Басы » Баяндамалар » Дамыта оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Дамыта оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

айнурХажым Айнур,

Павлодар қаласы

№40 жалпы білім беру мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Дамыта оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

 

Ұстаз өз ісіне жаңартулар мен өзгерістер енгізу арқылы тәжірибесіне  шеберлік, әдіс-тәсілдерді енгізе алады. Бұл  шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, өңдеу әдістерінің  жиынтығы, оқу үрдісін ұйымдастырудың түрі. Сондықтан да сабаққа қойылатын қазіргі талаптар ұстаздардан үлкен ізденіс пен шеберлікті қажет етеді.  Осы тұрғыда шебер мұғалім, білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты  бола отырып, оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Ол үшін мұғалімнің өз ұстанымы болуы керек.  Пажарес айтып өткендей   мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белігіл бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан менің осы тұрғыда ұстанымым  -оқушыларды оқыту мен оқу барысында көбінде  –дамыта оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын  арттыру . Соның нәтижесінде жан-жақты ойлана отырып, шығармашылық бағытта жұмыс жасауға бағыт беру  болып табылады.  Бастауыш сыныптан бастап   рухани құндылығымыз ұлттық дәстүрлер, салт-сананы байланыстыра отырып, білім беру арқылы  өсіп келе жатқан бала бойынан еліне, тарихына деген қызығушылығын арттыра отырып, өшпес мұрамыздың қайталанбас дүние екеніне көз жеткізу, дамыту.  Дамыта оқыту жалпы   бастауыш сынып сабақтарында оқушының біліктілігін, икемділігін, машықтығын, дағдысын жетілдіріп, оның адамгершілік-эстетикалық тәрбиесі мен талғамын дамытып ғана қоймай, сонымен бірге жалпы адамзаттық мұраны ұғуға, өмірде тірек болғызуға мүмкіндік ашады. Осы тұрғыда Д.Б.Элконин, В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері: оқу мақсатының нақты қойылуы, оны шешудің жолын бірге қарастыру, шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын ортада талдау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады.  Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйреніп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Оқу әрекеті оқушы-оқулық-мұғалім арқылы іске асады. Әр оқушы ерекшелігіне қарай оқу әрекетін шебер ұйымдастырушы.  А.Байтұрсынов «Қазақша оқу жайынан»  атты еңбегінде «Бала білімді тәжірибе арқылы алуы керек. Мұғалімнің қызметі-балаға орындалатын жұмыстың түрін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру керек»,-деген. Дамыта оқыту арқылы оқушының қолынан не келетіндігі, немесе қандай жетістікке жетуге болатынын  саралай аламыз. Баланың алдыңғы ісіне емес, жасап отырған іс-әрекетіне, алдағы талпынысына қарап жетелеу  керек.  Дамыта оқытудың мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына, жас ерекшелігіне сәйкес берілген оқытуды айтады. Дамыта оқытуда мұғалім мен оқушы арасындағы жаңа қарым-қатынас қалыптастырылып, оқушылардың берілген тапсырмаларды талдауына, салыстыруына, өз беттерінше әрекет етулеріне, ой еркіндігіне зор маңыз береді.  Сөйтіп оқушылардың зейін қойып тыңдауы мен тапқырлығына мүмкіншілік туғызып, ойларын одан әрі дамытуларына жол ашады. Сабақ барысында еркін отыра отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге үйренеді.  Дамыта оқыту арқылы оқушы өз ісіне жауап бере отырып, өзінің қандай сатыда, қай дәрежеде тұрғанын біледі, өзін-өзі бағалай алады.

Мектеп – баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.  Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын,  шығармашылық қабілеттерін дамытып, функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді. Қорытындылай келе дамыта оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді жақтарына тоқталсам:

  1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады.
  2. Оқушының жеке қабілеті анықталады. Сол қабілеті арқасында шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді.
  3. Бір-бірінен қалыс қалмауға талпынады.
  4. Тапсырманың күрделенуіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.
  5. Өзін-өзі тексеруге дағдыланады.
  6. Оқушылар білім қабілетіне қарай бағаланады. Ең бастысы сөздік қоры дамып, алған білім, білік , дағдыларын күнделікті өмірде қолдана алатындай дәрежеде болуға мүмкіндік алады.

 

Қысқа мерзімді сабақ жоспар үлгісі

Мекеме атауы:   №40 жалпы білім беру мектебі

Аты –жөні: Хажым Айнур

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі

Пәні: Математика

Тақырыбы: Көбейтудің үлестірімділік қасиеті

Сынып: 3

Сілтеме: Математика оқулығы, «Алматыкітап» , 2-бөлім,  №88-сабақ, 19-21 бет

Мақсаты:

Оқыту мақсаты  (танымдық):  Қосындыны санға көбейту әдістері туралы білім қалыптастырылады. Көбейтудің қасиеттерін біле отырып, есептеулерде қолдануды дағдылана бастайды.  Математика сабағында диалогты оқытуды қолдану арқылы тіл дамытуға бағыт -бағдар беріледі.  Оқушылардың жетістігін формативті бағалауға мүмкіндік беріледі.

