№57 Е.Көшербаев атындағы мектеп психологы
Тренинг
Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға әзірлік
Мақсаты: Мектеп оқушыларын ОЖСБ — ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға, адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып, өзін-өзі реттеуін, өзі-өзі бақылауға дағдыландыруын және сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.
Көрнекілігі: слайдтар, шар, нақыл сөздер.
«Әрбір қиын мәселенің шешілетін жолы бар»
- Ереже: Бір – бірімізді тыңдаймыз;
- Өз ойларымызбен бөлісеміз;
- Маңызды нәрселерді ғана айтамыз
- Белсенділік көрсетеміз;
- Уақытты үнемдейміз;
- Өз ойымызды ашық айту.
Психолог сөзі: Құрметті ұстаздар оқушылар Оқушы жетістігін саралап бағалауға әзірлік тренингімізге қош келдіңіздер. Сіздердің алдарыңызда үлкен сынақ тұр. Яғни мемлекеттік емтихан .Сабақтарыңды жақсы оқып емтиханнан жақсы деген көрсеткішпен өтулеріңізге тілектеспін. Сондықтанда сіздерге тек сәттілік тілеймін.
Сәлемдесу. Оқушылар хормен:
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз «Біз»
Танысу жаттығуы: Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.
Мыс: Ақылды — Айдос
Нұрлы – Нұрила
Арайлы – Арайлым
Биязы –Бота
Психолог сөзі:
“Бала туғанда ақ қағаздай болып туылады, оған шимай қалай салынса, бала тәрбиесі де сол сияқты”.
Ж.Ж. Руссо
Ой — қозғау.
1). ОЖСБ — ға жақсы дайындалу үшін не істеу керек ?
Ойлануға 2 минут беріледі. Оқушылардың пікірі.
Саржанұлы Қ
Төребаев М
Дабылова М
Психолог сөзі:
Өмір кейде гүл береді қолыңа,
Өмір кейде күл төгеді жолыңа.
Өмір кейде құзға итеріп абайсыз,
Арқалатар азап жүгін мойныңа
Сергіту сәті: Слайдпен жаттығулар көрсетілді.
Физикалық және ақыл — ой еңбегін кезектестіріп отыру керек.
— Көзді 20 — 30 секунд сайын тынықтырып отыру қажет (көзді кітаптан
алып жан — жаққа қарау)
— Теледидарды көп қарамау керек.
Психолог сөзі:
Еш уақытта өкінбе сен өмірге,
Өмір өзі байланысты көңілге.
Өмір – қайық, адам – ескек еседі,
Өмір жолын тағдыр өзі шешеді.
Оқушылардың стреске жақындығын айқындау.
Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау. Оқушыларға карточка таратылады, өз ойларын толықтырады.
Шынын айтсам емтиханға дайындалған кезде . . .
Шынын айтсам, емтихан туралы естіген кезде . . .
Сергіту сәті. «Стрессті қалай жеңуге болады»? Ойын барысы ортаға оқушылар шығып шар үріп бойында жүрген жаман әдет қылықтардан арылып, шарға толтырып содан соң ауаға ұшырады , алдағы уақытта өмірдегі жақсы қасиеттерді бойымызға жинап тек жақсылық ойлаймыз.
Ойынды аяқтау. Ортаға барлық оқушыла шығып, шеңбер құрып тұрады.
Психолог сөзі: Мінеки оушылар стресс осылай жиналады, ол жинала берсе сенің денсаулығыңа алда болатын ҰБТ- ға дайындығыңа психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшінбойындағы жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стресске ұшырамауларыңа тілектеспін.
Тілек ағашы. Ендігі кезек жарқыраған күннің астында ҰБТ-ға сеніммен баруға байланысты бір-бірлеріңе тілек тілеңіздер.
Психолог сөзі: Құрметті мектеп оқушылары алдарыңызда үлкен сын намысты дода сол сынға әрқашан да сеніммен барыңыздар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады. Сондықтан да сол сәтті сезіне білу арқылы бақытты болыңыздар. ОЖСБ –ға тек сеніммен барыңыздар.
Қорытындылау. Қатысқан мұғалімдер сөзі:
Қасымов Болат: Оқушыларға мемлекттік емтиханды ойдағыдай аяқтап тыңғылықты дайындалу керектігн айтты.
Жанаева А: ОЖСБ-ға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Смайлова А: ОЖСБ –дан жақсы баға алып ата-аналарын қуантыңыздар деген тілектерін айтты.
[bws_related_posts]