Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы Білім Басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогика колледжі» ҚКМК
«Қарым-қатынас мәдениеті»
/Үйірменің ашық отырысы/
Үйірме жетекшісі: Кабимолдина А.К.
Мақсаты: Адам өміріндегі қарым-қатынас мәдениетінің мәнін ашу, үйірме мүшелерінің қарым-қатынас мәдениетін сақтау түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
— Үйірме мүшелеріне қарым – қатынас мәдениетінің даму тарихы жайлы мағлұмат беріп, ұлы философ, психолгтардың теориялық негіздеріне сүйене отырып, тұлғааралық қарым – қатынас мәдениетінің маңызды сапаларын ашу.
— Рефлексия үрдісін күшейту, жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір-бірін түсінуге, мәдени сөйлеу білігін дамыту, өзін — өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда, болашақта мамандықтарына сәйкес өзара жағымды қарым – қатынас мәдениетінің әлеуетін арттыру.
— Тренинг жаттығулары арқылы бір-бірімен қарым-қатынас мәдениетін жақсарту негізінде оларды адалдыққа, достыққа, шындыққа, тәрбиелікке, өзін және өзгелерді құрметтеуге, түсіне алуға, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
— Болашақ өмірдегі және педагогикалық жолда әр түрлі оқу-тәрбиелік жұмыстарда кездесетін жағдаяттан шыға білу, басқамен қарым-қатынас мәдениетін сақтау дағдыларын меңгерту.
— Әрбір қатысушының дербестігін, топ болып өзара қарым-қатынас жасау процесінде жеке қарым-қатынас мәдениетінің стилін сезіндіру.
Тренинг жоспары:
- Ой қозғау, өзектендіру сұрағын қою. (2 минут)
- Кіріспе сөз. (5 минут)
- «Жаңғақ» тренингі (3 минут)
- «Молекула» қыздыру жаттығуы (5 минут)
- «Ұқсастық шегі» жаттығуы (5 минут)
- «Суретті аяқта» жаттығуы (5 минут)
- Жағдаяттар (5 минут)
- «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы» психологиялық жаттығуы (10 мин)
- Рефлекция. «Қарым-қатынас мәдениетінің қағидасын жасау» (5 минут)
- Қорытынды. (2 минут)
- «Сыйлық» жаттығуы. (3 минут)
Тренинг барысы:
«Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та бақыт та қонбайды»,
деп Ж. Баласағұни айтқандай,
адам өзінің түзу ниеті, ойы, іс — әрекеті арқылы жеңіске жетеді.
- Ой қозғау, өзектендіру сұрағы:
- Қарым-қатынас мәдениеті дегенімізді қалай түсінесіңдер?
- Қарым-қатынаста мәдениетті сақтау үшін педагог нені меңгеруі қажет? (үйірме мүшелерінің ойларын ортаға салуы)
Олай болса, отырыс барысы бойынша «Қарым-қатынас мәдениетінің қағидасын» жасап шығарайық.
- Кіріспе сөз: Халқымыздың дамуында, халық болып қалыптасуында қарым-қатынас мәдениетінің алатын орны ерекше. Қарым-қатынас-белгілі бір әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара түсіністігінен туындайтын күрделі қоғамдық үрдіс. Қарым-қатынастың жүзеге асуының бірнеше жолдары бар. Соның ішінде тілдік қатынастың орны ерекше. Адам қарым-қатынасындағы ерекше орын алатын сәлемдесудің өз әдебі, жөн-жосығы бар. Әр халықтың сәлемдесу үрдісінде өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, Айн халқы /Хоккайда аралында тұратын халық /бір-бірінің құлағынан ұстап амандасса, самоастар бір-бірінің беттерін иіскеу арқылы сәлемдеседі. Сонымен қатар, лаонга қауымы қол соғу арқылы, үнділер екі алақанын біріктіріп, бас ию арқылы амандасады. Осының бәрі әрбір ұлт мәдениетінің ерекшелігін көрсетеді. Қазақ дәстүрінде сәлемдесудің бірнеше түрі қалыптасқан. Мәселен, жасы кішілер үлкендермен, ақсақалдармен кездескенде әдетте, «Ассалаумағалейкум» деп қол алысады. Оған жауап, яғни сәлемді қабылдау ретінде «Уағалейкумассалам» сөзі қолданылады. «Ассалаумағалейкум» — Ей, бауырым! Бейбітшілік, тыныштық, сенім, бақыт, көркем суретте болған әр нәрсе сенікі болсын дегені. «Уағалейкумассалам» — өзіңізге де тыныштық, бақыт болсын дегені. «Сәлем» сөзі арабша бейбітшілікті, сенімді баяндайтын мағынадан тұрады. «Сәлем» — адамдар арасындағы қарым-қатынасты, жастықты, адалдықты арттыратын құралдың бірі. Көптен кездеспеген ағайын-туыс, аға-іні, құда-жекжат, дос-жаран құшақтасып амандасады.
Әр адамның қарым-қатынас мәдениеті оның жеке-даралық қасиеттеріменде тікелей байланысты.
Н.Д. Хмель концепциясы құнды саналады, оның ойынша «педагогикалық процесс – педагог – тәрбиеленушілер» жүйесінің қызмет етуі, бұл жерде оқушылар арасындағы өзара әрекеттесу барлық мәдениет байлығын меңгеруге, өскелең ұрпақты қоғам өміріне және еңбекке белсенді қатысуға дайындауға бағытталуы тиіс.
Б.Ф. Ломовтың пікірінше, қарым-қатынас адамдардың субъект ретінде көрінетін өзара әрекеттестігі.
В.С.Мухина: қарым-қатынас стилін педагогтың оқушыларға «әлеуметтік психологиялық әсер етуінің дара типологиялық ерекшелігі» деп анықтайды.
В.В. Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынасты педагог пен оқушылардың «әлеуметтік – психологиялық өзара әрекетінің жолдары мен дағдылары кіретін жүйе» деп түсіндіреді.
Қарым-қатынасты зерттеген ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін, ұғымына мынандай анықтама беруге болады:
Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз — адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табу.
Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру барысында топта әр адамның өзін еркін сезінуіне қолайлы жағдайларды қалыптастырудың ең тиімді жолы-ойын тренингін жүргізу. Тренинг топтағы адамдардың бір-біріне сенім артып, қарым-қатынас мәдениетін дамытудың маңыздылығын жете түсінуге көмегін тигізеді. Олай болса бүгінгі отырысымызды қарым-қатынас мәдениетін дамытуға байланысты тренинг ойындары арқылы жалғастырайық.
- «Жаңғақ» тренингі.
Мақсаты: Әрбір қатысушының дербестігін, топ болып өзара қарым-қатынас жасау үрдісінде жеке қарым-қатынас жасау стилін сезу.
ЕРЕЖЕ:
- Құпиялылық
- Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз
- Белсенді боламыз
- Бір-бірімізге ренжімейміз
- «Қазір» және «осында» принціпі
- 4. «Молекула» қыздыру жаттығуы
Мақсаты: Рефлексия үрдісін күшейту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір – бірін түсінуге, ұжымда тұлғааралық қарым – қатынастың маңызды сапаларын ашу.
Шарты: Мұнда топқа қатысушыларға жүргізуші сандар айтып оытрады. Қатысушылар сол санға қарай бөлініп тұра қалады. Солай 4, 6, 8, 5, 13 деп айтады.
- 5. «Ұқсастық шегі» жаттығуы
Шарты: Қатысушылар жұптасып отырады, А 4 қағаз беті және қалам қажет. Жанындағы жұбына қарап, ұқсастықты тауып, «Біздің ұқсастығымыз» деп А 4 қағаз бетіне жазады. Ұқсастық табу үшін 4 минут уақыт беріледі. Жаттығуды орындағаннан кейін, жұп бір – бірінің жазған ұқсастығын оқып, өз ойларын айтады.
- 6. «Суретті аяқта» жаттығуы
Шарты: Оқушыларға алдын ала даярлаған плакатта немесе тақтада бір нүкте салынады. Оқушылар кезек-кезек шығып, сол нүктеден бастап бір сызықтан салады, соңында шыққан суретті бағалап, әркім өзі жүргізген сызық арқылы нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.
- Жағдаяттар.
- Әр топтан бір білім алушы ғана қатысатын байқаудың болғалы жатқанын, естіп, өзіңді бірінші барып тіркетіп қойғаныңды топтастарың біліп қойып, ренжіп қалды. Сені ең бірінші болып кешіретін үш топтасыңның ата.
- Топтағы екі бала өзара сөзге келісіп, қатты ренжісіп қалды делік, араға түсіп, екі жақты да тыныштандырып, татуластыруғау күш салатын екі топтасыңды ата.
- Дене тәрбиесі сабағы басталар кезде, бір жиһазды бәріңіз бүлдіріп алдыңыздар. Ал оқытушы келгенде бірінші болып кім мойындар еді. Бір білім алушыны белгіле. (кім көп дауыс жинаса, ол «ең кешірімді, ең кең пейілді адам» деп марапаттау)
«Кемшіліксіз адам болмайды. Білмегендіктен, тәжірибесіздіктен қателесулер болады. Қателесу-кінәлі болу. Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал жөн сөзге түсіне жығылып, кінәсін мойындап, қатесін түзей білу, ақылдылықтың, қайраттылықтың белгісі»-деп, Б. Момышұлы айтқандай, адамдар өзгелерді кешіре білу арқылы мейірімді бола түседі. Қателік жасап, кінәлі болғандармен сөйлесіп, олардың жан айқайын, тілектерін тыңда, жәрдем беруге, өтініштерін тыңдауға әзір бол. Олардың жақсы ниетке ауысуына жағдай туғызып, қайырымды игі істер жасауына көмектес.
- «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы» психологиялық жаттығуы
Қазіргі қоғамда оқушы мен мұғалім қарым-қатынас сауаттылығы маңызды сипат алып отыр Төменде Американдық психотерапевт Вирджиния Сатирдің мұғалімдер типологиясын анықтау арқылы мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын жақсартуға араналған психологиялық жаттығу берілген.
Жаттығудың мақсаты:
— өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
— ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету;
— ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;
— өзінің не өзгенің даралығын дамыту.
Жүру барысы: алдарыңыздағы ақ параққа аты-жөндеріңізді жазыңыз және төменде берілген 4 жауаптың біреуін таңдап жазып қоясыздар.
- Мұғалім-басшы
- Мұғалім- компьютер
- Мұғалім- қиналушы
- Мұғалім- таныс дос
Қорытындысы:
1. Мұғалім басшы. Оның «беделі»-билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рахымсыз, қатыгез адамға) ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол-оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі мұғалім». Ол өзінің осы «білімін» өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез-келген сұраққа жауап беру керек деп санайды.
Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мінез құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші, қақтығыс қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығы.
- Мұғалім- компьютер. Оның «беделі»- белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген. Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді. Ол түрі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды. «Бәрімізге белгілі», «Мынадай ой бар…», «Барлығы біледі…» Ол өте суық, қатал, жабық адам.
Нәтижесі: оқушының өз-өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің жоқ болуы «әсіресе пәнді меңгеруде қиындық көретін оқушылар). Соңында оқушылардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті пәнді жек көрушілік пайда болады.
- Мұғалім- қиналушы. Оның беделі қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да, қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен де бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. Оқушының мәселесі оның көңіл-күйін түсіреді. Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды.
Нәтижесі: оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол мұғалімдерді бағындыруға итермелейді.
- Мұғалім- таныс дос. Оның «беделі»- әйгілілік. Оқушылардан ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас әрқашан барлығын кешіре алады. Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді.
Нәтижесі: оқушыда жауапкершілік сезімі жоқтығы.
- Рефлекция «Қарым-қатынас мәдениетінің қағидасы» тыңдалады
Мүмкін болатын жауаптар: (өз құқығы мен міндеттерін түсінуі, өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі реттей білуі, жағымды әдеттері, қарым-қатынас тәжірибесі, кешірімділігі, көңіл-күйі, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, адамгершілік сезімі, моральдық сананы қалыптастыру, этикалық білімділік, жақсы істер)
- Қорытынды: «Адам мен адамның бір-бірімен араласу, өзара қарым- қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де, өзгелер үшін де ашылады»,- дейді философ М. М. Бахтин. Адам баласы өзін-өзі ашпаса, өзін-өзі терең танып білуі мүмкін емес. Сондықтан қазіргі мектептерде мұғалімдер оқу-тәрбие жұмысымен ғана айналысып қоймай, сапалы да нәтижелі жұмыс болуы үшін оқушылармен тығыз ынтымақтастықта болу үшін яғни ол «мұғалім-басшы», «мұғалім-қиналушы», «мұғалім-таныс дос», «мұғалім-компьютер» бола білуі тиіс. Сонда ғана мұғалім мен оқушы арасында жағымды қарым-қатынас мәдениеті және тығыз ынтымақтастық орнайды.
- «Сыйлық» жаттығуы.
Айн халқы /Хоккайда аралында тұратын халық /бір-бірінің құлағынан ұстап амандасса, самоастар бір-бірінің беттерін иіскеу арқылы сәлемдеседі. Сонымен қатар, лаонга қауымы қол соғу арқылы, үнділер екі алақанын біріктіріп, бас ию арқылы амандасады.
[bws_related_posts]