Басы » Cыныптан тыс » «Балам бол, басқа бол — бәріңе заң біреу — ақ» Жүсіп Баласұғұн

«Балам бол, басқа бол — бәріңе заң біреу — ақ» Жүсіп Баласұғұн

Турекенова Меруерт Болатқызы

ШҚО Білім басқармасының

«Жетім балаларға арналған

облыстық арнайы мектеп – интернаты»

комуналдық мемлекеттік мекемеснің

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

ТӘРБИЕ САҒАТЫ.

Сыныптан тыс тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Балам бол, басқа бол — бәріңе заң біреу — ақ»
Жүсіп  Баласұғұн

Мақсаты:

 Білімділік :Оқушыларды  құқықтық саналылыққа тәрбиелеу. Құқықты білуге, орындауға дағдыландыру.

Дамытушылық : Оқушылардың ой-өрісін дамыту,белгілі бір пікір айтуға,тұжырым жасауға үйрету,есте сақтау қабілетін жетілдіріп,сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік : Оқушылардың бойына құқықтық , патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру.

Көрнекілігі: Бала құқығы туралы сөздер суреттер,интерактивті тақта,слайдтар.

Көрініс.

Заңның құны. Моңғол ертегісінен

Ертекші: Осыдан талай жыл бұрын Моңғол елінде соқыр күйші болыпты.  Ол жылына 365 күн жайылымдарды аралап , үйден үйге кіріп, жұртқа күй тартып беріп, ән шырқап, жыр жырлапты.

Соқыр күйші басы артық тиын — тебенін бас ауырып, балтыр сыздағанда, жайылымдарды аралауға бармай қалғанда кәдеге жарар деп тірнектеп жинайды екен. Ақшасын қапшыққа салып, қапшықты қойнына тығып, ұдайы өзімен бірге алып жүріпті.

 Бір күні күйші шаршы жиында  күй шертіп  тұрғанда қасына үстіне жібек шапан , пүліш көкірекше , аяғына сұлу бәйкем киген бөгде біреу келіп, жүресінен отыра қалып, күйшіге қадала қарапты. Күйші  күйін тартып болып, жұрт тарай бергенде бейтаныс адам жан — жағына қарап алып, күйшінің қойнына қолын сұғыпты. Шошып кеткен соқыр күйші ұрыны қолынан ұстап алады.

Күйші:  Жамағат тапа – тал түсте , күн алтын шапағатын шашып тұрғанда тонап жатыр!

(Жұрт жиналып бейтаныс ұрыны ұрса бастайды.)

Ауыл адамы: Сонша жақсы киініп  алып, кімді тонап жатқанын қарашы!

Бейтаныс әйел: Сорлы соқыр күйшіні! Ой ұятсыз!

(Ұры қалтадан қолын босатпапты.)

Ұры: ойлаңдаршы, мына жаман соқырда осыншама ақша қайдан жүреді? Бұл менің ақшам! Ол менен  мұны тартып алғысы келді:

Ауыл адамы: Сұрқия, сорлы  күйшіге өсек таңбақсың ғой!

Бейтаныс әйел: Бұл зұлымды   биге  апаралық: Төрелігін айтсын.

Жұрт жиналып биге  келеді.

Би:  Бүк тізеңді! Сен сұмпайы  ұрысың,тапа – тал түсте ,күн алтын шапағын шашыпшашып тұрғанда сорлы соқыр күйшіні тонап  жатырсың. Рақымды өміршіңнің қол астында өмір сүре жүріп, бұлай жасауға қалай арың барды? 

Ұры:  Төрем , мен ең дегдар отбасынан шыққанмын. Әкем әйгілі кісі.  Маған мұндай жаман іспен айналысудың қажеті қанша?  Түкке тұрмайтын күйшіні тонап , ата – анамның атына дақ салар ма едім?

Би : Атақты отбасынан шықтым деуге қалай аузың барады?  Осы айтқаның рас болса , мына кедейді тонамас едің!

Ұры: Төрем! Сөзіме сеніңіз, әкемнің шені тап өзіңіздің шеніңізбен бірдей, дүниенің төрт бұрышында әкемді білмейтін  адам жоқ.

Би : Өзіңдей қиямпұры ұл өсірген парықсыз әкені кім біледі дейсің? 

Ұры: Төрем, менің әкемнің  атын сіз де білесіз. Әкемнің беті бұжыр, арқасы бүкір, аты Көне Күміс Ақша.

(Би  ойланып қалады.)

Би  ( Біраз үнсіз отырып) :  Сендердің былық істеріңмен айналысуға тура келеді.

