М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған
№8 гимназия Жоғары санатты ұстаз.
Альсейтова Гүлназ Жарылқасынқызы
Оқушыларға бейімделу кезеңінде психологиялық сүйемелдеу арқылы көмек жасау
Бұл біздің балаларымыздың бастауыш сыныптан орта буынға өткенде бастарынан өтетін жағдайы. Балалар мектепке қуанышпен келе ме, оның достары бар ма? Қандай пәндер қиындық туғызады? Баланың сыныптас достары арасындағы орны қандай? Осы сұрақтарға жауаптың барлығын ата-аналар білгісі келеді. Ол үшін сіз қандай іс-әрекеттер жасадыңыз?
Күнделікті күйбең тірлік барлығымыздың уақытымызды алады. Ал соның ішінде біз балаға қанша уақыт бөлеміз? Қазір барлықтарыңыз ойланып көріңіздерші? Кеше, бүгін осы екі күн ішінде (үй тапсырмасын орындаудан бөлек) балаңызбен сөйлесуге, ой бөлісуге қанша уақыт бөлдіңіз? Қазір осы жерде отырған ата-аналар 6 адамнан топталып ортақ ойларыңызды қағазға жазыңыздар. (Тарапта қағаздар — жұмыс). (Слайд — суреттер).
Мүмкін болса, сіздер 2 минутта үлгерсеңіздер әр топ өздеріңіздің орталарыңыздан бір-бір адам шығарсаңыздар. I топ, II топ, III топ.
Міне құрметті ата-аналар, біз мына мәселелерге көңіл бөлуіміз керек екен.
Ал енді, біздің ең басты мәселемізді қарастырайық. 5 сыныпқа өткен баланың бойынан біз мынадай өзгерістерді байқаймыз. (Слайд).
5 сыныпқа ауысқан баланың біреулерінң белсенділігін, есейгендігін байқасақ, кейбіреулерінің уайымшыл, ұмытшақ, алаңдағыш қасиеттерін байқаймыз. Осы қасиеттердің жақсы жағын дамыту үшін не істейміз? Ал екінші қасиеттерді бала бойында күшеюіне не себеп болады? Келесі слайдқа көңіл аударайық. 5 сыныпқа келген бала бірнеше қиындықтарға кездеседі. Осы қиындықтардың түрлерінің әсерінен туындаған жағдайды жеңу үшін қандай көмек көрсете аласыз? Кішкентай бала үшін туындап отырған қиыншылыққа қандай көмегіміз керек?
Құрметті ата-аналар! Әрқайсымыздың өз бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді білеміз. Әрине, жаман қасиеттерімізді де білеміз. Бірақ ол туралы айтқымыз келмейді. Қазір 5-6 ата-ана араларыңыздан Мен қандаймын? деген сұраққа жауап беріңізші. Мен әдемімін, ақылдымын, көріктімін, сымбаттымын дейміз. Осындай сөздерді естіген кезде біз бір шаттанып, қуанамыз, яғни соған лайықта болуға тырысамыз. Ал сіз қаншалықты, қалай жиі осы сөздерді балаңызға айтасыз? Біз күнделікті ақылдым, алтыным, жарайсың деген сөздерді балаға айтамыз. Мұғалім бала үшін психотерапевт те бола алады.
Мына қағазға сіздер өздеріңіздің ұсыныс, өтініш, тілектеріңізді жазып берсеңіздер. Әр топтар бір адам айтып берсе. Әрине, мектеп пен отбасы бірігіп жұмыс істеген жағдайда ғана біз өзіне-өзі сенімді, дені сау, еліміздің иманды да адамгершілігі мол ұрпағын тәрбиелей аламыз.
Міндеттері:
- Танымдық процестерін, қарым-қатынасын, өзіне деген көзқарасын, тәртібін 4-ші сыныпта бақылау.
- Орта буындағы сыныпта оқушыға қажет қасиеттермен таныстыру.
- Орта буынға ауысуға дайын екендіктеріне сенімділіктерін арттыру.
- Жұмыс жасауға жақсы көңіл-күй орнату.
- 5. Ата-аналарына бесінші сыныпқа бейімделу ерекшеліктері, үлкендер қандай көмек бере алатыны туралы кеңес беру.
- Оқушыларға сабақ арқылы бейімделуге көмек беру.
- Бейімделу деңгейін қазан айында және оқу жылдың аяғында зерттеу.
- Өткізген жұмыстарға анализ жасау.
Іс-шаралардың жоспары:
- Танысу. (наурыздың 1-ші аптасы)
- Диагностикалық минимум. (наурыздың 2-ші аптасы. Өзіне деген көз қарасы. Өз-өзін бағалау. Зейін деңгейі.
- Дамыту сабақтар. – аптасына 1 рет.
- Ата-аналар жиналысы. Кеңес беру.
- Психолого-педагогикалық ойын. «Алда 5-ші сынып».
- Психолого-педагогикалық ойын. «Ақ жол». (қыркүйекте)
- Пән мұғалімдерімен таныстыру, кабинеттердің орналасуы, топта бірігіп жұмыс істеу.
- Ата-аналар жиналысы. Кеңес беру.
- Бейімдеу сабақтары. – аптасына 1 рет.
- Диагностикалық минимум. – мектепте мазасыздану. «Филипс тесті»
- Бақылау диагностикасы. – сәуірде. Өзін-өзі бағалау. Мазасыздану, мотивациясы.
Ата-аналар жадынама:
- Балаңызға өзіңіз мектепте оқығаныңыз туралы әңгімелеп көңілін көтеріңіз.
- Сабақ үлгерімі, тәртібі, басқалармен қарым-қатынасы туралы үнемі мұғалімдермен әңгімелесіп отырыңыз.
- Сабақ үлгерімінің бағасын өзіңіздің жазалау немесе мақтаумен байланыстырмаңыз.
- Өз баланаң оқитын мектептің ерекшелігін, бағдарламасын біліңіз.
- Үй жұмысын орындауға көмектесіңіз, бірақ өзіңіз орындамаңыз.
- Мектепте нені оқытатынан баланың қызығушылығын арттыруға көмектесіңіз.
- Мектеп өмірде өзгеріс болып жатқанда, үйде бірқалыпты, жайбрақат атмосфера орнатуға тырысыңыз.
Қорытындылай келе, Сара Алпамысқыз айтқандай «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық махаббат пен мейірімділік – шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені, біз баланы – адал еңбек етіп, елін сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан, ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет! ».
Балалар жаны таза тақта,
Оған тек жақсы сөздер жазайық, құрметті ата-аналар!
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
[bws_related_posts]