Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Етістік туралы түсінік

Етістік туралы түсінік

Гүлмира Бүркітбаева

Сабақтың тақырыбы :  Етістік туралы түсінік

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Оқушыларға етістік сөз табы туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен етістікті ажырата білуді үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, қисынды ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту. Сөздік қорын байыту. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылармен жекедара жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, оларды ұқыпты, сауатты жұмыс жасай білуге баулу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі :сұрақ-жауап , тіл дамыту әдістері

Сабақтың көрнекілігі : тірек-сызба плакаты,үестірмелі кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:

І) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу ,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, көрнекі құралдарды тақтаға ілу.

ІІ) Үй тапсырмасын пысықтау :

Өткен сабақты еске түсіру. Миға шабуыл. Сұрақ-жауап.

-Сөз таптары дегеніміз не?

-Қазақ тілінде неше сөз таптары бар? Т.б.сауалдарды қойып, нақты жауап талап ету.

ІІІ)  Жаңа сабақты түсіндіру :

 

 

 

 

—  -заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы.

 

—  не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.

 

Мысалы : Көп ойласаң, дан,а боласың, көп ойнасаң, бала боласың.

 

Берілген мысалдарда ойласаң,ойнасаң ( сен не істесең?) боласың деген сөздер заттық ұғымдағы сөздердің ( сен ) қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұр. Мұндай сөздер  етістіктер деп аталады.

Етістік құрамаына қарай негізгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып екіге бөлінеді.

Сөздің негізгі түбірі  етістік болса, ол негізгі түбір немесе негізгі етістік деп аталады.

Мысалы: кел, бар, жүр , көп.

Басқа сөз таптарынан сөз, тудырушы жұрнақ арқылы жасалған жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады. Мысалы: ойна , шегеледі, қарайып ,көгерген деген түбірлерге –а,-ле,-й,-ер,-қар,-ей жұрнақтары жалғану арқылы етістік жасалған.

Жаттығумен жұмыс : 221-жаттығу  Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсетіңдер.

Негізгі түбір ;                              туынды етістік ;                       жұрнақ ;

аял                                                аялда                                          -да

аз                                                  азай                                            -ай

жас                                               жасар                                         -ар

ІҮ.) Білімді бекіту :  Етістікке сипаттама беру арқылы сабақты оқушылар қорытындылайды.

 

 

Бағалау : Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 222-жаттығу. Зат есімнен жасалған туынды етістіктерді тауып жазу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *