Басы » Психология » Көңілді шеңбер

Көңілді шеңбер

Көңілді шеңберАтырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы

«Қызғалдақ»  мектепке дейінгі бөбекжайының психологі

Қарабалина Дина Махметқызы

  • Тренинг тақырыбы: «Көңілді шеңбер»

    Мақсаты:
    Ата-аналардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту, ахуалды жақсарту, әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі,
    бір-біріне жылулық сыйлауын айқындау,ұжымдық жұмысқа қызығушылығын арттыру.

    Түрі: психологиялық дөңгелек үстел.
    Қажетті құралдар: әр топқа күннің суреттері,жылқының суреті,ақ парақ, түрлі-түсті бояулар .

  • Жүрісі:
    І. Кіріспе сөз
    Құрметті дөңгелек үстелге қатысушы ата-аналар! Қазір өткелі отырған «Көңілді шеңбер» атты тренингке қош келдіңіздер!Тренингке көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, қызықты өткізейік. Сол мақсатта қазір біз «Жағымды көңіл-күй қалыптастырайық» жаттығуын орындау үшін шеңбер құрып тұрамыз.
  • ІІ. «Жағымды көңіл-күй қалыптастырайық»
    Қатысушылар 7 топқа бөлініп,жаттығуды орындаймыз.               1) Кезекпен жұдырықты жұмып,ашу.-4рет                                                                            2) Стақан жасау.4рет                                                                                                            3) Саусақты бір-біріне тигізу-4рет.                                                                                   4) Қолды кезекпен ашып,жұму.4рет

    ІІІ. Сіз қандай ата-анасыз? (Ата-аналардың бейнеленген жылқының сырт келбетіне қарап, қатысушылардың қандай ата-ана екенін көруге болады.)
    Қатысушыларға жылқының силуэті бейнеленген сурет беріледі. Сол суреттің сырт келбетін салып аяқтау және жанына қажет фонды салу. Жылқыға жағымды, жайлы жағдай жасау.

  • А)Егер сіз жылқының сырт келбетіне басты назар аударсаңыз (тұяғын,жалын,және құйрығын салсаңыз) онда сіз еңбектене білесіз, бірақ жұмысты бір арнада істемейсіз. Бірақ сіз еңбекқор адамсыз.
  • Ә) Егер сіз жылқының бет әлпетіне басты назарды аударсаңыз (көзін,тұмсығын,аузын,кекілін салсаңыз) онда сіз жұмысқа романтикалық қатынас басым,сізде иллюзиялар мен үміттер толы.
  • Б) Егер сіз жылқының әрбір қылын салсаңыз, ұсақ–түйек нәрсеге көп уақыт жұмсасаңыз,бұл сіздің тер төгуді қажет ететін еңбектерді атқаруды ұнататындығыңызды білдіреді.Барлық нәрсені дер кезінде орындайсыз. Өзіңізге және басқаларға сын көзбен қарайсыз.Сізге кез келген жұмысты сеніп тапсыруға болады, сіз бастаған жұмысыңызды соңына дейін жеткізетін өте еңбекқор адамсыз.
    В) Егер сіз жылқыны шөпке немесе алаңға қойсаңыз, бұл сіздің жақсы жағдай жасалған жерде жұмыс істегіңіз келетіндігіңіздің белгісі, сіз тұйықтарды, шектеу қоятын жұмыстарды ұнатпайсыз. Тәуелсіз болғанды қалайсыз.

  • Г)
    Егер сіз жылқыға жүген салсаңыз немесе қамыт кигізсеңіз, онда сізге қысыммен жұмыс істеген ұнамайды.
  • ІҮ.Музыкалық сергіту жаттығуы. (Бейне ролик арқылы)(Ата-аналар түгел қатыстырылуы керек)
  • Ү.Ата-аналарға бүгінгі тренингке қай топтың өте жақсы қатысқандығы туралы бір-бірден шығарып баға бергізу. Белсенді топтағы 2ата-анаға тосын сый беру.
  • ҮІ. Қорытынды.Ата-аналар қолындағы түрлі-түсті қағазға тренинг  туралы пікірлерін жазу және қорапшадағы қағазды алып жазылған әңгімені үйлеріне барып оқу керектігін айту.

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *