Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы
«Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасының психологі
Қарабалина Дина Махметқызы
Бір күндік белсенділік (флеш-моб)
Құрметті ата-аналар! Бүгін жаңа технологиялық әдістің бір түрі «бір күндік белсенділікке (флеш-моб)» қош келдіңіздер!Күнделікті өмірде барлығымызда көңілді көңіл-күйде жүреміз,сондықтан бүгінгі күнімізді сіздер мен біздер арқылы «бір күндік көңіл-күйге» арнап отырмын. Қазір сіздер түрлі-түсті смайликтің суреттерін өз топтарыңыздың түстеріне қарай алып,үстелге отырасыздар.Әрбір топтағы бір суретте сыйлық бар,сол сыйлық кімге бұйырса сол сыйлыққа ие болады. Қазір барлығыңызды дөңгеленіп тұрып, тренингке қатысуларыңызды сұраймын.
Тақырыбы: « Поезд» жаттығуы:
Мақсаты: Психологиялық және физикалық қысымнан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру, шапшаңдыққа, жаттығуды бірдей жасауға дағдыландыру
Жаттығудың жүрісі: Топпен шеңбер бойына тұрып,қатар бойынша әр адам бірінші,екінші,үшінші,төртінші,бесінші,алтыншы сандар бойынша өз реттік қатарын білуі керек.Біріншілер –екі қолмен кезекпен кезек қол шатыр жасау,екіншілер –стақан жасау-алақанды жайып,жұдырықты түю,үшіншілер-қолды сыртылдату,төртінші- алақанмен шапалақтау, бесінші-саусақты кезекпен бір-біріне тигізу,алтыншы-бір қолды жұмып-бір қолды ашу,енді жаттығуды болғасын барлығымыз шеңбер бойынша поезд болып жүріп, поезд доңғалақтарының шуылын саламыз. Ата-аналар! Жаттығуды бірінші барлығымыз бірдей жасап көрелік ,содан кейін әрбір реттік сан бойынша жаттығуды саусақтарымызбен жасауымыз керек. Кәне, 1саны-қол шатыр жасаймыз, 2саны-стақан жасаймыз, 3саны-қолды сыртылдату, 4саны-алақанмен қол шапалақтау, 5саны-саусақты саусаққа тигізіп 5-ке дейін санау, 6саны-бір қолдың алақанын ашу, біреуімен жұдырық түйеміз. Көп-көп рахмет, енді барлығымыз бір-бірімізден ұстап поезд болып жүреміз, мен паровоз боламын, ал сіздер вагонсыздар. Барлығымыз поездың жүріп келе жатқан доңғалақтарының дыбысын саламыз. Бүгінгі тренингке ұйымшылдықпен қатынасып, көп-көп рахмет айтып, бүгінгі «бір күндік белсенділікке» қызығушылық танытқандарыңызға өз ризашылығымды білдіремін.
[bws_related_posts]