Ертекші : сөйтіп, соқыр мен ұрыны  жеке – жеке қамауға  бұйрық береді. Түнде ұры өзін  биге  алып баруды өтініп, бетіне бедер салынған отыз күміс теңге пара беріпті.

Таңертең екеуі де Бидің  алдына келеді.  Бұл жолы  Би  соқыр күйшіге зәрін шашыпты.

Би : Жексұрын ұры, заңды бұзуға  қалай батылың барды? Адал адамға өсек таңуға зорлаған не, айт ?

(Күйші тіс жарып,, тіл қатпайды. Ол отырып алып,  қолымен жерді қаза береді, кейде бірдеңені тыңдағандай, елең етіп құлақ  түреді.)

Би:  Ей, Ұры , саған не болды, ақылдан адастың  ба?

КҮЙШІ: Төрем бұл жерде кеше нағыз заңның өзі сөйлеп еді. Бүгін  30 теңгеге бола заңның тілі күрмеліп, жердің жарығына кіріп кеткендей жоғалды.  Сондықтан да жерді қазып жатырмын, бәлкім заңды табармын , әлде теңге тауып алармын?

Ертекші:  Отыз теңгеге бола  заңның құқын түсінген  ноянның өңі қуарып , ұялғаннан әділ төрелігін айтқан екен.

Балалар бұл көріністе адам құқығына  нұқсан келды ме, қалай ойлайсыңдар ?

Балалардың жауабы:

  1. Жалған жала жабылып, мүгедек адамның құқығы тапталды.
  2. Біреудің жеке басына қол сұғылды.
  3. Әділдік айтатын бидің өзі пара алды.
  4. Өздеріңіз тамашалағандай Адам құқықтарысатып алу , табыс көзі немесе мұрагерлік арқылы келмейді және тек  адамдардың өздеріне ғана тән өмір сүруінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Адам құқықтары аламдардың нәсіліне , жынысына , дініне саяси өміріне, ұлттық немесе әлеуметтік және басқа да жағдайына қарамастан бәріне бірдей ортақ.  Біз туғаннан бастап тең құқылы, және биік адамгершілік қасиеттерге иеміз, адам құқықтары жалпыға бірдей.

   Елбасымыз Нұрсултан Әбішұлы  Назарбаев « Конститутция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі Заңды елдің Туы, ән ұраны және елтаңбасы  сияқты қадірлеу , құрметтеу  — біздің парызымыз» деген екен. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармауы , өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын халықты құрметтеуі  деп білуімізге болады.

 Олай болса құрметті ұстаздар, оқушылар!

«Балам бол, басқа бол бәріңе заң біреу – ақ» атты тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастырамыз. Сабағымыздың кейбір кезеңдері сайыс түрінде жүргізіледі. Сайыстың шарты: Әр дұрыс жауап берген балаға  «Фишка»  беріледі.       Сабақ соңында  белсенділік танытқан топ  марапатталады.

Алдымен сынып оқушылары өз жүрек қалауларымен 2 топқа бөлініп, өздерін таныстырады.

1 топ: Құқық –  әркімге берілетін мүмкіндік.

2топ: Міндет, бұл – әр адамға жүктелетін жауапкершілік.

ІІ кезең. Сұрақ – жауап сайысы. Оқылған сұрақтарды мұқият тыңдап, дұрыс жауап береміз.
Сұрақтары ;

  1. ҚР Конституциясы қашан қабылданды және оған неше жыл толды?
    (1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум ҚР – ның жаңа Конституциясын қабылдады. Биыл соған 18 жыл   толды)
  2. ҚР Конститутциясы неше бөлімнен және неше баптан тұрады, онда нелер айтылған?
    (9 — бөлім, 98 — баптан тұрады, онда: жалпы ережелер, сот, президент, үкімет, адам құқықтары туралы айтылған)
  3. Құқық дегеніміз және міндет дегеніміз не?

(Құқық –  әркімге берілетін мүмкіндік. )

(Міндет, бұл – әр адамға жүктелетін жауапкершілік )

  1. Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?

( Парламент шығарады.  )

  1. Бала деп кімдер саналады ?

( 18 жасқа толмағандар бала болып саналады )

6.Баланың құқықтарын ата (денсаулығын сақтауға, тегін  орта білім алуға, дәрігерлік көмек алуға, өмір сүруге, дем алуға, пікірін айтуға)

  1. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан президенті қай жылы қол қойды.

(1995 жылы, Нью – Йорк қаласында 156 мемлекет болып қол қойылды)

  1. Қазақстанда жетім және мүгедек балалардың құқығы қалай қорғалады.

( Жетім және мүгедек балалардың құқығын қорғауды мемлекет өз қарауына алды.  )

  1. Ата – ана баласы алдында қандай міндеттерді атқаруы керек? (балалардың денсаулығын қадағалау, оларды дұрыс тәрбиелеу, орта білім алуын қамтамасыз ету)
    10. Оқушылардың міндеттерін ата?
    (сабақты себепсіз босатпау, сабақ кестесі бойынша сабаққа дайын болу, сабақта тәртіп бұзбау, мектеп мүлкін бүлдірмеу, сабақ жүргізуші ұстаздың қойған талаптарын орындау)                                                                                                                                             Дұрыс айтасыңдар балалар сендер ең алдымен орта білім алуға, мектептің ішкі ережесіне бағынуға, ұстаздарыңның, үлкендердің тілін алуға міндеттісіңдер.
  2. Қылмыс дегеніміз не? (қылмыс дегеніміз – заң деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік)

    12. Неше жастан бастап қылмысы үшін жауапкершілікке тартылады?
    (14 — жастан бастап жауапқа тартылады мынадай қылмыстары үшін: кісі өлтіру, тонау, ұрлау, бұзақылықтың ауыр түрін жасау, қаруды, әскери оқ — дәріні ұстау, қорқыту, терроризм)

  3. Жазаның қандай түрлері болады? Бала жазаға неше жастан тартылады?
    (16 жастан тартылады. Түрлері айып салу, құқықтан айыру, қоғамдық жұмысқа тарту, еңбекпен түзету жұмысы, бас бостандығын шектеу)

    14. Жазаны жеңілдететін жағдайлар қандай?
    (адам аңдаусызда жасап алған қылмысына шын жүректен өкінсе, кінәлі істеген қылмысының зардабын өзі жойса)

     Мұғ сөзі. Сұрақ-жауап арқылы құқық жөнінде көптеген мағлұмат алдық.  Күнделікті өмірімізде құқығымыз бен міндетімізді  орындаймыз деген ойдамын.

Ал азаматтар өз міндеттерін дұрыс орындамаса , ол құқық бұзушылық  яғни қылмыс екен.  Ал біздің арамызда қылмыс жасау жағдайлары болды ма?…. болған жоқ, бірақ тәртіп  бұзушылықтың өзі қылмысқа апарып  соғары белгілі.  Біздің арамызда Қылмыскер адам болмасын тілекпен . « Біз қылмысқа қарсымыз» деген тақырыпта өз әректтерімізді көрсетіп көрелік.

Шарты:

Екі   топқа парақ қағаздары және  басқа да  кеңсе заттары беріледі.   Музыкамен   бастап, музыка тоқтағанда тоқтатылады.Осы уақыт аралығында  қай топ  жасаған заттары арқылы қылмысқа  қалай қарсы екендерін көрсетуге тырысады.

Бұл кезең өте қызықты кезең  болды. Сендер бізді болашақта қылмыс жасамайтындарыңа сендірдіңдер.

Келесі кезең «Жалғасын тап» деп аталады.

Заңның құрығы……. (бәрінен ұзын)

Өш алғаннан гөрі…….. (кешірген жөн)

Ақырын жүріп………….. (анық бас)

Асыл тастан………… (өнер жастан)

Әдепті бала……………….(арлы бала)

Тәрбие………(отбасынан басталады)

Әділ істің……..(арты игі)

Ұрлық түбі ……………….

Мұғ. қорыт – сы:  Ойларыңды өте ұтымды жалғастыра білдіңдер.

1 оқушы:

Ата Заң
Ата Заңым,
Алтын Заңым – ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда –
Парасатым, пайымым.
Алтын Заңда —
Күш – қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн. 

2 оқушы:

Әділ заң еңбек жемісін

 Бағалар ерлер жеңісін.

Адамның еркін айқындап,

 Қызмет етер ел үшін.

 Бұл заңда жеңіс даңқымыз,

Салтанат құрған салтымыз.

Сүйеніш, қамқор. Қорғаушы,

 Сүйеді заңын халқымыз

3оқушы:

Қазақстан –егеменді байрақты ел,

Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.

Ата заңым – елдігімнің еңсесі,

Заңы барда қазақ елі айбатты ел.

Заңым барда зайырлы елмен теңестір,

Қай кезде де заңды біліп кеңес құр.

І.  Келесі кезең. Мақал – мәтел сайысы.

Мақал-мәтел халықтың сан ғасырлық көрген білгенінен,бастан кешкен уақиғаларынан қорытқан ақыл ойының жиынтығы,  тоқсан ауыз сөзінің тобықтай түйіні.

  • Ұрлық түбі – қорлық.
  • Өтірік өрге баспас.
  • Тәрбие — тал бесіктен.
  • “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің”.
  • Өлімнен ұят күшті.
  • Ұят — иманға тән.
  • Татулық — табылмас байлық.
  • Заманына қарай заңы,
  • Тоғайына қарай аңы.

Мұғ. қорыт – сы:  Тоқсан ауыз сөзіміздің тобықтай түйіндеп қана қоймай, аталы сөзден ғибрат алады деген үміттемін.

 

Мұғалім: Ендігі бөлім «Заңсыз арал» деп аталады.

Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек,не болар еді?    2 топтың  пікірі тыңдалады..

Мұғалім: «Қызыл, көк ауыл» деп аталатын 2 бөлімді айтып, 2 топтың ортасына   2 түрлі лента қояды.
Мұғалім:Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір-бірімен дос, бауыр болыпты, бір- бірінен ешнәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, алыпты.
Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты (Осы кезде мұғалім: ленталарыңызбен өздеріңізді қоршап алыңыздар дейді.) Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер?

( Оқушылар жауабы тыңдалады.)

Әр түрлі ой айтқан олар қорғанның керегі жоқ, біз дос болуымыз керек деген ойға тоқталады. Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді деген сұрақ тасталады.
Жауап: Адамдардың ауыл- ауыл көше- көше болып бөлінетіндігін, сол бөліну кезінде құқықтары бұзылатындары айтылады.

Осы бөлімді қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді, тәртіп сақталмайды. Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген  Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.

Сүлейменнің соты.

Қазақ аңызы бойынша

Қатысушылар:

-Аңызшы ——

— Бірінші ана

— Екінші ана

-Сүлеймен патша

  Аңызшы: Дауласқан екі  ана  Сүлеймен патшаның алдына келіп жүгініпті.

Бірінші ана: Алдияр тақсыр!  Қасымдағы әйел екеуміз бір үйде тұрамыз. Екеуіміз бір күнде нәрестелі болдық. . Үйде екемізден басқа кісі болған жоқ еді. Мынау әйел түнде ұйықтап қалып, баласын тұншықтырып өлтіріп алыпты.  Сөйтіп менен шырт ұйқыда жатқанда бұл түнде тұрып, қойнымдағы баламды алып,  өзінің қойнына , өлген баласын менің қойныма салыпты. Таңертең тұрсам, балам өліп жатыр. Жарық түскен соң бетіне үңілсем өз балам емес.

Екінші ана: Жоқ, менің балам тірі, өлген сенің балаң.

Бірінші ана: Жоқ өлген сенің балаң, менің балам тірі!

Патша: Мынау әйел, менің балам тірі, өлген сенің балаң дейді, анау әйел:  жоқ, өлген сенің балаң менің балам тірідеп тұр ғой.  Мұнда қылыш алып келіңдерші. Баланы қақ жарып, екі әйелге бөліп берейәк.

Екінші ана:  баланы шабыңдар, маған да, бұған да болмасын.

Бірінші ана: (ет бауыры елжіреп )  Алдияр тақсыр! Тек баланы өлтіре көрмеңіз. Анау әйелге беріңіз. Басқаның бауырында болса да маған тірі болғаны керек.

Патша: Баланы тірі болғанын  тілеген анаға беріңдер, н»әрестенәң шын анасы сол.

Аңызшы:  Сөйтіп,  патшаның  осы төрелігі,дауды қалай шешкені туралы әңгіме  бүкіл елге тарапты. Бойына тәңірінің төрелікті әділ жүргізетін даналығы дарыған екен деп жұрт патшадан айбынатын болыпты.

 

 

Бұл бірінші тобымыздың  дайындаған   көрінісі,енді  екінші  топқа  тапсырма: Бұл көріністі  қалай  түсіндіңдер.Билер  заманында осылай шешілді,  біздің  заманымызда қалай  шешілер  еді ?

Қалауларың бойынша  көрініс  көрсетуге де  болады,   ауызша талдап берулеріңе болады.

 

Енді екі топтың жинаған «фишкалары» арқылы  жеңімпаз топты  анықтайтын кез келіп  жетті.  Ең  көп «фишка» жинаған топ бүгінгі ашық сабақтың жеңімпазы болып марапатталады.

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.

Тәртіпті бала-сүйініш, төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала- күйініш, төмендеп басың кетеді.
Ұрыншақ бала жаныңда: ұрыс пен керіс, айқай-шу,
Ұстамды бала маңынан ұнамды қылық байқайсың.

-Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды да,өзгені ңқұқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *