Басы » Математика » Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Махшатов Ерла

Сабақтың тақырыбы: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге үйрету. Оқушылардың құрама сандарды жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өздігінен жұмыс істеу, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды нақтылыққа, ұқыптылыққа,дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тақта, бор, кітап.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқуышлармен сәлемдесу, түгендеу, сыныптағы оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау(оқу құралдарын тексеру).
2.Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа білімді қабылдауға даярлық сұрақтар.
4. Жаңа сабақты баяндау
5.Есептер шығару
6. Ой толғау.Қорытынды. Бағалау. Үй тапсырмасы.
Мұғалім: Үй тапсырмасын тексеріп болған соң, оқушыларға даярлық сұрақтарды қояды.
1.Жай сандар деп қандай сандарды атайды?
2. Құрама сандар деп қандай сандарды атайды?
3. 1-саны қандай сан?
4. 2-ге, 3-ке, 5-ке бөлінгіштік белгілері қандай?

Мұғалім: үйге берілген 73-бетте алдын-ала даярлық тапсырмасына жауап береміз.
Оқушы: 1) 30:2=15 2) 44:2=22
15:3=5 22:2 =11
5:5=1 11:11=1
30=2*3*5 44=2*2*11
Осыдан келіп қандай қорытынды шығара алады екенбіз?
Кез келген санды жай сандардан тұратын бөлгіштердің көбейтіндісі түрінде жаза аламыз ба екен?
Мысалы 30 саны қандай сан?
30-құрама сан. 30=2*3*5
Мұғалім: құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу – оны тек қана жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу.
Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеудің екі тәсілі бар.
1- Тәсіл: Берілген құрама сан екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жазылады.
Мысалы: 36=4*9
2- Тәсіл: Құрама санды жай көбейткіштерге баған түрінде жіктеу.
Мысалы: 24-саны
24 2
12 2
6 2
3 3
1
24=2*2*2*3
Егер берілген құрама санның жай көбейткіштерге жіктелуінде бірдей жай көбейткіштер кездессе, оларды дәреже көрсеткішпен жазуға болады.
24= 23*3
32 2 32=25
16 2
8 2
4 2
2 2
1
Мұғалім: Тақтада №263(1), №264(1,3,5)
№272
Тест тапсырмасы:(жеке жұмыс,жұптық жұмыс)
1-нұсқа
1. 12 санының барлық бөлгіштерін тап:
А) 12; 24; 36;… Ә) 1; 6; 12;
Б) 1;2;3;4;6:12; В) 1;2;3;4; 8;12
2. 96 санын жай көбейткіштерге жікте:
А) 2 *3; Ә) 16*6
Б) 32*3 В) 2 *6
3. Сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді:
8568; 7776; 8694; 9963; 9087; 4686;
А) 7776; 5306; 9963; 4986;
Ә) Барлығы;
Б) 9963;
В) 8568; 7776; 8694; 9963.

2-нұсқа
1. Бірінші сан екінші санға еселік бола ма:
А) 3пен 43 Ә) 11 мен 11120;
Б) 1120 мен 112; В) 15 пен 8.
2. 162 санын жай көбейткіштерге жікте:
А) 81*2 Ә) 2*3
Б) 3 *16 В) 9*18
3. Сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді:
5886; 3506; 6777; 3969; 9648; 7908; 9468;
А) Барлығы
Ә) 5886; 3506; 6777;
Б) 5886; 6777; 3969; 9648; 7908;9468;
В) 9468.
Екі нұсқалық есептер орындап, нәтижесін өздері экраннан көре отырып, бірінің жұмысын бірі тексереді.
Жауаптары:
1-нұсқа 2-нұсқа
1.Б; 2. А; 3. Ә; 1. Ә; 2.Ә; 3.Б.
Қорытындылау:
1. «Ой толғаныс»: Бүгінгі сабақтан не алдым? Нені білдік? Не үйрендік?
Үйге тапсырма: №267, №269 2), №276.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *