Басы » Бастауыш сыныптар » Ұшқан ұя. Бауыржан Момышұлы

Ұшқан ұя. Бауыржан Момышұлы

гауҚарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу – Аюлы мекені

«Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ

ІІ санатты, ІІІ (базалық) деңгейлі  бастауыш сынып мұғалімі Жанабекова Гауһар Аубакировна

Әдебиеттік оқу      2-сынып

 

Тақырыбы: Ұшқан ұя.     Бауыржан Момышұлы

Мақсаты: мәтінді түсініп оқып, ондағы негізгі ойды анықтау.

Міндеттері: автор туралы білімдерін кеңейту. Өзіндік ой-пікірлерін қалыптастыру;

Іс-әрекет белсенділіктерін жетілдіру. Ой-өрістерін, сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін дамыту;

Ұжымдағы сыйластыққа, салт-дәстүрді қадірлей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Р/с Кезеңдері Әдіс-тәсілдер Ресурсы Бағалау Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әркеті
1 Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

 

«Шаттық шеңбері»     Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, өлең жолдарын жатқа айтқызамын.

 

Оқушылар бір-біріне қарап, өлең жолдарын айтады.

Күлім қағып қолымды,

1,2,3 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы жүзбенен,

Маңдайынан сипайын.

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бер қысайын.

2 Топқа бөліну Сандар арқылы 1,2,3 сандары жазылған корточкалар   Оқушыларды 1, 2, 3 деген сандар бойынша 3 топқа бөлемін. Әр топтың топ басшысын сайлап аламын. Топ басшысына бағалау парақтарын ұсынамын.

Топтың ережесін еске түсіремін.

І топ — «Оқу орталығы»

ІІ топ – «Жазу орталығы»

ІІІ топ – «Өнер орталығы»

Оқушылар 1, 2, 3 деген сандар бойынша 3 топқа бөлініп мұғалімнің нұсқаған тобына отырады.

Әр топ өздеріне топ басшысын сайлайды. Топ ережесін құрады.

1.      Топта тыныштық сақтау.

2.      Топта ынтымақтастықта жұмыс жасау.

3.      Уақытты үнемдеу.

4.      Өзгенің пікірін сыйлау, ойын ашық айту.

5.      Шынайы бағалау.

3 Өткен материалдар бойынша жұмыс «Бәйге» ойыны Интербелсенді тақта, слайд «Шапалақ» тактикасы Эранда берілген сандарды таңдату арқылы өткен материалдарды еске түсіртемін. Сұрақтарға жауап аламын./экранда ауызша, жазбаша және тірі сұрақтар беріледі/

1. «Ата-әжеме хат» мәтінінін мазмұнын айт

2. Мәтіннің авторы кім?

3. Ы. Алтынсариннің бір өлеңін жатқа айт

4. Ы. Алтынсариннің қандай шығармаларын білесің?

5. Әжеге жазған хатыңды оқып бер

6. Атаға арнап жазған хатыңды оқы

Әр топ мүшелері өздері таңдаған санға қатысты сұрақтарға жауап береді.
4

 

 

 

 

 

 

 

Қызығушылықты ояту Түрткі сұрақ   «Бас бармақ» тактикасы арқылы мұғалімнің бағалауы — Хатты кімге арнап жаздың?

— Атаға байланысты қандай қасиетті сөздер бар?

— Осы 7 атаны әрі қарай өрбітіп айтып көрейікші,-деген сұрақтарға жауап аламын.

/7 ата -ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
5 Жаңа сабақ Мақалмен жұмыс слайд «жарайсыңдар» — Балалар, енді назарымызды экранға аударып, берілген мақалды түсініп оқиық:

1. Жеті атасын білмеген – жетесіз.

2. Жеті атасын білген ұл

Жеті жұрттың қамын жер

Өзің ғана білген ұл

Құлағы мен жағын жер.

— Мақалды қалай түсінесіңдер?

— Мақалдарда не туралы айтылған? /жеті ата/

Оқушыларға бағыт-бағдар беремін.

Экрандағы мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіреді.
6 Мағынаны тану «Болжау» әдісі Слайд, үнтаспа, видеодан үзінді   — Жақсы балалар, олай болса бүгінгі сабақта не жайында айтылады деп ойлайсыңдар?

— Дұрыс, балалар. Бүгінгі өтетін мәтініміз жеті ата туралы болмақ. Бүгін біз сендермен  «Ұшқан ұя» мәтінімен танысамыз.

— Мәтінмен таныспас бұрын мына үнтаспадағы дауысты тыңдап, кімнің дауысы екенін тауып көрейік

— Бауыржан аталарың туралы білгілерің келе ме?

— Ендеше экранға назар аударайық. /Слайдтан Б. Момышұлының суреттерін көрсете отырып, өмірімен, шығармаларымен, ерлігімен таныстырамын, фильмінен үзінді көрсетемін/

Үнтаспадағы дауысты тыңдап, кімнің дауыс екенін анықтайды.

-Бауыржан Момышұлының дауысы.

Сұрақтарға жауап береді.

7 Мәтінмен жұмыс Сөздікпен жұмыс слайд   — «Ұшқан ұя» мәтінімен жұмысты бастамас бұрыс мәтінде бұрын біздің қолданысымызда көп кездеспейтін сөздер бар, соларға тоқталып өтейік.

Бағыт-бағдар беремін.

Тақтада жазылған сөздерді оқиды, мағынасын ашады.

Ататегі – арғы аталары

Баппен – асықпай

Араз – тату емес, өш

8 Топтық жұмыс «Ойлан», «топтас», «жұптас» әдісі Оқулық, мәтін мазмұнына сай салынған суреттер, бағдаршам «Бағдаршам» тактикасы Топтарға тапсырмалар беремін:

«Оқу орталығы» тобы  — Киіз үйдің төрінде …. деген жерден бастап, «Алейкумассалам» десті дегенге деген жерге дейін, ал «Жазу орталығы» тобы – Содан соң әрқайсысы … деген жерден бастап мәтіннің соңына дейін оқып шығып түсінгендеріңді мазмұндайсыңдар.

«Өнер орталығы»  тобы — мәтінді толық оқып шығып, мамұнына сай суреттерден коллаж жасайсыңдар.

Топтардың жұмысын бағдаршам арқылы бағалатамын.

Бағыт-бағдар беремін.

Әр топ жұмыстарын орындаған соң қорғау жұмыстарын жүргізеді. Топтар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

 

9 Сергіту сәті

 

«Австралия-лық жауын» әдісі     Оқушыларға қимылдарды көрсетемін. Шңберге тұрып мұғалімнің көрсеткен дене қимылдарын жасайды.
10 Топтық жұмыс

 

«Ассосация» құру слайд,  карточкалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Топтарға тапсырмалар ұсынамын:

«Оқу орталығы» тобына – Жазушы ойын пайдаланып, нақыл сөз құрастыр

Ел тану деген — …. /елін, жерін, тілін, дінін, салт-дәстүрін дәріптеп, жетік түсіну/

«Жазу орталығы» тобына – Бауыржан атамыздың нақыл сөздерін аяқтау

1. Опасызда Отан жоқ, …..(Отанда опасызға орын жоқ).

2. Тәртіпке бас иген ұл … (құл болмайды)

3. Отанын үшін отқа түс … (күймейсің)

«Өнер орталығы» тобына – Біз келешекте қандай азамат боламыз? деген сұраққа өз ойларын жазғызып, топ алдында қорғатамын.

Берілген тапсырмаларға жауап жазады, топ алдында қорғайды.
11 Кестемен жұмыс   Карточкалар «Бас бармақ» тактикасы арқылы мұғалімнің бағалауы — Жақсы балалар, енді әрқайсысың мына алдарыңа таратылған кестеге өз жеті аталарыңды жазыңдар. /2-3 оқушыға оқытамын/ Берілген сызбаға өздерінің 7 аталарын жазып толтырады.
12 Қорытынды «Өрмекшінің торы» әдісі     «Өрмекшінің торы» әдісін қолдану арқылы сабақты қорытындылаймын.

Бауыржан Момышұлының нақыл сөзімен  «Халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз» деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Әрқашан өз дәстүрімізді, салтымызды, елімізді, ұлтымызды, ататегімізді үнемі ұмытпай біліп жүрейік.

Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қойып жауаптар алады. Соңында өрмекші торы құрылады.
13 Үйге тапсырма   Күнделік   Жалпы сыныпқа:  мәтінді оқып, мазмұнын айту және

«Оқу орталығы» — «Бауыржан ата» тақырыбына шағын ой толғау жазу,

«Жазу орталығы» — өлең құрастыру, «Өнер орталығы» — Бауыржан атанын ерлігін бейнелейтін сурет салу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
14 Кері байланыс   Кері байланыс парағы   Оқушыларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағына жазғызып, пікір ашағына ілгіземін. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағына жазып, пікір ағашына іледі.
15 Бағалау   Бағалау парағы, фишкалар   Сабаққа белсене қатысқан балалардың фишкаларын санап, тиісті бағаларын қоямын Топ басшылары бағалау парағын толтырады, фишкаларын санайды.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *