Сабақтың мақсаты: Оқушылар Еуразия халқы мен елдері жайлы оқып,танысады.Еуразияда қанша халық,қандай елдер,қандай нәсілдер бар екенін,халықтың ұлттық және діни құрамы қандай екенін анықтайды.Қиянат жасамау құндылығының мәнін ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
1.Халықтар арасындағы толеранттықтың мәнін түсіндіру.
2.Елдер мен халықтар арасындағы татулық пен бірліктің маңызын ашу.
3.Басқа мәдениеттің құндылығын түсіндіре отырып,өз елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Кезеңі |
Мұғалім іс-әрекеті |
Оқушының әс-әрекеті |
Ұйымдастыру |
Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Тыныштық сәті: «Орманға ойша серуен» |
Оқушылар сәлемдеседі. Сабаққа дайындалады. Зейінін сабаққа аударады.
Ойша орманға саяхат жасайды.Сабаққа жақсы көңіл-күймен кіріседі. |
Өткенге шолу жасау. |
Миға шабуыл
1. «Еуразия» дегенде ойларыңа не келеді?
2. Еуразияның табиғат зоналары жайлы шағын тест |
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Оқушылар орнында отырып, тест орындайды.
|
Жаңа білімді игеру |
1. Қызығушылық ояту
«Бұл қай мемлекет ?»
Оқушыларға бірнеше елдің туын көрсетіп,ол қандай ел екенін,ол ел туралы не білетінін сұрау
2. Жаңа тақырыпты жариялау.
« Еуразияның халқы мен елдері»
Сабақ мақсаты мен табыс критериін анықтаған соң оқушыларды екі топқа бөлу (көңілді смайликтер арқылы)
1-топ Еуразия халқы Халқы. Еуразия халқының саны, орналасуы, тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі болып келеді. Материте 4 млрд-тан астам халық тұрады, бұл Жер шары халқының ¾ бөлігін құрайды. Халықтың жыл сайынғы өсуі, әсіресе Оңт.Шығыс Азияда қарқынды жүруде. Осы аймақтағы екі ел – Қытай мен Үндістан халқының өзі 2 млрд—тан асып отыр. Сондықтан халық ең тығыз қоныстанған жерлер осы Оңт.Шығыс Азияға сәйкес келеді. Осы аймақта халықтың орташа тығыздығы 1 км жерге – 1000-1500 адамға жетеді. Еуропалық бөлікте де халық салыстырмалы түрде тығыз қоныстанған. Әсіресе Атлант мұхитының жағалық бөліктерінде халық өте-мөте тығыз орналасқан. Материктегі табиғаты қатал солтүстіктегі аудандар мен биік таулы өңірлерде, аптапты шөлдерде халық өте сирек қоныстанған. Кейбір жерлері мүлдем елсіз деуге болады. Еуразияда Жер шарындағы барлық нәсілдердің өкілдері кездеседі. Олардың ұлттық және тілдік құрамы да алуан түрлі. Ең көп таралғаны – еуропалық тектес халықтар. Олар өңі аққұба, шаштары сарғыш түсті, көздері көгілдір болып келеді. Солт.Еуролпалық және өңі қараторы, шаштарымен көздері қоңыр, кейде қара болып келетін оңт.еуропалық тармақтарға бөлінеді. Азиялық бөлікте монғол тектес нәсілге жататын қытай, монғол, жапон, және басқа халықтар тұрады. Түркі тілдес халықтардың біразы осы нәсілдік топқа жатады. Ал экваторлық нәсілдің өкілдері Шри-Ланка аралдарымен Үндістанның оңт.-де қоныстанған. Еуразия материгінде қазіргі кездегі ірі әлемдік діндер – ислам, христиан, буддизм және олардың әртүрлі тармақтары п.б-п дамыған. Сондықтан материк халқының діни құрамы да өте күрделі. Жалпы алғанда, діни нанымдар түсініктердің алуан түрлілігі Еуразия халықтарының мәдениеті мен салт дәстүрлерінің даму бағыттарын анықтайды.
