Павлодар облысы , Баянауыл ауданы , Ақсан ауылы
Баянауыл аудандық білім бөлімінің
Ақсан жалпы орта білім беру мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Информатика пәнінің мұғалімі
Абылкасова Балкен Көкенқызы
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері
Сабатың мақсаты:
Білімділік: Ms Word редакторында “Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері” тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелік: Ms Word редакторында мәтінді сауатты теруге, жүйелілікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылықпен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастырукезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру
Бүгін үйге берген сабақты “Алтын тасты сұрақтар ” арқылы сұралады. Ол үшін мынадай берілген сұрақтарға жауап беруіміз қажет.
- Слайдта берілген терезе қай программаның терезесі?
- Microsoft word — бұл …………………….
- Microsoft word қалай іске қосамыз?
- Microsoft word –тың терезе элементтері
- Құжатты сақтау әрекеті қалай орындалады?
- Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін қандай әрекеттерді
орындауға болады?
- Қайсысы мәтіндік редактор емес?
III.Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
IV.Жаңа тақырыпты түсіндіру .
Жаңа сабақты бастамас бұрын тағы да мәтіндік редактордың іске қосу әрекетін еске түсірейік: Microsoft Word-ты іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындау қажет.
Пуск – Программы – MicrosoftWord
Пішімдеу панелі
Мәтінді пішімдеуге мыналар жатады:
- Әр түрлі шрифттерді пайдалану
- Құжат өрісінің шекараларын өзгерту (оң жақ, сол жақ, жоғары, төменгі өрісі)
- Мәтінді бағандарға бөлу
- Символдың, обзацтың, беттің сипатын тағайындау
Символдарды кірісті
Пішімдеуге арналған пернелер комбинациялары
Пернелер комбинациясы | Форматтау кезіндегі әрекеттері |
<Ctrl> + <I> | Курсив (К) |
<Ctrl> + <U> | Асты сызылған (Ч) |
<Ctrl> + <B> | Жартылай қарайтылған (Ж) |
<Ctrl> + <E> | ортасына |
<Ctrl> + <L> | Сол жақ шеті бойынша |
<Ctrl> + <Z> | Оң жақ шету бойынша |
<Ctrl> + <J> | Ені бойынша (екі жақ шетінен) |
Ерекшелеу құпиясы
Сөзді ерекшелеу | Сөзде маусты екі рет шерту |
Сөйлемді ерекшелеу | Ctrl пернесін басып тұрып, сөйлемнің
кез келген жерінде маусты бір рет шерту керек. |
Абзацты ерекшелеу | Үш рет басу керек. |
Бүкіл құжатты ерекшелеу | Ctrl +A пернелерінің комбинациясын басамыз немесе Правка менюінен Выделить все командасын орындаймыз. |
( сабақ өту барысында)
- Сабақты бекіту:
Компьютерде практикалық жұмыс орындау, ол үшін ең бірінші компьютермен жұмыс істер алдындағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіру керек.
Оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындату
А-деңгейі бойынша мәтінді көшіріп жазып, келесі тапсырмаларды орындау:
- 1-тапсырма мәтініндегі “Компьютерлік вирус” сөзін жартылай қалың және курсив-қа ерекшелеңдер;
- Мәтіндегі “Microsoft” және “Concert” сөздерін асты сызылған етіп ерекшеле;
- Мәтінді “Вирус” атауымен сақтаңдар.
В-деңгейі бойынша келесі тапсырмаларды орындау:
- 2-тапсырма бойынша суреттермен берілгендерді сөзбен жазыңдар;
- Мәтіндерді әртүрлі қаріптермен ерекшелеңдер;
- Мәтінді Өз аттарыңмен сақтаңдар.
- Сабақты бекіту:
Мынадай ойын арқылы сабақты бекіту:
1.Сиқырлы шарлар / Пішімдеу панелінің батырмаларын тап? (дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!) /
- Асқабақтарды жина! /Мәтінді туралайтын батырмалардан тұратын асқабақтарды жина!/
- Сергіту жаттығулары (2 мин) Көзге арналған электрондық жаттығулар
VII. Қорытындылау.
Мұғалім:
-Сендер мәтіндік процессордың терезе элементі мәтінді пішімдеумен және онымен жұмыс істеуді бастадыңдар.
- Қандай ерекшіліктерді кездестірдіңдер?
- Не нәрсе ыңғайсыз болды?
- Бұрын сендер жұмыс істеген басқа программалардан қандай басымдылығы бар?
- Бұл программа туралы тағы не білгілерің келеді?
- Үйге тапсырма беру. §17-ты оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.
Тест тапсырмасын орындау
Тексеру кілті:
1. | 2. | 3. | 4. | 5. | 6. |
VII. Оқушыларды бағалау.
[bws_related_posts]