№14 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Атейбекова Раушан Талиповна
Сабақтың тақырыбы: Көліктер
Сабақтың мақсаты: көлік түрлері туралы білімдерін кеңейту; көліктерді түрлеріне қарай топтастыра білуге үйрету, жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың жабдығы: әртүрлі көліктердің суреттері, ойыншық көліктер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын түрлері, тапсырмалар, интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
1-тапсырма. Қызығушылықты ояту.
1-слайд. Қоршаудағы әріптерден сөз құра.
ө і к р
к л т е |
Осы әріптерді жинағанда «көліктер» сөзі шығады. Бұл біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы екені айтылады.
- Жаңа сабақ
2-тапсырма. Ассоциация.
Көлік деген сөзді естігенде ойыңа (көз алдыңа) не келеді? Оқушылар өз ойларын жазады.
көлік |
3-тапсырма. Суреттермен жұмыс.
Оқушылар түрлі көліктердің атын сурет бойынша атап, олардың қандай мақсатта қолданылатынын айтады. Содан соң көліктерді топқа бөлу.
2-слайд. Сәйкестендіру.
Көлік суреттерімен олардың топтарын меңзер сызығымен сәйкестендіру.
Ұшақ су көлігі
Автобус метро
Камаз әуе көлігі
Пойыз жүк көлігі
Кеме жолаушы көлігі
Метро теміржол көлігі
4-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы мәтінді мәнерлеп оқып, түсінгендерін сұрақ-жауап арқылы тексеру. Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқыту.
5-тапсырма. Топпен жұмыс. «Қай әріпті жоғалттым?»
Көп нүктенің орнына тиісті әріп қойып, өлеңді толықтыру.
1-топ. Қ…зыл к…зі ж…нғанд…
Сынық суй…м б…спа алға
2-топ. С…ры к…зі ж…нғанд…
Қ…рап қ…лм…а асп…нғ…
3-топ. Ж…сыл к…зі ж…нғанд…
Өт… б…ргін ж…сқанб…
Сұрақ: Бұл өлең не туралы?
Бағдаршам қандай жұмыс атқарады?
Сергіту сәті. «Жолдан өте біл» ойыны
6-тапсырма. Топпен жұмыс. Жолаушы ережесін құра.
Қоғамдық көлікте өзін дұрыс ұстау ережесін құрастыру.
7-тапсырма. Жол белгілері.
Көшеде жол ережесін реттейтін тағы не бар?
Балалардың жол белгілерін қаншалықты жақсы білетіндерін байқау үшін суреттерді көрсете отырып белгінің ережесін сұрау.
8-тапсырма. Ойын-жарыс.
Сандар реті бойынша сызық жүргізу арқылы көлік суретін табу. Ол үшін екі оқушыны тақта алдына шығарып жарыс түрінде орындалады.
9-тапсырма. «Көліктің пайдасы мен зияны» деген тақырыпта пікірталас өткізу.
- Сабақты қорыту.
Оқушылардың білімдерін бағалау.
- Үйге тапсырма.
Мәтінді мәнерлеп оқу, әңгімелеу. Қосымша мағлұмат жинау
[bws_related_posts]