Басы » Кембридж бағдарламасы » Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі

Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі

магжанАлматы облысы
Сарқан аудан, Сарқан қаласы
Ақын Сара атындағы орта мектебі
Сейтхан Айымгүл Еділқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі

Сабақтың тақырыбы:  

Мағжан  Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңі

Оқулық авторы: Әдебиет Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева,  Г.Құрманбай «Атамұра» 2015
Сабақ жұмысының мақсаты: СТО-қолдана отырып М.Жұмабаевтың «Сағындым » өлеңін оқыту
Сабақ жұмысының міндеттері: 1.     Оқышыларды сыни ойлауға үйрету: талдау, пікір айту, пайымдау, дәлелдеу бағалау арқылы табысты оқуға қол жеткізу.Мағжан Жұмабаевты тани білу

2.     Сын-тұрғыдан ойлау технологиясына сәйкес ойлау туралы амал қабілеттерін жетілдіру үшін «Сағындым» өлеңін мәтінмен жұмыс ұйымдастыру кезінде негізгі стартегияларды пайдалану

3.     Оларды ізденімпаздық қасиеттерге баулу, өзінің еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке баулу

 

Күтілетін нәтиже Оқушы оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете біледі;

өз сұрақтарын қойып және оны таба алады;

болжам жасай алады және олардың дұрыстығын дәлелдейді;

алған білімін қолдана отырып, жаңадан алған білімін тез түсінеді.

Ұйымдастытыру;

Топқа бөлу:

Оқушылармен амандасамын

Қағазға әр түрлі фигурадағы үш мақал жазылады

1.     Дос болсаң берік бол, Досыңа серік бол «Сағындым» тобы

2.     Ананың сүті- бал, Баланың тілі –бал «Қысқы жолда» тобы

3.     Аққу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды «Балалық шақ» тобы

Мақалдар арқылы топқа бөлемін

5 минут
Үй тапсырмасын тексеру ;

«Ой қозғау »

Ыстық орындық

І-топ

С. Торайғыров қай жылы дүниеге келді?

С.Торайғыров қанша жас өмір сүрді?

С.Торайғыров қай жерде дүниеге келді?

ІІ-топ

С.Торайғыровтың тағы қандай шығармашылықтары бар?

С.Торайғыровтың «Шілде» өлеңінен  кейіптеуді табыңыз ?

С.Торайғыровтың «Шілде» өлеңінен теңеуді табыңыз?

ІІІ-топ

С.Торайғыровтың «Шілде» өлеңі неше шумақтан, неше тармақтан тұрады?

С.Торайғыровтың «Шілде» өлеңі неше бунақтан, неше буыннан тұрады?

Торайғыровтың «Шілде» өлеңі қандай ұйқас түрімен жазылған?

 

5 минут
Жаңа сабақ;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мозайкалық  әдісі мағынаны тану

Мағжан Жұмабаев (1893-1935)

Күншығыстан таң келеді, мен келем,

Көк күңіренеді мен де көктей күңіренем

Жердің жүзін қараңғылық қаптаған.

Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!-деген жүрегі от, рухы биік жалынды ақын Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданында дәулетті отбасында дүниеге келеді. Бекен болыстың мектебінде оқып, қазақтың арғы-бергі өлең жырларын, ертегі –дастандарын түгелге дерлік жаттап алады. Білімге жан құштар Мағжан Үпедегі (Уфа)  Ғалия медресесінде оқиды. Медреседен алған білімін жетілдіре отырып, ол әдеби ортаға ерте араласады. Араб, парсы, түрік,

орыс тілдерін жақсы меңгеріп алады. Ақынның өзі күллі түркі халқының тарихымен танысты. Түркі халқының тарихын жетік білуі оны қазақ топырағында бірден бір түрікшіл ақын етті.

… Түркістан  екі дүние есігі ғой ,

Түркістан Ер Түріктің бесігі ғой

Тамаша Түркістандай жерде туған ,

Түріктің тәңірі берген несібі ғой

Еліңді жеріңді сүйсеңдер Мағжандай сүйіп , Мағжандай жаза біліңдер.

-Балалар, сендер бастарыңнан сағыныш сезімін өткізіп көрдіңдер ме?

 

«Сағындым» өлеңін үш топқа бөліп беремін . Өз беттерімен мағынасын ашады

15 минут
«Фрер» әдісі Көп қолданылмайтын сөздердің мағынасын ашады. Постерге қорғап жазады

Алаш

Абақты

Жаны қас

Тапал

Үңгір

Сібірлеп

Ащы зар

Тәңірі ием

5 минут
«Буриме» әдісі бойынша ұйқас құрастыру Болыпты, қылыпты, туылып, құрбан болыпты сөздерін қолданып өлең құрастырады 7 минут
Пікір алмасу Кім үшін абақтыға түсті?

Сағындым өлеңі не себепті шықты?

Өлең сендерге қалай әсер етті?

Ақынға қандай мінездеме бересіңдер?

 

5 минут
Ой толғау INSERT әдісі
Бұрыннан

білемін

Мен үшін жаңа ақпарат Мен үшін түсініксіз Білгім келеді

 

 

2 минут
Бағалау парақшасы

Үйге тапсырма

 

 

Рефлексия

 

Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянын оқу

«Сағындым» өлеңінің қалаған жерін жаттау.

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

 

1 минут

 

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *