Басы » Кембридж бағдарламасы » Ортақ етіс (Қысқа мерзімді жоспар)

Ортақ етіс (Қысқа мерзімді жоспар)

 Павлодар облысы

Ақтоғай ауданы

Еңбекші орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Нұрсәуле Шәкірт  

Қысқа мерзімді жоспар

Күні: 26.01.2016ж Пәні:  Қазақ тілі Сынып:  6 қазақ                   
Тақырыбы: Ортақ етіс
Сабақтың ұстанымы: Білекке емес, білімге сен!
Мақсаты:

 

Етістің  басқа түрлерін еске түсіре отырып, түрлі тапсырмалар  арқылы  ортақ етіс туралы түсіндіру
Күтілетін  нәтиже: *Жалпы етістіктің түрі етістер туралы білімдерін кеңейтіп,оларды бір-бірінен ажырата алады;

*Етістерге тұлғалық талдау жасап үйренеді;

* Ақпараттарды қабылдап, қорытынды жасай біледі;

* Ұйымшылдыққа, сенімділікке үйренеді.

Сабақтың  түрі: Жаңа білімді игерту
Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, әдебиет
Сабақ кезеңдері: Сабақ барысы: Бағалау ресурстар
  1. Кіріспе:

                    3 мин

 

             

             

              2 мин

 

                   

                    4мин

 

 

1.Ұйымдастыру  бөлімі

Психологиялық дайындық. Сыныпта жақсы психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында  шеңбер  құрып бір-біріне тілек айту. «Ыстық алақан» тренингін өткіземін.(2 мин)

2. Мақал –мәтелдер арқылы топқа бөлу.

Оқушылар таратылып берілген мақал –мәтелдердегі етістіктердің болымды, болымсыз түрлеріне қарап бөлінеді.

3.Үй тапсырмасын  тексеру.

«Ыстық орындық» әдісі бойынша сұрақтар қою.

Оқушылар ретімен сұрақ қояды,орындықта отырған оқушы қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

 

шапалақ

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Тұсаукесер

 

            4 мин

 

 

1.Назарларын   жаңа   сабаққа   аудару.

Миға шабуыл

— Балалардың назарын шағын бейнероликтерге аудару.

Балаларға ондағы адамдар судағы және құрлықтағы жан- жануарлардың  сан қилы қимылдарын көрсету.

Иә, дұрыс айтасыңдар. Айналамыздағы тіршілік атаулының бәрі қимыл үстінде.

Ал осы қимыл әрекеттерді жасауда екінші біреудің қатысуы арқылы орындалатын етістіктің түрі етістер туралы сабағымызды жалғастырсақ.

Оқушылар бейнероликтерді көре отырып, күнделікті өмірде біз сан қилы әрекеттер жасайтынын, тіпті қимыл — қозғалыссыз өмір сүре ала алмайтындары туралы өз ойларын білдіреді. Тіптен оны елестету мүмкін де емес.

Тақырып туралы қысқаша мәлімет

 

 

 

 

 

Сурет

 

Кесте,

АКТ

 

Бейнебаян

  1. Негізгі бөлім

   

                10 мин

 

                2 мин

                2 мин

                2 мин

                2 мин

                2 мин

 

              

                2 мин

1.Мәтінмен  жұмыс.

Жаңа ақпарат

Слайдқа жазылған сөйлемдердегі етістіктерге тұлғалық  талдау жасай отырып, ортақ етіс туралы түсіндіремін.

Ортақ етістің жұрнақтары қатысқан бірнеше мысалдар келтіре келе, ұғымдарын кеңейтемін.

Толықтыру тест арқылы етістер туралы түсініктерін  кеңейте түсемін. Қайта бағыттау сұрақтарын қоямын.

 Сөздікпен жұмыс

Сөйлемдерде берілген асты сызылған сөздерге түсінік беріп кетемін.

Оқулықпен жұмыс

195-жаттығуды орындау. Берілген етістікке жұрнақ жалғап,ортақ етіс жасағдар.Түбір мен қосымшаның арасын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.Үлгі: айт-ыс-ты,ал-ыс-ты,бөге-с-ті.

Оқушыларға суреттер таратып беріледі. Олар етістің мағыналық түрлеріне қарай суреттерді топтастыру.

Оқушы әрекеті:Слайдта көрсетілген етістіктерге тиісті етіс жұрнақтарын қойып, талдап шығады. Қойылған сұрақтарды екінші бір оқушы толықтырып отырады.

Оқушылар мысалды дәптерлеріне жазып алады.

Оқушылар берілген етістіктерді ортақ етіс жасап жазады.

Топтағы оқушылар бір-бірімен ақылдасып, суреттерді топтастырып жабыстырады.

Ортаға шығып қорғайды. Етістерге байланысты сөз тіркестерін оқып, ережемен түйіндейді.

2.Сергіту  сәті 

198жаттығу бойынша тапсырманы орындау.

1-тапсырма

Тест тапсырмасы
1.Ортақ етістің жұрнақтары.
а) –ыс, іс, -с                          ә) –ыл, -іл, -л
б) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз         в) –ын, -ін, -н
2. Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі  … деп аталады.
А) өздік етіс        ә) дара етістік       б) ортақ етіс    в) болымды етістік
3.Төмендегі сөйлемнен ортақ етісті тап.
Наурызда Айгүл мен Асан көпшілік алдында айтысты.
А) көпшілік     ә) наурызда    б)алдында    в) айтысты.

 

 

 

 

 

 

 

Топтық бағалау

 

Мәтін

 

 

 

 

 

 

 

АКТ

 

 

Кесте,

 

АКТ

 

  1. Қорытынды

6        мин

1.      Өлең жолдары қай етіске мысал болатынын тап.   Өздік        етіс    Өзгелік етіс    Ырықсыз етіс    Ортақ етіс
Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық.
(Махамбет)
Сабадан қымыз құйдырып,
Алдарына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек,
Әзілдесіп сылқылдап…
(Абай)
Алқымы күшті асаулар,
Ноқтаға басы керілді.
Өз малым деп жүрген мал.
Иесіне берілді.
(Абай)
Достар ол күні Ертіс бойына барды, қаланы аралады, кешке жақын қош айтысты.
(Оралхан Бөкей)
Топтық  бағалау Постер жасап, қорғау
Ізденіс жұмыс

Үйге тапсырма      2 мин

Ортақ етіске көркем әдебиетттен үш мысал жазып келу.196 жаттығу.
Рефлексия               2 мин

 

Сабақ не туралы болды?

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдың? Өздерінің  сабақтан  алған  әсерлерін  жазады.

Сабаққа қатысқандар үшін
Не  сәтті өтті?

Нені  дамыта аласыз?

 

 

 

Не сәтсіз өтті?

Нені өзгерткіңіз келеді?

 

 

 

Сабаққа қатысқан: —————————————————————————————————————————————————

 

Сабақты толық жүктеп алыңыз 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *