Қостанай облысы
Жангелдин ауданы
Торғай ауылы.
Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Жанділда Ақмарал Дүкенбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Шалғын өсімдіктер мен жануарлары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарларын, олардың ерекшеліктері мен тіршілігі туралы мағұлматтар беру.
Сабақтың міндеті: 1. Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру.
- Өз ойларын еркін айта білуге қабілетін, білімін,
ой-өрісін дамыту.
- Табиғатқа қызығушылықтарын арттыру, жануарларды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу. «Таза тақта» стратегиясы топпен жұмыс. Рас па? стратегиясы. Тест жұмысы, семантикалық карта. Рефлексия «Бес бармақ» әдісі.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар, суреттер, т.б
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену,
Еңбектену арқылы,
«5»-ке қолды жеткізу.
II Үй тапсырмасын тексеру.
«Таза тақта» стратегиясы
- Бейімделу деген не?
- Қандай табиғат жағдайлары өсімдіктер мен жануарлардың бейімделуіне үлкен әсер етеді?
- Өлке ұғымына түсінік бер?
- Сенің тұратын жерің қандай аймаққа жатқызылады?
- Сен онда қандай өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететінін байқай аласың?
- Азықты қалай тауып жейтінін айтып бер.
II Топқа бөлу (түстер бойынша)
1-топ «Өсімдіктер»
Ұраны: Аман болсын табиғат,
Аман болсын адамзат.
2-топ «Құстар»
Ұраны:Құстарды қорғаймыз,
Ұясын бұзбаймыз.
3-топ «Жануарлар»
Ұраны: Жануарлар тобы алға,
Тек биікке самға.
IV Қызығушылықты ояту.
Жұмбақтар
- Дала кілемі не?
(Шөп, өсімдіктер)
- Біреуге найза түйрейді,
Өзі де содан күйрейді.
(Ара)
- Шидім, шидім,шидім құс,
Ши басына қонған құс.
Қарқаралы қара құс,
Хан басына қонған құс.
(Шыбын)
- Құстай ұшады,
Құландай жортады,
Қойдан да қорқады.
(Қоян)
V Жаңа сабақты түсіндіру.
Шөптесін өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді, әдетте- көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін- шалғын дейді. Шалғындар, көбінесе, көктемде тасыған су жайылатын өзен аңғарларын, көл аңғарларын, тау етектерін алып жатады. Сонымен, шалғынды жазықтан да, өзен аңғарынан да және таудан да кездестіруге болады.
Құлпырған көк шалғын ерекше көз тартады. Жаздың шайдай ашық, ыстық күніндешөп арасынан гүлдер жайнап, таңғажайып әсем көрініс туғызады. Мұндағы тік өскен кесте жусан, шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот, тышқанбұршақ сияқты алуан, түрлі-түсті гүл күлтелері көздің жауын алады.
Жаздың басы мен ортасында шалғындағы шөп жұмсақ, балғын болады. Пішен шабу осы кезеңде басталады. Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейді. Кейбір шалғындар жазда және күзде мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Шалғынды мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Оларға: уқорғасын, сарғалдақ сияқты өсімдіктер жатады. Жаз ортасына қарай шалғынға бара қалсаң қайнаған тіршілікке кездесесің. Жылдың бұл мезгілінде шалғынды бунақденелілер өте көп балады. Гүлден-гүлге қонып тыным таппай шырын жинап жүрген бал арасын, өздері де гүлге ұқсас көбелектерді көруге болады. Алуан түрлі қоңыздар да , көкшегірткелер,түкті аралар да қаптап жүреді.
Шалғында бөдене де көп кездеседі. Оның шөп арасында «бытпылықтаған» дыбысы естіледі. Олар жорғалап жүріп, қөбінесе шөп дәнімен, оның жас сабағымен , бунақденелілермен қоректенеді. Бөдене ұйысқан қалың шөп арасына ұя жасап, оған 10-20 жұмыртқа салып басады.
Шалғында ірі аңдар болмайды. Мұнда олардың өз жауларынан жасырынуы қиын. Ал, саршұнақ, көртышқан сияқтылар аз емес. Олар қалың шөптен бөктергінің көзіне онша түсе қоймайды және өз тіршілігіне қажетті басқа да жағдайлардың бәрін табады.
Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар тізбектей оқиды.
Шығармашылық тапсырма. (Әр топ өз топтары бойынша постер қорғайды)
VI Сергіту сәті.
VII «Рас па?» стратегиясы
Шалғынның шөптесін өсімдік өсетін жер екені рас па?
Сарғалдақтың бес сары күлтесі бар екені рас па?
Сарғалдақтың дымқыл жерді ұнататыны рас па?
Гүлкекіренің көгалдағы барлық гүлдерден биік болып өсетіні рас па?
Адамдарпдың көгорай шалғынға мал жаятыны рас па?
Көк шалғынның шағын джунглиге ұқсас екені рас па?
Түкті ара, балара, жабайы ара және қумырсқалар гүлдердің тәтті нәрін жинайтыны рас па?
Дала тышқандары, көртышқандары , қояндар мен құстар паналайтыны рас па?
Шалғында бөденелердің көп кездесетіні рас па?
Шалғын үстінде бүркіттің шарықтап ұшып жүретіні рас па?
VIII Семантиткалық карта толтыру (топпен жұмыс)
- Өсімдіктер тобы.
Құс | Бунақдене | Жануар | Өсімдік | |
Қоян | + | |||
Түкті ара | + | |||
Бүркіт | + | |||
Қүреңот | + |
2 Құстар тобы.
Жануар | Құс | Өсімдік | Бунақдене | |
Жұпаргүл | + | |||
Шегіртке | + | |||
Бозторғай | + | |||
Қөртышқан | + |
3 Жануарлар тобы
Өсімдік | Жануар | Бунақдене | Құс | |
Саршұнақ | + | |||
Жоңышқа | + | |||
Көбелек | + | |||
Бөдене | + |
«Сабақты тест жұмысы арқылы бекіту»
- Аумағы жағынан үлкендерін не деп атайды?
А. Көгал Ә. Шалғын + Б. Гүл
- Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктерді тап:
А. Раушан, қызғалдақ Ә. Балшатыр, қоғажай Б. Уқорғасын +
- Шалғында қандай құс көп кездеседі?
А. Бөдене + Ә. Қарға Б. Қарлығаш
- Шалғындв өз тіршілігіне қажетті жағдайлардың бәрін табатын жануарларды ата?
А. Қасқыр , аю Ә Саршұнақ, көртышқан + б. Жолбарыс, түлкі
- Шалғында қандай бунақденелілер көп кездеседі?
А. Қоңыз, көкшегіртке, түкті ара + Ә. Қосаяқ, сартышқан
Б. Қарақұйрық , сұркелес
- Шалғындағы ірі жыртқыш?
А. Сұңқар Ә. Бүркіт + Б. Қарға
- Шалғын өсімдіктерін тап?
А. Ботагөз, қазжуа Ә. Күреңот, жұпаргүл + Б. Жүзім, өрік - Бөдене қанша жұмыртқа басып шығарады?
А. 12-15 Ә. 40-50 Б. 10-20 +
Рефлексия «Бес бармақ» әдісі
1.Бүгінгі тақырып не туралы болды?
- Бүгінгі тақырып несімен ұнады?
- Сабақта қандай сезімде болдың?
- Тақырыпқа не қосар едің?
- Тақырыптан қандай үлгі алдың?
Қорытынды:
Жүрегімде тербеген бір арман бар
Аман болсын аңдар, құстар, ормандар.
Ақыл ойды жоюға емес адамдар
Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар.
Бағалау (әр топ өзін-өзі бағалау парақшасы бойынша топтарын бағалайды)
Үй тапсырмасы:
“Шалғын өсімдіктері мен жануарлары”
[bws_related_posts]
Күшті