Басы » Баяндамалар » Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы

Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы

баҚызылорда облысы

 Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті

  Ж.Жабаев атындағы № 234 мектептің түзету сынып мұғалімі

Жакыпова Гульмира Абдысаматқызы

«Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы «

Түзету сыныптарында тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән береміз.
Түзету сыныбындағы балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Түзету сыныбындағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде топ жетекшісінің:
— балалардың сөздік қорларын дамыту;
— жаңа сөздерді меңгерту;
— үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді топ жетекшісі үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Топ жетекші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.

Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.
Жалпы ойынды ұйымдастыру:

1.Ойынды өткізуге әзірлік,

2.Ойынды өткізу,

3.Ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды.

1.Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
2.Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады.

3.Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен  балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері  қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем.
Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.

 

 

 

  1. Шаттық шеңбері «Ойыншықты сипатта!»
    Топ жетекші: Балалар, қазір мен сендерге мына қолымдағы ойыншықты әрқайсысыңа ұсынамын. Сендер осы ойыншықты ұстап тұрып, бір сөзбен сипаттауларың керек. Мысалы, жұмсақ, әдемі, аппақ, т.б. Содан кейін айтқан сөздеріңді есте сақтап қалып, сол жақтағы көршілеріңе сол сөзді айтасыңдар, осылайша шеңбер бойынша жалғасып кете береді.
    «Сиқырлы қоржын» жаттығуы
    Топ жетекші: Балалар, сендер мына сиқырлы қоржынды көріп тұрсыңдар ма, бұл қоржында әр түрлі заттар толып тұр. Сендер осы қоржында не бар екенін табыңдаршы.
    Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қоржын тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншық бар. Балаларды кезекпен шақырып, қоржынның ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы. Екі доп, екі машина т.б. Балалар қолымен заттарды сипап, бірдей затты тауып алганнан соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша  жалғасады.
  2. «Зейінді бол!» жаттығуы
    Топ жетекші: Балалар, қазір мен сендерге сөздер оқимын, сол сөздердің ішінен сендер жануарлардың атын естігенде қол шапалақтауларың керек, ал құстың аттарын естігенде аяқтарыңмен топырлатасыңдар, балықтардың атауларын айтқанда, балық ұқсап жүзулерің керек.
    Қарақат, алабұға, алма, түлкі, сандық, көгершін, сауысқан, шортан, жолбарыс, теледидар, қарға, аю, гүл, тотықұс, кит, акула, бауырсақ, қоян, ақ шағала, шабақ, арыстан, қарлығаш.

 

 

 

Пайдалыныған әдебиеттер:

  1. «Дамуында бұзушылықтары бар баланы тәрбиелеу және оқыту» журналы №2 – 2010ж.
  2. «Дефектология» журналы №6- 2010ж.
  3. Певзнер М.С. «Дамуында ауытқулары бар балалар» М.,1996ж.

 

 

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *