«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»КММ
Серикова Эльмира Зановна
Сабақтың тақырыбы:Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау. Жылу құбылыстары тарауын қорытындылау
Сабақтың мақсаты: шығармашылықты шыңдау, білім-білік дағдыны өмірлік қолданысқа айналдыру.
Білу: пайдалы әрекет коэффициентінің физикалық мәнін білу.
Түсіну: жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелерді түсіну.
Қолдану : ПӘК-ін есептеуді үйрену,өмірлік маңызы бар сұрақтарға жауап беру.
Талдау: экологиялық мәселелерге әртүрлі тұрғыды сипаттама беру.
Жинақтау: ғылыми тұрғыдан әртүрлі мәліметтерді жинақтау.
Бағалау: Жылу машиналарының жетістіктері мен маңызы,экологиялық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау.
Сабақ міндеті: шығармашылықты шыңдау, білім білік дағдыны өмірлік қолданысқа айналдыру.
сабақтың түрі: жаңа сабақ
типі: Аралас типті.
әдіс тәсілдер: топтық әдіспен талдау, әр түрлі жинақталған мәліметтреді пайдалана отырып, тиянақтау, бағалау.
Сабақтың ұраны: “Төзімділік пен шыдамдылық істің нәтижесіне жеткізеді.”
Сабақта оқушыларға арналған тілек! (Сергіту)
З- зейінділік
Е— ептілік
Р— рақымшылдық
Д- данышпандық
Е – ержүректікке
Л— лайықты болуға
І— ізгілікті білім тілеймін!
Жоспар:
• Үй жұмысын қайталауға арналған сұрақтар.
• “Миды шынықтыру”
• Топпен жұмыс.
• Жаңа тақырып бойынша түсініктемені толықтыру.
• Есептер шығару.
• “Домино” ойыны
• Бағалау.
• Рефлексия.
Үй жұмысын тиянақтауға арналған сұрақтар:
Тоңазытқыштың құрылысы қандай?
Термодинамиканың 1 және 2-ші заңын тұжырымда!
Тоңазытқыштың отыны не?
Іштен жану қозғалтқышының құрлысын ата?
Қозғалтқыштың жұмыс циклі қандай?
Бу турбинасы құрылысы?
Барлық жылу қозғалтқыштарының қажетті 3-бөлігі?
Жылу машиналары дегеніміз не?
Адиабаталық процесс?
Термодинамика заңына сәйкес поршеньнің атқаратын жұмысы?
Термодинамиканың 1-ші заңының теңдеуі?
Жылу қозғалтқыштары қай жерлерде бар?(мысалдар)
«Миды шынықтыру»
Жылу құбылыстарына арналған жұмбақтар шешу.
а) Қазақ мақал-мәтелдерінің мағынасын ашу.
1) Сыртта қапырық болып тұр,
Үйде ол селкілдеп тоңып тұр? (Тоңазытқыш)
2) Оңынан оқы,тіршілік нәрі.
Солынан оқы ,онсыз адам,өсімдік ,аң құс.
Әп-сәтте сөнер,тұншығып бәрі. (ауа)
3) Қайнайды отта тұрып құйған суы,
Көтерілді жоғары судың буы
Ойланып есептейік,кәне енді,
Кетті екен қайнатуға қанша жылу? (Q=r*m)
4) Жоғалмайды ешқашан
Түрлендірсең егер де.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді сондада. (Энергия)
5) Еститін таң алдында бұлбұл үнін,
Хан қолында тұрыпты бір қыз сұлу.
Қызға арнап алтын алқа тағу үшін
Кетті екен есептейік қанша жылу? (Q=cmΔt)
6) Тіршіліктің қамы үшін
Жоқшылықты түзейді.
Егер іскер жан болса,
Жоқшылықты тежейді. (Жұмыс)
7) Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. (Масса)
8)Жүрісі бар түрі жоқ,
Үні барда,тілі жоқ (Жел)
ә) Мақал мәтелдердің физикалық тұрғыда мағынасын ашу:
1) Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады (балқу)
2)Бір кісі жаққан отқа мың кісі жылынады (Жылу өткізгіштігі)
3)Қатты қаңтар болмай теңізде су қатпайды. (Қату температурасы)
4) Жұпарды жасырғаныңмен, иісі білінеді (Диффузия құбылысы)
Топтарға тапсырмалар:
1 топ: Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығындағы мәні.
2 топ: Атмосфераның ластануы, экология.
3-топ: Ауа ластануына қарсы жүргізетін шаралар.
Бұл сұрақтар бойынша оқушылар тақтаға шығып, дайындаған постерлерін қорғайды,талдайды.