2-топ Еуразия елдері
Еуразияда 90—ға жуық егеменді елдер және дамыған мемлекеттердің иеліктері орналасқан. Материктің қазіргі саяси картасы ұзақ уақыт бойы ұдайы өзгеріске түсіп отырған. Жер көлемі жағынан Еуразиядағы үлкен елдер қатарына Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Сауд Арабиясы жатады. Сонымен қатар жері өте шағын, кішігірем елдер де бар.
Халқының саны 100млн—нан асатын ірі елдердің көпшілігі Еуразияда орналасқан. Мемлекеттік құрылымы мен ұстанған саясатына қарай Еуразия елдері республикалық және монархиялық болып бөлінеді. Республикаларда заң шығарушы ұйым – парламент, ал басқару жүйесі өкімет арқылы жүзеге асырылады. Нақты басшылықты Конституция негізінде ел президенті жүргізеді. Республикалар ұстанған бағытына қарай социалистік, капиталистік және дамушы елдер болып бөлінеді.Ал монархиялық басқару формасындағы елдерде мемлекетті атадан балаға мұра болып қалатын бір адам басқарады.Монархиялық басқару абсолюттік және конституциялық деп бөлінеді.
«Ойлан,бөліс» стратегиясы бойынша жұмыс жасату.
1.Еуразия халқы жайлы толық мағлұмат бер.
2.Еуразия елдеріне сипаттама бер.Картадан көрсет. |
Оқушылар жауап береді.
Оқушылар тақырыпты дәптерлеріне жазып алады.
Оқушылар екі топқа бөлініп отырады.
Әр оқушы мәтінмен жеке жұмыс жасап,кейін топта талқылап,постер жасап,қорғайды.
|
Оқушылар постер қорғаған кезде қосымша сұрақтар қоямын: |
Оқушыларға сұрақтар қою:
Материк халқының ұлттық,тілдік,діни құрамы біркелкі ме?
Халықтар үшін ең маңыздысы не деп ойлайсыңдар?
Неге басқа елдердің мәдениетінің құндылығын түсінуіміз керек?
Қазіргі қоғамда толеранттылық қажет пе?
(Ойларыңды дәлелде) |
Оқушылар ауызша сұрақтарға жауап береді.
(Әр түрлі,сондықтан ең бастысы татулық,бірлік).Біздің еліміз үшін де …. |
Бекіту: |
«Сен-маған,мен-саған.»
Постерлерін ауыстыра отырып,бір-біріне сұрақтар қояды.Сұрақтар,маңызды,
тақырып мағынасын ашатындай болу керек. |
Тірек-сызба бойынша бір-біріне сұрақтар қояды,жауап береді.
(Әр топ 5-6 сұрақтан) |
Бағалау. |
Оқушыларды бағалаймын, әр оқушының бағасын талдап,формативті,суммативті бағалаймын |
Екі топ бір-бірін бағалайды.
Өзін-өзі бағалайды. «Сәттілік баспалдағы» арқылы өзінің қай деңгейде тұрғанын көрсетеді. |
Үй тапсырмасы |
Тірек сызба жасау.
Кесте толтыру.Атласқа ірі мемлекеттерді түсіру |
Оқушылар күнделікке үй жұмысын жазады. |
Тыныштық сәті: |
Тік отырамыз,көзімізді жұмамыз.
Еуразия материгінде,соның ішінде Қазақстанда,өзіміздің шағын ғана ауылымызда бейбіт,тыныш,тату-тәтті өмір сүріп жатқанымызға іштей шүкіршілік етеміз,рахмет айтамыз.Терең тыныс алып,көзімізді ашамыз.
Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.
|
Оқушылар көздерін жұмып,тік отырып,іштей шүкірлік етеді.Бойларын бос ұстайды. |
|
Ресурстар: : оқулық, карта, тірек-сызба, кеспелер, стикерлер,постер
|