Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені
Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның
ІІ (негізгі) деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі
Бабаханова Гульден
Әліппе 1 – сынып
Тақырыбы: Мысықтың қоңырауы
Мақсаты: А) Мәтіннің мазмұнын өз беттерімен оқыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, қойылған сұрақтарға толық жауап бере білуге үйрету.
Ә) Оқушылардың тіл байлығын молайтып, сөздік қорын дамыту, сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге,
әріптерден сөздер, сөздерден сөйлемдер құрай білуге машықтандыру және әдемі жазуға дағдыландыру.
Б) Топта ынтымақтастықта жұмыс істеуге, тәртіпті, білімді болуға, басқаның пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Р/с | Атқарылатын жұмыстар | Әдіс-тәсілдер | Ресурстар | Бағалау | Оқушылардың іс-әрекеті | Мұғалімнің іс-әрекеті |
1 | Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық. |
Хормен жатқа айту | Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. |
— -Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Өйткені бізге бүгін көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан біздің бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Сол себепті біз үш топқа бөлініп отырмыз. /Мұғалімдердің арасынан әділқазылар алқасын сайлап аламын/
— І топ – «Алғырлар» — ІІ топ-«Тапқырлар» — ІІІ топ- «Білімділер» |
||
Ертегі желісімен таныстыру | Түсіндіру | Ертегіні тыңдайды, сұрақтарға жауап береді. | — -Ерте, ерте ертеде ешкі жүні бөртеде әлемді таңқалдырған Орда болыпты. Ол Орданы ақылды, білімді Әліппе басқарыпты. Әліппе өз Ордасына жалқаулар мен түк білмейтіндерді кіргізбейді екен. Біз бүгін өз білімімізді көрсете отырып, сол Әліппе ордасына кіруге талпынамыз.
— Ол үшін мен сендерге төрт түрлі шар әкелдім.Төртеуінің түсі қандай? — -Бір жылда неше мезгілі бар? — — Бұл шарлардың түсі сол төрт мезгілді білдіреді. — Ақ түс – қыс мезгілі. Қыста жер беті қандай болады? Сары түс – күз. Себебі, күзде ағаш жапырақтары сарғайып жерге түседі, жер беті сары кілемге ұқсайды. Жасыл түс- көктем. Өйткені, жасыл түс шөптердің түсі. Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады. Қызыл түс –жаз. Өйткені, гүлдер жаз мезгілінде қызыл түске боялады. |
|||
2 | Өткен материалдарды еске түсіру.
Сары шар – күз тапсырмасы. |
Миға шабуыл | Сары түсті шар, қима қағаздар | Шапалақ | Сұрақтарға толық жауап береді. | — Осы шарлардың ішінде тапсырмалар бар, соны орындау арқылы қай топ Әліппе ордасына кіре алады екен, тамашалайық.
«Алғырлар» тобына: 1. Қазақ тілінде неше әріп бар? 2. Дыбыс дегеніміз не? Қандай дыбыстарды білесіңдер? «Тапқырлар» тобына: 1. Әріп дегеніміз не? 2. Дауысты дыбыстарды атаңдар. «Қаһарман» сөзінде неше буын бар? «Білімділер» тобына: 1. Сөздегі буын саны неге байланысты болады? 2. Дауыссыз дыбыстарды атаңдар. |
3 | Ойын «Мен қандай дыбыспын?» | Қызығушылықты ояту. | Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады. | Оқушыларға дауысты және дауыссыз дыбыстарды жылдам айтып тұрамын. Олар егер айтылған дыбыс дауысты болса қолдарын шапалақтайды, дауыссыз болса тыныш отырады. Мақсаты: оқушыларды дыбыс түрлерін ажыратуға машықтандыру. | ||
Үй тапсырмасын сұрау.