Жаңа тақырып бойынша қосымша түсінік беру.
Жылу қозғалтқыштары:
Анықтама: Ішкі энергияның бір бөлігін механикалық энергияға айналдырып, соның есебінен жұмыс жасайтын құрылғылар жылу қозғалтқыштары деп аталады.
Ішкі энергияны механикалық энергияға айналдыратын жылу машинасының тиімділігін сипаттау үшін жылу машинасының пайдалы әрекет коэффициенті ұғымы қолданылады.(формуласын жазып мысалдар келтіру)
Экология және физика.
Адам өзі үшін «көнгіш және тыныш» табиғат елесін жасап алды және оған тұрақты әсеретуге тырысады. Оған жауап ретіндегі табиғаттың іс-әрекетін көбінде алдын ала болжау мүмкін емес және осы әрекеттің алдын алу кейде өте қиынға соғады.
Атмосфераның ластануы: Атмосфераның ластануына Жерге Күннен келіп түсетін сәулелерді жібермейтін көмірқышқыл газының жиналуы жатады. Ал бұл өз кезегінде атмосфераның қызуына, мұздықтардың еруіне, Күннен оқшаулануға және ылғалдылықтың жоғарылуына, яғни салқындауға келіп соғады. Жылулық ластанудан Жер беті қызады: ғасырлық мұздар ериді,соның әсерінен мұхиттардағы судың деңгейі көтеріліп, жағалауларды су басады.
Қазақстанның литосфералық ластануы: Өзіне қажетті дақылдарды өсіру үшін адам жерді жыртады, бірақ жер шаруашылығындағы қателіктер және биологиядан білімінің аздығы жердің құнарлы бөлігінің шайылуына әкеліп соқтырады. Экологияға тек қана табиғат жатпайды, сонымен бірге қоршаған ортаны ластайтын зауыттар, фабрикалар, кәсіпорындар кіреді.
Біздің мақсатымыз-экологиялық мәселелерді физикалық тұрғыдан қарастыру, олардың пайда болу себептерін және осы мәселелерді дүние жүзінің және Қазақстан ғалымдары қалайша шешетінін анықтау. Ауаны ластамау үшін автокөліктерге сүзгі орнатуды қатаң қадағалау керек.
Экологиялық негізгі фактілер:
Бір көлік – 4 тонна оттегі жұтса, 80 кг көмір қышқыл газын ауаға таратады.
Бір автомобиль двигателі – 200 кг ауыр металл тұздарын ауаға таратады.
Соңғы жылдары ауада көмірқышқыл газдары-360 млрд тоннаға жеткен.
Ауа лайнері ( реактивті ұшақ) 5 сағат бойы ұшқанда 45 тонна оттегіні жұтады.
Қорытынды:
Біздің мақсат – экологиялық құбылыстарды анықтап, адамдардың онымен жұмыс жасауға санасын қалыптастыру. Ол үшін экология туралы білімді жетілдіру және экологиялық сауаттылықты күшейту керек.
Ұсынба:
1.Автокөліктердің қоршаған ортаға зиянсыз жаңа үлгілерін ойлап табу
2.Зиянсыз қозғалтқыштарды пайдалану мүмкіншілігін туғызу.
3. Ауаны ластайтын заттардың шығарылуын төмендету
4. Отынның зиянсыз жаңа түрлерін пайдалану
5. Қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ету.
ПӘК-ін табуға есептер шешу
1. Массасы 50 кг құрғақ ағаш толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? (Құрғақ ағаштың меншікті жану жылуы 1*107 Дж/кг)
2. Газ 300 Дж жылу мөлшерін алғанда ішкі энергиясы 200 Дж артты. Газдың істеген жұмысы неге тең?
3. Жылу машинасы бір циклде 400 Дж жылу шығарып 600 Дж жұмыс жасайды. Жылу машинасының ПӘК неге тең?
4. Қыздырғышы 227 0С, ал салқындатқышы 27 0С жылу машинасының максимал ПӘК-і неге тең?
Критерий арқылы бағалау.
«Домино» ойыны
Атаулары. Белгіленуі
Меншікті булану жылу? c
Отынның меншікті жану жылуы? r
Меншікті балқу жылуы? q
Меншікті жылу сыйымдылығы. λ
«Анықтамалар сөйлейді»
(өздік жұмыс,білетін оқушы қол көтеріп жауап береді)
Конденсация…
Конвекция…
Диффузия…
Булану…
Кебу…
Балқу…
Қатаю…
Энергияның сақталу заңы…
Қаныққан және қанықпаған булар…
Рефлексия:
Білемін
Білдім
Білгім келеді.
[bws_related_posts]