Әйтеке би кенті
Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира Жакыпова
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
- 8 санын қосу және азайтуды үйрету, санды қосу және азайтуда амалды таңдай
білуін жетілдіру;
- Ауызша есептеу дағдыларын, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, қиялын дамыту;
- Математика пәніне қызығушылыққа, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
- Түзету – ойлау, есте сақтау, ойлау, қабылдау, қиял және сөйлеу процестерін дамыту.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік.
Көрнекіліктері: сандар, слайд, текшелер, суреттер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық.
— Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келді. Бәріміз амандасып, өзіміздің ақжарқын күлкімізді сыйлайық.
Үлкеге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
ІІІ. Өткенді қайталау.
1.Бір қолыңда неше саусақ?
- Бір аптада неше күн бар?
- 7 мен 9-дың арасында қандай сан?
- Қазақ Алфавитінде қанша әріп бар?
- 1 жылда неше ай бар?
- Қосудың компоненттерін ата?
- 9-дың алдындағы қандай сан?
- Ең кіші сан?
- Азайтудың компоненттерін ата?
ІҮ. Жаңа сабақ:
Енді Сіздерді қонақтармен бірге «Ертегілер еліне» саяхатқа шақырамын. Сіздер ертегілерді жақсы көресіздер гой. Ал, ендеше саяхатты бастайық!
— Бірақ, балалар, «Ертегілер елінің» қақпасы жабық екен. Оны ашу үшін сиқыр керек. Бәріміз бірге шатаспай 1-ден 10-ға дейін санайық. (Ашылмайды).
— Кері санап көрейік. (Ашылмайды).
— Енді не істеуге болады екен?
Кәнеки, бәріміз 3 рет шапалақтайық. (Ашылмайды).
— Менің ойымша, бұл қақпаның құпия саны бар шығар.
Сіздер қалай ойлайсыздар?
Балалар бізге хат келіп тұр екен, ашып оқиық.
Мына өрнектердің мәнін дұрыс тапсаңдар құпия сан шығады.
Тауып көреміз бе?
Тақтадаға өрнектерді шығарып көрейік
Құпия сан: 8
Қақпа ашылады. «Ертегілер» әні орындалып, слайд көрсетіледі.
Балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: 8 санын қосу және азайту
«Қасқыр мен қозы» ертегісінің суреті көрсетіліп тұрады.
Балалар, не байқап тұрсыздар?
Қасқыр қозыны жеп қоймақшы ма?
Біз де ертегілер елінде жүргендіктен сиқыр жасап, қозыны құтқарайық.
Оқулықтағы 78 беттегі №1 есептің мәнін дұрыс тапсақ қана қозыны құтқара аламыз.
№1есеп
8+8= 16 ( 8+2)+6 =16 16-8=8 (16-6)-2=8
— Балалар, экранға назар аударыңыздар, қозыны аман алып қалдық. Біз де қошақанмен бірге қуанайық.
- Сергіту сәті.
VІ. «Түлкіге көмектесу». — Мына суретте нелерді көріп тұрсыздар?
— Арыстан – қандай аң? — Түлкі қандай? — Түлкі қанша қумын, айлакермін дегенімен бүгін бір жамандыққа тап болған сияқты. Түлкіні арыстанның тырнағынан құтқарайық.
№2 есепті шығарайық
8бен 2сандарының қосындысына 6-ны қосу;
16 мен 6 сандарының айырмасынан 2-ні азайту;
9 бен 1 сандарының қосындысына 7-ні қосу;
17 мен 7 сандарының айырмасынан 1-ді азайту;
— Рахмет балалар, сіздерге түлкі риза болып, құйрығын бұлғаңдатып кетіп барады. «Ертегілер» әні орындалып, слайд көрсетіледі.
— Балалар, өздеріңіз байқап отырғандарыңыздай ертегілерде аңдар, жануарлар кездесті
Сол аңдар мен жануарларды қоректендір ойынын ойнап жіберейік
Тақтада аңдар суреті ілінген, ал тамақтардың суреті үстелдің үстіне қойылған.
Маймыл Аю Қоян
Балалар ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.
Тақатада Тазша балаға ормандағы Дию кездесіп қалыпты.
Мына есепті шығармасаң, қараңғы зыңданға тастаймын деп сес көрсетіп тұр. Біз де оқулықтағы 3- есепті шығарып, тезірек Тазша балаға көмектесейік.
VІІ. Кітаппен жұмыс. 3-есеп.
Айдың басында шеберханаға жөндеу үшін 7 комбайн әкелінген еді. Айдың аяғында сонша комбайн жөндеуден өтті. Неше комбайн жөнделді?
— Бәрекелді балалар, Тазша баланы құтқардыңыздар.
«Ертегілер елінде» жай саяхаттамай қаншама жақсы істер істеп жатырсыздар. Тапсырмаларды дұрыс орындағанымызға Тазша бала риза болды. Қандай тапқыр балалар деп тамсана айтып жүретін болды Енді шаршағанымызды басып, дем алсақ қайтеді.
ІХ. Сергіту сәті.
123 – қарлығаш боп ұш
456 – қарлығаш боп қалқы
78910 – қарлығаш боп қон
ХІ. Бекіту. — Балалар, біз қандай жақсы істер істедік?
- Сандарға 8 санын қосып, азайтуды үйреніп, қозыны құтқардық.
(«Қасқыр мен қозы»)
- Аңдарды қоректендірдік
- №2 есепті орындап Түлкіге көмектестік. («Арыстан мен түлкі»)
- Тазша балаға №3 есепті шығарып бердік. («Тазша бала»)
«Ертегілер елінен» қайтатын да уақыт болды.
Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан)
— Қазақстан қандай ел?
-Тәуелсіз ел
-16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні
— Балалар 16 санының құрамын кім айтады?
ХІІ. Қорытынды:
Үйге тапсырма:
Бағалау
Ал енді қолдарыңдағы сандарды өсу ретімен қ орналасып тұрыңыздар.
-Өте жақсы. Енді қолдарыңыздағы сандарды кері айналдырыңыздар.
Жарайсың сөзі шықты.
-Балалар бүгін сабаққа жақсы қатысып, араласып отырғандарыңыз үшін сіздерді мына күлімсіреген бауырсақ арқылы бағалаймын. Бауырсақтың ішінде үй тапсырмасы бар.
79 беттегі №6 есеп
[bws_related_posts]