Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
№201 мектеп – лицей мұғалімі
Нурова Динара Есиркеповна
Білім саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: «О о » дыбысы және әрпі
Мақсаты: «Оо » дыбысымен және әрпімен артикуляциясымен таныстыру. Буын туралы түсінік беру. Сөздерді буынға бөлуге үйрету. «Буын», «Дауысты дыбыс» ,«Дауыссыз дыбыс»терминдерімен таныстыру.
Сөздік жұмысы:
торғай-воробей-birdie, ою-орнамент-ornament, ожау-черпак-skoop
Әдіс-тәсілдер: Топтық, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, қайталау
Көрнекіліктер: Слайдтар, әліппе, мазмұнды сурет, қима әріптер
Іс-әрекет түрлері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті | Ескерту |
Себепті оятушы
|
Баларды сауат ашу оқу іс-әрекетіне дайындау.
Сұрақ-жауап арқылы сабақты бастау. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Қандай ай? -Желтоқсанның нешесі? -Бүгін аптаның қай күні? -Қане өткен әріптерді қайталайықшы. — Тамаша балалар жарайсындар!
|
Қайырлы күн достым Қайырлы күн болсын!Жұма күнгі бүгінгі Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсын! Балалар жауап береді. -А Т П Н Ғ Р Л У Ш О
|
|
Ұйым
дастырылып негіз делген
|
— Енді бір сәтке тақтаға назар аударайық (видоеролик) — Біз не көрдік? — Осы ертегінің кейіпкерлерін атайық? — Олар қайда тіршілік етеді? — дұрыс айтасындар, олар орманда. Ал енді «орманда» сөзін бәріміз бірге айтайық. — қай әріптен басталып тұр? — олай болса бәріміз дыбыстап көрейік.- О о о қалай айтылып тұр? Ауа кедергіге ұшырамай, созылып айтылып тұр, олай болса ол дауысты дыбыс. -О дыбысынан келетін сөздер айтайықшы. О әрпі неге ұқсас?
Оқулықпен жұмыс. О дыбысы сөздің басында, сөздің ортасында келеді. (оқу) Сөздік жұмысы Торғай – воробей – birdie І топ бірінші қатарын ІІ топ екінші қатарын ІІІ топ үшінші қатарын Енді бәріміз бірге оқимыз буынға бөлу. (Ой, ор, ол, ой-на, ай-на, ой-ла т.б) -Ал енді қояннан кейін бауырсақтың алдынан не шықты? Дәптерге жазу. О дыбысының әрпін жазу • Ауада жазып қол жаттықтыру. • О әрпін екі жолға толтырып жазу. Сергіту сәті: Физминутка «Тор» сөзін кеспе әріптерімен жазамыз. Ал енді осы сөзді оқимыз. Ал осы тор сөзіндегі «т» әрпін алып тастап оқып көрсек қандай сөз шығады. «ор» Топтық тапсырма: «Не артық» ойын. Балалар бұл жерде «о» дыбысынан басталмайтын сөзді табу. І-топ: ою, орындық, алма ІІ топ: Оймақ, орақ, балға ІІІ топ: Доп, орамал, қалам
Қорытынды: «Сөз ойла тез ойла» v Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық? v О о дыбысы қандай дыбыс екен? v Әріп таңбасы неге ұқсас? О о дыбысына басталатын сөздер айту. Керемет балалар, бүгінгі сабақта өз белсенділіктеріңді көрсете біліп, бауырсақты орман жануарларынан құтқарып, атасы мен әжесіне аман – есен қауыштырдық. |
-Бауырсақ ертегісін -Орманда
о дыбысынан -О-о-о-о-
ошақ, орақ, орамал, орындық, оймақ, доп, моншақ, пальто, кресло т.б.
арбаның дөңгелегіне, шарға, допқа нөлге
Атасы мен әжесінен Қоян
Жоқ, бауырсақты бермейміз тапсырманы орындаймыз.
Қасқыр
Жоқ, бермейміз.
Дәптерге жазады
Қимыл-қозғалыспен көрсетеді.
Аю
Жоқ, бермейміз, тапсырманы орындаймыз. Кеспе әріппен жазу «Тор» сөзі шығады
«ор»
Әр топ бармақ арқылы бағалайды
Қойылған сұраққа жауап береді
|
|
Рефлексті түзетуші
|
Жарайсыңдар балалар! -Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? -Олай болса қолдарыңдағы смайлинктер арқылы сендердің көңіл күйлеріңді білгім келеді.
|
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі?
Қандай түсініктерді игерді?
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
[bws_related_posts]