«Қарға мен Көлбақа» |
Мазмұндау, тізбектеп оқыту. | «Бас бармақ-пен» бағалау | Ертегінің мазмұнын баяндайды, тізбектеп оқиды. | Тыңдаймын, «бас бармақпен» бағалатамын. | ||
4 | Жаңа сабақ. | Ой қозғау | Көрсетілім | Суретте жасырынып тұрған бейнені табады. Бүгінгі сабағымызда осы үшеуі туралы сөз болатынын болжап айтады. Мысық, тышқан, қоңырау туралы білетін білімдерін ортаға салады. | Экранға мысық, тышқан, қоңыраудың суреттерін жасырып, үш топтан кезектестіріп сұраймын.
— Балалар, бұл үшеуінің суреттері неге жасырынып тұр деп ойлайсыңдар? — Дұрыс айтасыңдар балалар, бүгін біз мысық пен тышқан туралы ертегімен танысамыз. — — Ал сендер осы мысық, тышқан, қоңырау туралы не білесіңдер? (тақпақ, жұмбақтар болса айтқызу) |
|
5 | Мағынаны тану
Ақ шар – қыс мезгілінің тапсырмасы. |
Оқулықпен жұмыс «Ойлан, бірік, бөліс» | Оқулық | Оқушылар ертегіні алдымен іштей оқиды, жұбымен талқылап, топта ортаға салады. | 1. Ертегіні іштей оқытамын.
2. Жұпта талқылатамын. 3. Ортаға шығарып мазмұны жайлы сұраймын. 4. Сұрақтарға жауап аламын. -Сонымен ертегі не туралы екен? -Ертегі сендерге ұнады ма? |
|
6 | Сергіту сәті. | Бейнебаян | Бейнебаяндағы аққаланың қимылын қоса орындайды. | |||
7 | Жасыл шар- көктем мезгілінің тапсырмасы. | Топпен жұмыс. | Постер | «Шапалақ» | І топ- гүлдерден сөздер құрайды.
ІІ топ – артық сөздерді табады. ІІІ топ – Сөздерден сөйлем құрайды. |
Бақылаймын, бағыт-бағдар беремін. |
8 | Дәптермен жұмыс | Дәптер | Мысық, тышқан, қоңырау сөздерін әдемілеп жолдың аяғына дейін жазып шығады. | Көркем жазуға дағдыландырамын, бақылаймын. | ||
9 | Қызыл шар – жаз мезгілінің тапсырмасы. | «Құрылысшы» ойыны | Геомертия-лық пішіндер | «Бас бармақ» | Берілген пішіндерден кез келген заттың формасын құрастырып шығарады. Оған қолданған пішіндерді атайды. | Топтардың алдына пішіндер салынған конферттер тастап, кез келген затты құрастырып шығуларын тапсырамын. |
10 | Ертегі бойынша қорытындылату. | «Ақылдың 6 ойлау қалпағы» | Қара, жасыл, ақ түсті қалпақтар | «Шапалақ» | Әр тоа өздеріне түскен қалпақтың түсі бойынша мысықтың жағымды-жағымсыз жақтарын айтады және оларға ортақ пікір қосады. | Тыңдаймын, бағыт-бағдар беремін. |
11 | Қорытынды. | Сұрақ-жауап әдісі. | Берілген сұрақтарға жауап береді. | -Біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болды?
-Қандай ертегімен таныстық? -Қандай жұмыстар атқардыңдар? « қорытынды сөзді әділқазы алқасына беріп, жеңімпаз топты хабарлату) |
||
12 | Үйге тапсырма. | Күнделіктеріне жазып алады. | «Мысықтың қоңырауы» ертегісін мазмұндау. Мысық пен тышқан туралы тақпақ, жұмбақтар жаттап келу. | |||
Мадақтау | Жұлдызшалар | Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға жұлдызшалар беремін. | ||||
13 | Рефлексия | Кері байланыс сатысы | Оқушылар сабақта алған білім деңгейлеріне сәйкес білім сатасының тұсына смайликтер жапсырады. (1-сатысы «түсініксіз боды» ,
2-сатысы «ішінара түсіндім», 3- сатысы «барлығын түсініп алдым» ) |
Оқушылардың сабақтан алған көңіл-күйлері мен түсініктерін бақылаймын, қорытынды жасаймын. |