Жамбыл облысы. Жуалы ауданы
№24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі
Бірінші (ілгері деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған физика және математика пәнінің мұғалімі Бейсенова Ақмарал Ажимуханкызының
Физика пәнінен 11-сыныпта «Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану» тақырыбында өткізген ашық сабағы
Мерзімі | 23.11.15. |
Сабақтың тақырыбы | § 3.11 Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану |
Сілтеме | Жоспар |
Жалпы мақсаты | Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғануды түсіндіріп солар жайлы түсінік қалыптастыру;
Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғана білуге үйрету; Бірін-бірі бағалауға баулу |
Күтілетін нәтиже | Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғануды түсіндіріп солар жайлы түсінік қалыптасады;
Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғана білуге үйренеді;Бірін-бірі бағалай алатын болады; |
Негізгі идеялар | Электромагнитік сәуле шығарудың табиғи және жасанды түрі бар.Жасанды электромагниттік өріс көздеріне теле-радиостанциялар, трансформаторлар, радиолакаторлар, электр желісінің жүйелері микротолқынды пеш , электр пісіргіш , өлшеуіш құралдар, теледидар, ұялы телефон және т.б. жатады.Табиғи электромагниттік өріс көздеріне атмосфераның, Күн мен жұлдыздардың радиосәуленуі, Жердің электр және магнит өрістері жатады.Айнымалы электромагниттік толқындар адам денесіне өтіп, ондағы су молекулалары толқынның таралу жағына қарай бағытталады. |
Тапсырмалар | Жұптық жұмыс |
Тапсырмалар | Топтық жұмыс |
Тапсырмалар | Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
- Сәлемдесу
- Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу Ж, С. А, Б басталатын сөздермен амандасады
- Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3,4,сандарына байланысты 4 топқа бөлінеді)
Бағалау парағын тарату
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 минут)
Жалғасын тап……………………
1.Электромагниттік толқындар шкаласы төменгі жиілікті ……………….толқындармен мен радиотолқындардан бастап гамма –сәулелерге …………Гц дейінгі аралықты қамтиды .
2.Жиіліктері мен ұзындықтары әр түрлі электромагниттік толқындарды шартты түрде шығарып алу және тіркеу тәсілі затпен өзара әсерлесу сипаты бойынша …………… бөлінеді
- Диапазондарды төменгі жиілікті толқындар шығару,………………………………… шығару деп ……………………………………………………………………………………………………………бөлу қабылданған.
4.Төменгі жиілікті толқындарды арнайы жасалған ………………………………….. шығарады
- Электрлік приборлар мен электрлік қозғалтқыштардың басым көпшілігі…………………….. ………………………………………………………………………………..айнымалы токпен қоректенеді.
6.Радиотолқындардың толқын ұзындығы …………………………..дейінгі аймақты қамтиды.
- Толқын ұзындығы 2мм-ден 760 нм-ге дейінгі жылулық және электрлік әсерлерден молекулалармен мен атомдардың тербелісі кезінде ………..шығады.Оны 1800ж………………ашқан еді. Инфрақызыл толқындарды кейде ……………………деп те атайды.
- Адамның көзіне әсер етіп, көру сезімін туғызатын электромагниттік толқынның бөлігін көрінетін жарық дейді.Ол ұзындығы 380 нм (…………….) мен 760 нм (………………) толқын аралықтарында болады және электромагниттік толқындардың диапазонында ……………………………өте аз бөлікті құрайды.
9.Толқын ұзындығы ……………………………………………………………. шапшаң электрондардың әсерінен туындайтын ………………………..арқылы алады.
- Ультракүлгін сәулелерді …………………………….алғаш рет шығарып алған.Ультракүлгін сәулелер де инфрақызыл сәулелер сияқты …………………..
Бірақ химиялық активтігі жоғары. Шыны ультракүлгін сәулелерді жақсы жұтады.
11…………….Рентген сәулелері ашылды. Оның толқын ұзындығы ……………………………………… …………………………………………………………..аралығында
- Рентген сәулелері шапшаң электрондармен зарядталған бөлшек………………………………………………………………………….пайда болады.
- Қолданылу аймағы өте кең рентген сәулелерінің көзі рентген түтіктері болып табылады. Рентген бұл сәулелердің қасиеттерін зерттеу арқылы олардың ………………. түрліше екенін анықтады. Көбірек жұтылатын сәулелерді …………., нашар жұтылатын сәулелерді ……………………………… рентген сәулелері деп атаған.
- Электромагниттік сәуле шығарудың ішіндегі толқын ұзындығы ең қысқасы-…………. сәулелер. Олардың толқын ұзындығы…………………… аралығында болады. Гамма- сәулелер ……………………………………………………………………………………. шығарылады.
ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. (7минут)
Сөздік қорапта сөздер болады Сол сөздерді алып білетін болса жауап беріп «Білемін» деген қорапқа салады.
Қорапшада қалған сөз «жаңа тақырыпты ашуға себеп болады.
- Төменгі жиілікті толқындар
- Радиотолқындар
- Инфрақызыл сәулелер
- Көрінетін жарық
- Рентген сәулелері
- Гамма сәуле шығару
- Ультракүлгін сәулелер
- Жоғары жиілікті электромагнитті толқындардың биологиялық әсері олардан қорғану
ІҮ. Жаңа материалды меңгерту: Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут) Бейне материал көрсетіледі
Содан кейін 4топқа тапсырма беріледі
- Жоғары жиілікті электромагнитті толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану
- Ұялы телефонның әсері және оның әсерінен туындайтын аурулар
- Компьютер және адам денсаулығы
- Микротолқынды пештің әсері (постер қорғау)
Топ пікірлерін тыңдау. (постер қорғау)
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (12 минут)
Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу
1 | Білу | Электромагниттік толқын шкаласы дегеніміз не? | |
2 | Түсіну | Электромагниттік толқынның биологиялық әсерін ата? | |
3 | Қолдану | Электромагниттік толқын шкаласы не үшін қажет? | |
4 | Талдау | Электромагниттік толқын шкаласындағы толқын ұзындығы мен жиілігін салыстыр? | |
5 | Жинақтау | Электромагниттік толқындардан қорғану мәселелеріне мысал келтір? | |
6 | Бағалау | Электромагниттік толқын радиациялары жылдың қай мезгілінде көп мөлшерде болады және оны білу не үшін маңызды? |
|
ҮІ. Кері байланыс Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін (смайликтер арқылы бағалайды) (1минут)
Үй тапсырмасы: (1минут)§ 3.11 Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану
- Жоғары жиілікті электромагнитті толқындардың биологиялық әсері және олардан қорғану
- Ұялы телефонның әсері және оның әсерінен туындайтын аурулар
- Компьютер және адам денсаулығы
- Микротолқынды пештің әсері (реферат) дайындап келу