Жеке тұлғаны дамыту мақсаты: Көбейтудің үлестірімділік қасиетін біледі. Шығармашылық қабілеті дами отырып, есепті өздіктерінен сыни тұрғыда ойлана отырып шығаруға дағдыланады.

Күтілетін нәтиже:  Топта жұмыс жасайды, ортақ пікірге келеді, сабақтан қорытынды шығарады, ұлттық құндылықтар туралы мағлұмат алады. Математикалық тілде сөйлеуге дағдыланады.

Сабақтың барысы:

 

Сабақ кезең-

дері

Уа-

қыт

Әдіс-тәсіл-дер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру 2

мин

Өзін-өзі реттеу

 

Психологиялық дайындық. Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Әрбір адам?

Әрбір сабақ?

Әрбір ісің?

Әрбір сөзің?

Психологиялық икем. Өзін-өзі реттеу,сабаққа дайын болу.

 

Туысым, досым, жұрағат.

Үйрену, ұғу, ұлағат.

Тірлік, тірек, адамдық.

Шындық, бірлік, адалдық.

Қызығушылықты ояту 3 мин Топқа бөлу кездейсоқ таңдау түрі Математикалық сабақ болғандықтан геометриялық фигура ретінде үшбұрышты жазылған тілектер арқылы топқа бөлінеді. (Түстерде  жазылған тілектер беріледі). Оқушылар бір-бірден таңдап алады. Сол тілекті 2-3 оқушыға тілей отырып, қағаздарын ауыстырады. Соңынан сары және жасыл түстер болып топқа бөлінеді. Жаңа құрылған топтар өздеріне ат қойып жазып дайындайды. Топқа бөліне отырып, топ ережесін құрады.
Білім  

5 мин

 

 

 

 

 

Сыни ойлауға үйрету

Үйге берілген №8 есептің қалай орындалғанын тексеру, кездескен қиындықты анықтау.

Өткенді қайталау:

-математикалық диктант алу. Өрнек құрастырады, дәптерде орындайды. Жұмбақ шеше отырып, (осы тапсырмаларды дұрыс орындадық тобымыз белсенді қатысты деп ойласақ алдарыңда көпбұрышты қағазда жазылған жұмбақты шешейік  және шешуі болатын затты тауып алдымызға орналастырамыз.

Жұмбақ:  Жайсаң-көлдей, жисаң -жеңдей.  (кереге)

 -23 пен 57 сандарының қосындысын 3есеге арттыр.

-80 мен 60сандырының айырмасын 2 есе кеміт. Осы математикалық диктант арқылы жаңа тақырыпқа шығады.

Дәптерде мына өрнектер жазылуы керек.

(23+57)∙3=

(80 -60) :2=

 

 

Түсіну  

8 мин

 

 

Бірлескен топ жұмысы

 

 

 

 

 

ЭО

 

Бірлескен топ жұмысы арқылы оқу іс-әрекеттегі қиындықты анықталап шешуге нұсқау береді.

Әр топ өз топтарына қойған атқа лайықты фигураларды таңдап алып, оларды санау үшін көбейтудің әдістерін қолдануды ұсыну (Біздің алған әр жаңа біліміміз есігін  біз айқара аша білгенде ғана үлкен жетістікке жете аламыз. Олай болса алдымызды тұрған шаршыда жазылған жұмбақтың шешуі болған затты орналастырамыз.

Оқушы пікірмен санаса қателерді түзей отырып,  қорытынды жасалынады, кемшіліктер толықтырылады.   Ереже шығарылады.

1-тәсіл: Қосындыны тауып, оны санға көбейту;

2-тәсіл: Әр қосылғышты осы санға көбейтіп, шыққан көбейтулердің мәнін қосу.

 Әр топ өз топтарына қойған атқа сай фигураларды таңдап алып, оларды санау үшін көбейтудің әдістерін қолдана отырып, өрнек құрастырады. Әр тәсілді жазып, оны А-3 форматты қағазда  фигураларды жапсыру арқылы көрсету

(5+3)⋅3=8⋅3=24                    5⋅3+3⋅3=  15+9=24

Топтар әр топтың параққа шығарған есебін тексеріп, қателері болса анықтап, неге қате жібергенін, қалай дұрыс болатынын айтып түсіндіреді. Сол топтардың сызбалары арқылы жаңа сабақтың нақты ережесін өздеріне шығаруға бағыт беріледі.  Түсті маркермен үлкен парақта шағын топта жазылған есепті үлкен топта талқылап,  әріпті өрнекке айналдырып, жазамыз. Осы арқылы көбейтудің үлестірімділік қасиетінің формуласын шығарады.   (а+в) ⋅с=а⋅с+в⋅с

 

Қолдану

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

«Математи-калық эстафета» ойыны Білім жүйесіне енгізу өз бетімен жұмыс №3(а) оқушылармен бірлесе отырып, интербелсенді тақтада сызба құрастырамыз.

№4 есепті жеңіл есеп болғандықтан олардың есептеу шапшаңдығы мен логикасын дамыту мақсатында жарыс түрінде өткізу көзделеді.

Есепті шығарып болған топ келесі үшбұрышты қағазға жазылған жұмбақты шешіп келесі қадамды жасауларына болады.

 

 

 

Жұмбақ: Төбедегі дөңгелек, жылжымайды дөңгелеп.                                                             (Шаңырақ)

Есепті өздері оқи отырып, шарты құрастырылады. Есептеудің түрлі тәсілін қолдана отырып есептейді.

Жолақты  -20 дәптерден 2 бума

Торкөзді – 20 дәптерден 3 бума

Барлық дәптер-

20⋅2+20⋅3=

Есептеулердің екі тәсілі де жазылған соң тиімді тәсіл қайсысы екенін топта талқылап,  дәлелдеп үлкен топта түсіндіреді.

№4 есепті әр топ оқушылары жарыса отырып  тақтада шығарады.

 

Талдау 5 мин «Әңгімені бірлесе шешу» әдісі

Талантты және дарынды балаларды оқыту

№6 есеп күрделірек болғандықтан алдымен жұп болып талқылап, сосын топпен бірлесе отырып, сызба арқылы шығару ұсынылады. Егер оқушыларға түсінбейтін жағдай туылғанын байқаса  жеңіл болу үшін шеңбер түрінде көрсетуге болады.

 

Жоғарыдағы есепті қаншалықты түсінгенін бағалап білу үшін, № 6 есепті  дәптерде әр оқушы жеке орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Жинақтау

 

7 мин

 

 

 

 

 

Үлкен топтық талқылау

«Бір минут» әдісі

 

 

 

№7 есеп бұрынғы алған білімін бүгінгі  сабақпен байланыстыруға және келесі сабаққа дайындық ретінде жүріледі.

(Уықсыз киіз үйді құру мүмкін емес. Олай болса біз бүгінгі алған білімімізді қалай игергенімізді көрсетіп дәлелдей отырып, уықтарды орналастырамыз). Ескерту егер толық түсіндіре алмаса уықты шаңыраққа кіргізе алмайды.

Соңынан «Бір минут» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған түйінді ақпаратты іріктей біледі.

 

 

Жұмбақ:

Отыз омыртқа, қырық қабырға,

Бәрін ұстап тұрған, ауыз омыртқа.

(Уық)

 

Есептерді шығару үшін алдын-ала берілген парақтардан ең әуелі алдарындағы оқулықтарының өлшемімен сәйкестендіре отырып қиып тіктөртбұрыш жасайды.  Сосын сол тіктөртбұрышты тең үшбұрышқа бөліп периметірін есептейді. Есептеу жолын әр топ өз логикасы бойынша табады. Кейін оқулықтағы мысалмен салыстыра отырып. Өз дәлелдемелерін қорытындылап, әр топтан бір-бір оқушы түсіндіреді.

7см

     

 2см

 

 

     

РABCD= (2+5)⋅2=14см

РABCD= 2⋅2+5+2=14см

Топ ұсынған 1 оқушы ортаға шығып, мұғалім немесе құрдастарының қойған сұрақтарына дәлелді түрде жауап қайтарады. Егер жауап толық болмаса басқалар көмектесулеріне болады.

мадақ-тау

Бағалау

 

 

 

 

Рефлексия

 

5 мин  

 

 

 

 

 

Кері байланыс.

 

 

Балалар біз бүгінгі сабақ барысында тапсырмаларды орындау арқылы не құрастырдық? (Киіз үй) Осы үйді құрастыру барысында біз қандай фигураларды байқадық.  Оқушылардың жазған ой пікірлерімен санасып, келесі сабақта мұғалім нені ескеру керек екенін ескеріп, сабақты қорытындылайды. Өзін-өзі бағалау парағы  мен мұғалім бағасы  біріктіріліп ортақ  баға шығарылады. Олар:  «Керегеден-ромбыны, есіктен —тіктөртбұрышты,  шаңырақтан-дөңгелекті, уықтардан –сынық сызықтарды  байқадық»- деп жауап берулері мүмкін,  сабақ барысында  оқушы топ мүшелерінің  пікірімен санасу арқылы  өз ойының дұрыстығын дәлелдейді.

Дайын болған киіз үйдің керегелеріне бүгінгі сабақтан алған өз әсерлерін жазып іледі. Нені түсінбегендерін, нені жақсы меңгергендерін анықтау арқылы өзін-өзі бағалайды.  Олар: сабаққа орташа қатыстым десе —керегелерге, қате жоқ, сұрақтар қалды десе —уықтарға,  қателер жоқ, бүгінгі сабақты толық түсіндім десе —шаңыраққа  өз бағаларын стикерге жазып жапсырады.   Жиынтық бағалау

Дереккөздер мен құрал жабдықтар  Интербелсенді тақта, қиынды фигуралар, А-3 парағы, флипчарт, түсті маркерлер, сызғыш, стикерлер. Электронды оқыту құралы «Сабақтарға әдістемелік нұсқау» 3-сынып Алматыкітап

[bws_related_posts]

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *