрып алады.

-Міне, нағыз жігіт!-деп,

Сүйсініп бір қалады.                Мүбарак Жаманбалинов                                                            

Сурет  бойынша  жұмыс . «Сәлем – сөздің анасы»

Суреттен кімдерді көріп тұрсың?

-Олар не істеп жатыр?

— Олар қайда жүр?

Сәлем бере білейік

  • Ассалаумағалайкүм!
  • “Алланың нұры жаусын!”
  • Уағалайкүмассалам!

     – “Өзіңізге де  соны тілеймін!”

Қосымша сұрақтар:

Сәлемдесуге  байланысты  тағы  қандай сөздерді білесің ?

 

 

Бағалау, мадақтау.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *