Егіндікөл ауданы
№1 Егіндікөл орта мектебінің
Озат педагогикалық іс тәжірибе алмасу материалдары
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда сыни тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану
Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Абишева Ж.Б.
Өзгеріс не үшін керек?
Неліктен мен және менің мектебім өзгеруі керек? Неліктен әлем елдерінде білім беру жүйесінде өзгерістер болып жатыр.Қазіргі уақытта әлемдегі білім беру жүйесіндегі реформа жүргізетіндігі, оның негізінде өзгеріс мектептегі озық оқыту технологияларының басымдығын көрсетеді. Әлем жылдам өзгеруде. Әлем елдері білім беру жүйесінде реформалар жүргізіп жатыр. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткрлер үшін де, басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «XXI ғасырда нені оқыту керек?» және XXI ғасырға қалай дайындайды? (Мұғалімге арналған нұсқаулық (5 бет). Шетелдік мектептерде озық оқыту мен оқу әдіс – тәсілдері жақсы дамыған. Шетелдің мектептеріндегі білім беру жүйесінде түрлі әдістерді пайдалану негізінде нәтижелі білім беріледі. Бүгінгі таңда әлемде қарқынды өзгерістер болып жатыр, соның негізінде әлемде білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін айта кеткенді жөн көрдім. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі-оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 6 бет). Жаңа ғасырға аяқ басып, технологияларды меңгеру үшін адамзат баласы бар мақсат – мұратын білім саласына арнаған. Әлем елдеріндегі білім жүйесінде бірнеше өзгешеліктер болып жатыр. Осы мақсатта неліктен әлем елдері білім беру жүйесінде реформалар жүргізіп жатыр? — деген сұрақ төңірегінде шетелдегі озық оқыту мен оқу әдіс – тәсілдерін сипаттау мақсатында екі елдегі – Америка мен Жапония елдеріндегі білім жүйесіндегі өзгерістерді ерекше атап көрсете отырып, неліктен бұл елдердегі білім жүйесі озық деп саналады, әдіс – тәсілдерді осы мемлекеттердің мектептерінде не үшін қолданады және одан қандай нәтиже алады? Сол алынған нәтижелер жағымды ма, пайдасы бар ма?
— Америка мектептеріндегі білім беру жүйесі басқа елдерге қарағанда өзгеше дамыған. Америкада арнайы білім стандарты жоқ. Онда әрбір штат өздеріне тиесілі аудан бойынша орта білім беру буындарындағы білім жүйесінің бағдарламасының орындалуын өздері бақылап, қадағалап отырады. Бұл олардың білім жүйесіндегі оқу бағдарламасының орындалуы және оқудағы жетістіктері олардың тұратын мекен – жайының қадағалауына байланысты. Американың білім беру жүйесі өте бай тарихты иеленеді. Мектепке дейінгі бөлімдерде балалар 3 – 5 жастан бастап тәрбиеленіп, оқытылады. Бастауыш сыныптарда 6 – 13 жастағы балалар оқытылады. Орта буындарда 14 – 17 жастағы балалар оқытылады. Жоғарғы сыныптарда одан ары жастағы оқушылар оқытылады. Олар мектеп қабырғасынан жоғары білім алып шығады. Басқа мектепке қарағанда демократия жағы басым. Негізі білім беру жүйесі балабақшадан басталады. Америкада мектеп екі буынға бөлінеді: бастауыш және орта буын. Жыл сайын оқушылар сынақ тапсырады. Апта сайын мұғалімдердің де білім деңгейлері тексеріліп отырылады. Америка мектептерінің оқу бітіретін түлектері сынаққа түрліше дайындалады. Білімдері деңгей бойынша бағаланып, үш топқа бөлінеді:
1. Академиялық (жоғары оқуға түсетіндей нақты білім беріледі).
2. Профессияналдық (оқушыларды тәжірибелік қызметке дайындайды).
3. Көпсалалы ( Әр – түрлі профильдік бағыттарға бөлінеді).
Америкада бастауыш сыныпта бір ғана мұғалім сабақ береді. Орта буында пән бес негізгі пән бойынша білім беріледі. Пән мұғалімдері сабақ береді. Жоғары буында оқушылар оқылатын пәнді өздері таңдайды. Бұл олардың болашақта мамандық таңдауына бірден – бір себеп. Оқу процесінде инновациялы модельдер еңгізілген. Оқушылар сабақтарын оқу залдарында, кітапханаларда жасайды. Оқу технологиялары әсіресе Америкада басым дамыған. Осы елдегі білім жүйесіндегі өзгерістерді оқи отырып, Америкада балалар ерте жастан тәрбиелетіндігі. Білімдері деңгей бойынша бағалатындығы. Апта сайын мұғалімдердің білім деңгейлерінің тексерілуін түсіндім. Оқушылаға білім кішкене жастан беріледі. Білім деңгейіне көп көңіл бөлінген. Оқушылар өздігінен білім алуға дағдыланған.
