Қызылорда облысы Арал ауданы
№87 орта мектептің математика пәні мұғалімі
Баешева Құралай Сидағалиқызы ІІ деңгей
Коучинг сабақ жоспары
Тақырыбы: | Оқушыларды дұрыс бағалап жүрміз бе?
«Мектептегі оқушыны бағалау әдістері» |
||||
Мақсаты:
|
1.Бағалаудың түрлерін білудің маңыздылығы туралы пікірлесу;
2. Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалаудың айырмашылығын түсіндіру; 3. Критерийлер арқылы бағалаудың тиімділігін меңгерту, дұрыс пайдалану жолдарын үйрету. |
||||
Оқу нәтижесі:
|
1. Бағалау туралы нақты түсінік алады, оны қолдану жолдарын үйренеді;
2.Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалаудың айырмашылығын түсінеді; 3. Критерийлер арқылы бағалауды меңгереді. |
||||
Негізгі идеялар: | Бағалау түрлерін сабақта қолдану жолдарын іздейді, тиімділігін түсінеді; Формативті бағалау мен сумативті бағалауды ажыратады. | ||||
Материалдар мен құрал-жабдықтар: | Слайд-презентация, стикерлер, бейне жазба, мәтін, 6 қалпақ. | ||||
Өткізу барысы: | |||||
Этап | Тапсырма | Уақыт | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімнің іс-әрекеті | |
1.Психологиялық ахуал туғызу | Топқа бөлу, топ ережесін құру. | 2 мин | Смайлиетер арқылы топқа бөлемін. | Топқа бөлінеді, топ ережесін қабылдайды. | |
2. Ұйымдастыру кезеңі | Мектептің суретін салу, топтар бірін-бірі бағалау. | 5 мин | Әр топқа бір-бір плакат таратамын. | Топтар бір-бірінің салған суреттерін бағамен бағалайды. | |
3. Презентация | Салған суреттерін бағалауға критерий беру.
Ұпайды бағаға айналдыру. 8-9 ұпай – «5» 5-7 ұпай – «4» 3-4 ұпай – «3» 0-2 ұпай – «2» |
10 мин | «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау»
туралы қысқаша мәлімет беремін. |
Мұғалімдер критерий арқылы суреттерін бағалайды.
Керегін түртіп алады.
|
|
4. Бейне сюжет | Талқылау | 5 мин | «Біз қалай бағалап жүрміз?» | Бейне сюжетті көріп,талқылайды.
Өз ойларын ортаға салады. |
|
5. Сергіту сәті. | «Сағат тілімен достар» тренинг | 3 мин | Әр санның тұсына бір адамның есімін жазу. | ||
6. Қорытындылау | 1.Бағалау туралы не білдіңіз?
2.Қалыптастырушы және жиынтық бағаның айырмашылығы неде? 3.Сіз сабақта нені бағалайсыз? 4. “5”, “4”, “3”, “2” деген бағаларды қалай қоясыз?
|
10 мин | «Алты қалпақ» әдісімен тапсырма беремін. | Постер қорғайды. | |
7. Рефлексия | Портфель, еттартқыш, қоқыс салатын шелек. | 5 мин | Үш түрлі стикер таратамын. Әр кім өзіне қажетін портфельге, ойланатын мәселесін еттартқышқа, ал қажет емес дегендерін қоқыс шелегіне тастауды тапсырамын. | Стикерге өздеріне не алғандары, ойлары туралы бағалайтын сөздер жазады. | |
Дереккөздер: | Әдістемелік нұсқау
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
|
||||
Дескрипторлар | |||
Критерий | 1 ұпай | 2 ұпай | 3 ұпай |
Түпнұсқаға ұқсастығы | мектеп тақырыбына мүлдем келмейді | Түпнұсқаға ұқсайды, бірақ кейбір элементтері сәйкес емес | Түпнұсқадан айнымайды. |
Өзектілігі | тақырыпқа сай емес | тақырыпқа сай бірақ өзектілігі нақты емес . | тақырыпқа сай және өзектілігі айқын |
Көлемділігі | тақырып ашылмаған сурет өте аз, аяқталмаған | тақырып ашылған сурет көлемі шағын | тақырып ашылған сурет көлемді элементтері көп |
[bws_related_posts]