№4 Шонжы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Илипбаева Венерям Кулжаевна
Тақырыбы: Көксерек. Мұхтар Әуезов. (повестен үзінді)
Мақсаты: Оқушыларды Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повестен үзіндісімен таныстыру, үзіндінің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Типі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар не тауып алды?
- Мирас не істеді?
- Бейтаныс ағай оларға қалай рахмет айтты?
- Мирас балмұздақты жеуден неге бас тартты?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық.
Балалар, сендер «Көксерек» атты киноны көрдіңдер ме?
Онда не жайлы еді?
Мұхтар Әуезов кім?
Өткен тарауда оның қандай әңгімесімен танысып едік?
Қасқыр. Табиғат .Адамзат.
Берілген сөздерді суреттермен байланыстырыңыз
Өлең шығарыңыз
Анасы, оның, тіршіліктің, баласы, бір бөлшегі, Жаратқан, адамзатты, сенде, махаббатпен, сүй, ғұламатты, ұлы.
Ү. Жаңа сабақ: Мына «Бөлтірікті қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» деген мақалды қалай түсінесің? Ол үшін Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повесіндегі Құрмаштың өмірімен таныссақ, осы әңгіменің түйінін табамыз. Оқулықпен жұмыс. Іштей, жалғастырып тізбектей оқу. Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың? Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірлер айтты? Көксерек «ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады» дегенді қалай түсінесің?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
- Ауыл иттерінің Көксеректі жек көретіні туралы жазылған жерді тауып оқы. Көксеректің ашқарақтығын суреттейтін тұсты тауып оқы.
- Әңгімені мұқият оқып, мына үлгілік кесте бойынша Көксерекке сипаттама бер.
Көксеректің күшік кезі | Көксеректің көк шолақ қасқыр болған кезі |
Жүні – үрпиіп ,үдірейіп
Езуі – ыржитады Бойы – үлкен емес |
Жота жүні – үрпиіп
Көзі – жасылданып Азуы – ақситып ашып, тістерін көрсетіп |
ҮІІ. Қорыту.
Бүгін не жайлы өттік?
Әңгіме немен аяқталды деп ойлайсың?
- Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
2. Адамдардың бөлтірікке жасаған іс — әрекеттеріне қалай қарайсыздар?
3. Әңгіменің идеясы не?
4. Көксерек Құрмашпен неге тез тіл табысты?
5. Көксеректі жауыздыққа баулыған не?
6. Құрмаштың өліміне кінәлі кім?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу.
Бағалау.
[bws_related_posts]