Басы » Бастауыш сыныптар » М. Хакімжанова. «Бала Мәншүк»

М. Хакімжанова. «Бала Мәншүк»

Қарағанды облысы

Шет ауданы, Ақсу-Аюлы  мекені

Ж. Ақылбаев  атындағы мектеп-гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі

Омарова Нұржанат Мұқабылқызы

Тақырыбы: М. Хакімжанова. «Бала Мәншүк»

Мақсаты:   а)  Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ерлігі туралы түсінік беру,

балалық шағымен таныстыру.

ә) Өздігінен әңгіме түйінін тауып, мазмұнын түсініп, қорытынды жасай білуге үйрету, тіл байлығын,

шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

б) Туған жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіре отырып, отан сүйгіштікке, елінің патриоты

болуға, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

 

№ р/с Атқарылатын жұмыстар Әдіс -тәсілдері Ресурстар Оқушылардың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
1 Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық

    Тіл арқылы биіктерге жетеміз,

Тіл арқылы қиындықтан өтеміз.

Ана тілді қастерлесек, қадірлеп,

Болашақта самғай ұшып кетеміз.

-деген өлең жолдарын айту арқылы қимылдармен көрсетеді.

 
2 Топқа бөлу   Әр түрлі геометриялық фигуралар Геометриялық фигуралар бойынша үш топқа бөлінеді. Сынып оқушыларын үш топқа бөлемін.
3 Қызығушылықтарын ояту. сұрақ Бейне жазба Интербелсенді тақтадан «Жеңіс күні» бейне жазба көреді. -Жеңіс бізге қалай келді?
4 Үй тапсырмасын сұрау     Ітоп-«Шығыс шынары» мазмұнын айтады.

ІІ топ- Әлия туралы дерек оқу.

ІІІ топ-Әлия туралы жатқа өлең оқу.

 
5 Жаңа сабақ Сұрақ-жауап     Әлия Молдағұловадан басқа тағы Қазақстаннан шыққан батыр қыз кім?

Ендеше, бүгін сабақта Мәншүк туралы сөз етеміз

6 Мәншүк Мәметова туралы мағлұмат Постермен жұмыс. Постер, маркер. «Білемін» бөлігі бойынша жазады. Қорғайды. Әр топқа кесте таратылып беремін.

Бағыт-бағдар беремін, тыңдаймын.

7 Жаңа сабақты хабарлау. Постермен жұмыс. Постер, маркер. «Білгім келеді» бөлігі бойынша жазады. Әр топ негізгі үш сұрақты сыныпқа жария етеді. -Біз бүгін М. Хакімжанованың «Бала Мәншүк» мәтінімен танысамыз.
8 Мәншүк Мәметова туралы түсірілген кинодан үзінді көру.   Бейне жазба

слайд

   
9 Автор туралы мағлұмат беру. Слайдпен жұмыс. Слайд    
10 Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға оқулықтағы мәтінді үшке бөлгізіп, әр топ өзінің оқыған бөлігін түсініп оқып, басқаларына әңгімелеп айтып береді.

  оқулық І топ-«Ауылдан келген қазақ қызы»

ІІ топ-«Мәнсияның байсалдылығы»

ІІІтоп-«Мәнсияның жанама аты»

Әр топқа іштей, мәнерлеп оқытамын.

 

11 Оқыған бөлігі бойынша коллаж жасау бейнелеу суреттер 2 оқушы басқа топ мүшелеріне түсінгендерін әңгімелеп айтып береді.

 

Бағыт-бағдар  беремін.
12 Сергіту сәті. билеу үнтаспа Оқушылар әуенмен жаттығу жасап билейді.  
13 Тақтамен жұмыс. әңгімелеу сурет Салған сурет бойынша әр топтан бір оқушы айтады. Түсінгендерін тыңдаймын, толықтырамын.
14 Білімді бекіту.

Топтық жұмыс.

    І топ- «Мәншүк» эссе жазу.

ІІтоп-Бес жолды өлең құрастыру.

ІІІ топ- Әлия мен Мәншүк. Венн диаграммасын түсіру

Әр топқа тапсырмаларды бөліп беремін, бақылаймын, бағыт-бағдар беремін.
15 Рефлексия     Оқушылар бүгінгі сабақтан алған мәліметтерін «Білдім» бөлігіне жазады. Жауаптарын толықтырамын.
16 Бағалау.       Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімін бағалаймын.
17 Үйге тапсырма.     1. «Бала тілегі» мазмұндау.

2. «Ұлы Отан соғысының батырлары» буклет жасау.

 

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *