Екібастұз қаласы №17 жалпы орта білім беретін мектебінің
математика пәні мұғалімі Сырымбетов Бауыржан Маратұлы
Мақсаты:
Оқутышылық: Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі туралы және олардың қабырғаларының қатынастары туралы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылық, логикалық іскерліктерін, абстракциялы ой-өрісін жаңа ұғымдар арқылы кенейту;
Тәрбиешілік: Ұқыптылыққа, шапшандыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы:
І кезең. Мотивация.
ІІ кезең. Жаңа сабаққа дайындық
ІІІ кезең. Жаңа сабақты түсіндіру
IV кезең. Есептер шығару
V кезең. Рефлексия
V кезең. Үй тапсырмасы, бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Мотивация.
Практикада геометриялық өлшемдер (ауданы мен ұзындығы бойынша) өте жиі кездеседі.
1-мысалы, өзен үстінен өтетін көпір ұзындығы туралы есеп.
2-мысалы, биіктігі 70 метр маяк мұнарасынан 30 горизонтта кеме көрінді. Кемеден маякка дейінгі қашықтықты тап.
3-мысал, 200 м қашықтықта көтерілуі биіктігі 6 м болатын шоссе жолдың көтерілу бұрышын тап.