— Жапонияда білім беру жүйесі 12 жылдыққа бағытталған. Жапонияда бір сыныпта оқушылар 45 балаға дейін оқытылады. Сабақ 1 сәуірде басталып,келесі жылдың 1 наурызында аяқталады. Оқу жылы 3 тоқсанға бөлінген. Жапонияда Lesson Study тәсілі басым дамыған. Lesson Study зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Бұл тәсіл 1870 жылдары тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Lesson Study тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап таныла бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. Йошида бұл жетістік Lesson Study – дің жапон мектептерінде кеңінен қолдануынан болып отыр дегенді алға тартады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Lesson Study мұғалімдеріндің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді еңгізіліп жатыр. Рефлексия Lesson Study-дің құрамдас бөлшектерінің бірі болып табылады. Lesson Study сабақты зерттеу және сабақты зерделеу үдерісі болып табылады. Қазір бұл тәсіл бізде де кеңінен өріс алып келеді. Lesson Study тәсілі арқылы оқушылардың сабақтағы даму үдерісі бақыланады. Бұл – өте тиімді тәсіл. (Ман 49-50 бет). Оның негізінде 12 жылдық білім аясында құжат алу үшін 80 проценттік балл алу керек. Оқу орындары күндізгі, кешкі және сырттай болып бөлінген. Мектеп бағдарламасында негізгі үш пән толық кіріктіріліген. (ағылшын тілі, математика, шет тілі, әдебиет). Бастауыш сынып оқушылары негізгі бағдарлама бойынша берілген барлық пәнді толық оқуға қамтылған, онымен қоса технология, денешынықтыру, музыка сияқты пәндерді қосымша оқиды. Бастауыш сыныпта оқитын оқушылар мектептен соң қосымша сабақтарға қатысады. Орта буында негізгі бағдарламадағы пәннен басқа таңдау пәндерін оқыталады. Оған қоса денешынықтыру, еңбек, әдебиет, музыка пәндері жүргізіледі. Бастауыш сыныптан орта буынға ауысу үшін оқушылар емтихан немесе сынақ тапсырады. Жоғары сынып оқушылары оқу жылының соңында орта білім туралы аттестат алу үшін емтихан немесе сынақ тапсырады. Сынақтан алған бағалары балдық жүйемен белгіленеді. Үйге тапсырмаларды көп береді, дайындық барысында 5 – 6 сағат отырады. Ата – аналар да мектеппен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Балаларының бос уақытын тиімді пайдаланады. Үй тапсырмаларын орындау барысында көмек көрсете біледі. Ата – аналардың өзі де мұғалімнен кем сабақ бермейді. Балалары сабаққа келмей ауырып қалған жағдайда, мектепке келіп әрбір оқытылатын пән бойынша түсініктеме береді. Үйде балаларының жай жатпай тапсырманы орындауына бағыт береді, көмек жасайды. Бір сөзбен айтқанда сабақтан қалыс қалмауына жағдай жасайды. Жапония халқы тығыз тұрады. Олардың бір үйде еркін отырып, теледидар қарауға да уақыттары болмайды, бір – біріне кедергі келтіреді. Жапонияда мектептер бірігіп жұмыс жасайды. Сол арқылы оқушылардың білім деңгейлері көтерілген. Бұл жерде байқағаным Жапонияда оқу процесі жоғары деңгейде саналып отыр. Ата – аналар да балаларының білім алу жолында қызығушылық танытып, оқушылардың сабаққа дайындалуына көмек жасайды. 12 жылдық оқу ба,ғдарламасы бойынша оқытады. LS тәсілі арқылы жүргізеді. Оқуға көп көңіл бөлінеді. Екі елде де оқу процесі өте жоғары деңгейде дамыған. Екі елдің оқу процесі жоғары деңгейде саналуы. Уақыттың көбі білім алуға жұмсалатындығы. 12 жылдық оқу бағдарламасы бойынша оқытылуы. Дарынды балалардың көптігімен ерекшеленеді. Бұл реформалар қаншалықты өзекті және жалпы алғанда Қазақстанда қолданыла ала ма?- Қазақстан мектептері алдында қандай білім талаптары мен міндеттері тұр және шетел мектептері үшін тиімді болған әдістер бұл талап-міндеттерді шешуге көмектеседі ме, жағымды нәтиже береді ме? Осы екі елдегі оқу – процестеріндегі айырмашылықтар мен ұқсастықтарды салыстыра отырып, Қазақстанда да қазір білім сапасы бірінші кезекте тұрғанын айта кету керек.
Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанда да білім жүйесінде елеулі өзгерістер еңгізіліп жатыр. Еліміз жылдан – жылға дамып келеді. Қандай да болмасын жұмыстың басы сапалы білім мен саналы тәрбиенің арқасында шешіледі. Білім қаншалықты өзекті мәселе екенін қазір бізде білеміз. Қазақстанда мектептер алдына мықты талаптар мен міндеттер қойып отыр. Шетелдің мектептері үшін тиімді болған әдіс – тәсілдерден біз өзімізге оң өзгерістерді кіргізіп жатырмыз. Н.Ә Назарбаев: білім сапасының артуы жолында жастардың шет елдерге барып білім алуына да жағдай жасады. Болашақ бағдарламасы бойынша да жастарды оқу – білімге тартылуына жол ашты. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2015 жылға қарай білім жүйесінде 12 жылдық оқу бағдарламасы бойынша оқытылуды түбегейлі еңгізбекші. Оқушыларға сын тұрғысынан оқу мен ойлаудың 7 модулі ықпалдастырылған сабақтар өткізілуде. Қазіргі заманда Назарбаев зияткерлік мектептері мен озық университеттердің үлгісін қолдану барысында оқу жүйесіне оң өзгерістер еңгізілуде. Білім саласына жаңа стандарттар еңгізілген. Жыл санап өзгерістер еңгізіліп келеді. Басқа елдермен тереземіз теңесіп, біздер де Қазақстанда білімді жастардың жыл санап өсіп келе жатқанына көзіміз анық жеткендей. Бала тәрбиелейтін – ұстаз. Ұстаздардың өзі жыл санап білімдерін шындаудан жалыққан емес. Заман ағымы алға жетелейді. Заман талабына сай мұғалімдер де өзгеруде. Оқыту мен оқудағы өзгерістерді не үшін өзгертуіміз керек? Осының негізінде Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының ашылуы болашаққа жол ашқандай. Осы себептен Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген бағдарламалар нақты және күрделі жағдайларды қалай талдау қажеттігін, оқушыларды XXI ғасырда өмір сүруге дайындау үшін мектеп тәжірибесіне қалай өзгеріс еңгізіп, осы шара барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізгенін қалай бағалау қажеттігін терең түсінуді көздейді. ( Мұғалімге арналған нұсқаулық 1 деңгей). Елімізде үш тілде оқытылатын мектептер саны да артып келеді. Бастауыш сыныптан бастап оқушыларымыз ағылшын тілін жетік меңгеріп оқиды. Дайындық сыныбына балалар 5 жастан барады. 6 жастан балалар мектеп қабырғасына 1 сыныпқа қабылданады. Осы жастан бастап оқушылардың қабілетті, дарындылығы байқалып, жұмыстар жүргізіле бастайды. Бастауыш сыныптан бастап оқушылар түрлі интелектуалды жарыстарға қатысады. Орта буыннан бастап оқушылар мектеп бағдарламасына сай пәндермен оқытылады. Бітірген соң сынақ емтихандарын тапсырады. Білім деңгейлерін бақылау мақсатында 9 сынып оқушыларының сырттай білім деңгейлері анықталады. Жоғары сыныпта оқушылар оқу бағдарламасына сай пәндермен оқытылады. Бітірген соң ҰБТ тапсырады. Жоғары сыныпты бітірген соң оқушылар өздерінің қалаған мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орындарына түседі. Мамандық иесі атанады. Бұл реформалардың соншалықты өзекті негізі Қазақстанда да қолданысқа еніп отыр. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Деңгейлі оқуды бітірген оқу тәжірибесіне өзгеріс еңгізудің негізгі тетіктері. Деңгейлі оқу бырысында орта мерзімді жоспарлау арқылы оқыту тәжірибесіне жаңа тәсілдерді еңгізу, мұғалімдердің коучинг үдерісін еңгізуі, мектептің көшбасшылығын дамыту арқылы өзгеріс еңгізудің үш тетігін атап кетпеуге болмайды. Қазақстанда да жыл санап білім саласында осы өзгерістердің жиеленіп жүріп жатқандығы. Неліктен осы өзгерістер менің мектебім үшін қажет? Осы өзгерістер менің мектебімде бар ма? Мектепке келіп тәжірибе барысында байқағаным: мектепте жыл санап деңгейлі оқу бағдарламасын игерген мұғалімдердің санының артуы. Бұл өзгерістердің менің мектебім үшін де қажетті және тиімді жақтары бар . Оқушы қалай оқу керектігін үйренеді, соның негізінде өзін еркін ұстайды, басқалармен ойын бөлісе алады, ынталы, сенімді, сыни көзқараспен дамыған тұлға болып қалыптасады. Осының негізінде мектепте озат оқушылардың санын көбейеді. Өзімнің мектебіме қандай өзгеріс еңгізуім керек? Осы сұрақтың төңірегінде мен көп ойландым, көп толғандым. Әріптестеріммен өзімнің оқып келген деңгейлі оқу бағдарламасымен бөлісе отырып, сындарлы оқыту теориясын еңгізуді бірінші кезекке қойдым. Алған білімімнің негізінде өткізген коучинг сабақтардың арқасында мұғалімдердің қарым – қатынасы өзгерді. Өткізген коучинг сабақтардың арқасында мұғалімдер топта жұмыс жасап, өз ойларымен әріптестерімен бөлісіп, қарым – қатынасқа түсті, сындарлы оқу теориясымен таныса отырып, деңгейлі оқу бағдарламасының келешекке жетелейтін бағыт – бағдары көп екененінен мағлұмат алды. 3 деңгейлі оқу бағдарламасын игерген мұғалімдердің өткізген тізбектелген 4 сабақтардың барысында оқушылардың еркін қалыптасып, топта ашылып сөйлеуіне жол берілді, бір – бірімен ой бөлісті. Оқытудың жаңа тәсілдерімен танысты. Дәстүрлі сабақтарға үйренісіп қалған мұғалімдер мен оқушылардың бойында өзгерістерді туындады. Өткізген сабақтардың арқасында оқушылар топпен жұмыс жасауға қол жеткізеді. Бір – бірімен қарым – қатынасқа түсуге үйренді. Бұл жерде сабаққа қатыспаған оқушы болмайды. Өйткені оқушылар кезекпен сөйлейді. Бірінің ойымен бірі бөлісе отырып, ойларын толықтырады. Көбіне мұғалім бағыт – бағдар береді,оқушы сабақты жетелеуші сұрақтардың арқасында өздігінен түсінеді. Бұл әдіс мұғалімдерді де қызықтырды. Білім сапасы оқушылардың бір – бірімен қарым – қатынасқа түскен кезінде байқалады. Мектепте Leccon Study тәсілін іске асыруға бастама жасауға бағыт – бағдар бере отырып, сыныптан бақылау нәтижесінде алған 3 баланың сабақ соңында өзгеріске ұшырағандығы жұмысымды алға бастырғандай. Әкелген жаңалықтарым әріптестерімді қызықтырды. Деңгейлі оқуға барамыз деп ниет білдірген бірнеше мұғалімдер байқалды. Сабаққа қызыға араласты, ой бөлісті, жаңа оқу жылынан сабақтарын жаңа тәсілмен жоспарлауға бағыт – бағдар алды. Сабақтың әр кезеңінде стратегияларды ұтымды пайдалана білуді үйренді. Мектептің бұрынғы жағдайымен салыстыра отырсам, бірнеше деңгейлі курстан өткен мұғалімдердің арқасында мектеп жұмысы алға басқандай. Алдағы оқу жылында мектебімнің жұмысы біршама көтеріліп, мектепте дарынды оқушылардың саны артып, өздігінен білім алып, еркін сөйлей алатын, өзінің ойымен бөлісе алатын оқушылардың саны артатынына сенім білдіремін. Сенім алға жетелейді. Оқыған теориямның тәжірибе барысында көп көмегі тиді. Мен осы күндердің барына, алған білімімнің тәжірибе барысында көп нәтижелі жұмыстар жүргізуіме себеп болғанына қуанамын. Оқытуды басқару, көшбасшылық мәселесін көру барысында алдағы уақытта көп жұмыстар күтуде. Сабақ барысында АҚТ – ны пайдалана отырып, іс – әрекет зерттеу жұмыстарының өтуі оқушыларды жаңа технологиямен жұмыс жасауының кепілі. Оқушылар бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланды. Оқу нәтижесі оң бағыт әкеледі. Сындарлы оқытудың нәтижесінде мектепте дарынды оқушылар саны артатынына кәміл сенемін. Тәжірибе барысында мен осы оқу бағдарламасының 1 бетпе – бет кезеңін игере отырып, мектеп тәжірибесіне өзгеріс еңгізуді басқару және көшбасшылық ете отырып, әріптестеріме ықпал етіп, озық жаңа – әдіс – тәсілдерді еңгізуге бағыт беремін. Оқудың арқасында біршама болса да өзгеруіне бағыт сілтегендей болдым. Сондықтан мен де өзгеруім керек. Әлем көшінен қалмай оқушыларды жаңа әдіс – тәсілдермен қанықтыру аясында өзгеремін. Өзім өзгеріп қана қоймай басқалардың өзгеруіне бағыт – бағдар беремін. Осы оқуды аяқтасам, мен мектебімнің жұмысының алға басуына себебімді тигізеріме сенемін. Мектептің басым бағыттарын анықтап, алдағы оқу жылында мектептің оқу процесі ілгері басып, мектепте шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың саны артып, оқушылардың бойында дарындылық қасиеттер дамуы жолында көмегімді аямаймын.[bws_related_posts]