«№ 4 Шонжы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Акимжанова Баян Сайлаубековна
С
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөйлем туралы түсінік беру. Сөз бен сөйлемді ажырата білуге,өз беттерімен сөйлем құрай білуге дағдыландыру, ізденуге үйрету.
Дамытушылық: Сөйлемдерді дауыс ырғағына қарай сауатты оқуға,түрлерін өз бетімен ажырата білуге, ойлау қабілеттерін, сөздік қорын,тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, суреттер,слайд,электронды оқулық.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап ,ойлау, талдау
Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясының элементтері.В.В.Давыдов.Д.Б.Эльконин
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, математика
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі .Сабаққа әзірлік. Қонақтарға амандасу
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз
Сыныбымыз тап- таза
Бор да дайын тақтада
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
– Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы отыр. Себебі, бізге алыстан қонақтар келді? Кімдер екенін білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, сұрақ қоямын.
Екі басы жұдырықтай Ортасы қылдырықтай
Қос мекенді жануар.
Жыл басы қай жануар?
Осы жәндіктері туралы не білесіңдер?
Осы қонақтар жақсы мекен, жайлы қоныс іздеп жолға шығыпты. Біздің мектепке келіпті. Егер біздің мектеп көңілдерінен шықса осы жерге қоныстанамыз дейді. Сендердің білімдеріңді де көрмекші.
- 2. Өткенді пысықтау. 1-тапсырма
— Мәтін дегенім не?
-Мәтін неше бөліктен тұрады? Басы, негізгі бөлім, соңы.
-Қандай түрлері болады? Әңгімелеу,сипаттау, пайымдау.
-Балалар, келген қонақтарды қатыстыра отырып, мәтін түрлеріне әңгіме құрап жіберейік.
Біздің сыныпқа құрбақа, құмырсқа, тышқан үшеуі қонаққа келді. (әңгімелеу)
Құрбақа түсі жасыл,екі көзі тостағандай, аяғы қысқа жануар.(сипаттау)
Құмырсқалар бірлесіп өмір сүреді.Оларды өте еңбекқор деп атайды.Күндіз- түні тынымсыз еңбек етеді. (пайымдау)
-Жарайсыңдар, балалар! Сендерге қонақтар риза болып отыр.
- 3. Жаңа сабақ. Құрбақаның тапсырмасы.
Құрбақа сендердің математикадан білімдеріңді тексеру үшін тапсырма берді. Осыны дұрыс орындасаңдар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
Қызығушылықты ояту.
Математикалық сөзжұмбақ. Сандарды өсу ретімен жаз.
6 15 40 55 69 90
C ө й л е м
-Қандай сөз шықты?
-Балалар, дәптерлерімізді ашып,күн ретін жазамыз.
— Балалар, есімізге түсірейік.
— Сөйлем неден құралады?
— Сөз ше? Мысал келтіру.
Электронды оқулықпен жұмыс.
164 –жаттығу Сөздерді салыстырып оқы.
Шекара, шекарашы, Шекарашылар күзетте тұрады.
ел, қорғайды,күзет, Олар еліміздің шекарасын қорғайды.
олар, тұрады.
-Қайсысы сөйлем? Неліктен?
Жеке сөзбен айтсақ,айтайын деген ойымыз түсініксіз болады.
Ал сөйлеммен айтқанда айтайын деген ойымыз түсінікті болады.
Ой толықтыру
- Балалар, сөйлем туралы не түйдіңдер? Қане ереже шығарып жіберейік.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Сөйлемнен соң нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белігісі (!) қойылады.
165 – жаттығу Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.
Ажар кітапханаға барды. Кітапханада адам көп. Ол кітапханадан кітап алады.
Құмырсқаның тапсырмасы. «Адасқан сөздер» ойыны арқылы
166- жаттығуды орындаймыз.
Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр.
Ақан шанамен сырғанады.
Ол абайсызда шанадан айырылып қалды.
Шана төмен қарай сырғанай жөнелді.
-Балалар, қонақтар тыныс белгілерінің не екенін, оларсыз да сөйлемдерді құрауға болады деп пікір таластырып жатыр. Осыған келісеміз бе?
Көрініс: Тыныс белгілері.
Нүкен:
Ей кішкентай ғана нүкте! Сенің осы керегің жоқ — ау түкке
Керек болсаң,айта қойшы,
Сырыңды менен бүкпе.
Нүкте:
Мен сөйлемнің соңында тұрам
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орында тұрам
Тиянақты ойдың біткенін білдірем
Сөйлем соңына таман,
Дауысыңды бәсеңдетіп үлгерем
Мен емес пе бөліп тұрған ой арасын
Сұраған:
Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,
Осы саған не керек?
Сұрақ белгісі:
Киноға барасың ба?
Газет аласың ба?
Деген сенімді сөйлемдерді
Кейде оқушы мен сенімді
Тыныс белгі қоймай кетеді,
Өзің айтшы білсең ,
Осылардың соңында, қандай белгі келеді?
Ілебай:
Осы сен неге айқайлай бересің!
Сөйлемде қандай мағына бересің?
Жөн-жосығыңды түсіндірші, Жазуға қандай жерге келесің!
Леп белгісі:
Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күле де білемін.
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбінесе көтеріңкі, көңілді жүрем.
-Балалар, көріністен кейін олардың пікірі өзгерген сияқты.
167- жаттығуды ауызша орындайық.
Мына сурет қандай әдемі! — леп белгісі. Көңілін, сезімін білдіреді.
Бұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған.- нүкте.Аяқталған ойды білдіреді.
Қастеев атаңды білесің бе? — cұрақ белгісі. Сұраулық мағынаны білдіреді.
Тышқанның тапсырмасы. Шығармашылық тапсырма. «Сәйкестендіру» ойыны.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.
Хабарлы сөйлем Сен ойнайсың ба?
Сұраулы сөйлем Алақай,күн шықты!
Лепті сөйлем Апам дүкеннен келді.
Сызба арқылы сөйлемдер құрту.
——— ——- ———. Мен мектепке келдім.
——— ——- ———? Сен қашан келесің?
——— ——- ———! Күн қандай тамаша!
Жеке жұмыс.
«Сөйлем » сөзіне дыбыстық талдау жасау.
-Балалар, келген қонақтармыз үшін біздің сынып жайлы мекен бола ала ма?
— Олар ойлана келе өз мекендеріне қайтамыз деп шешті Сендерге берілген тапсырмалардың барлығын орындағандарың үшін рахметтерін айтуда.Сонымен дүниедегі ең бір жақсы мекен,жайлы қоныс — әркімнің өз мекені,өз жері екен.
- Сабақты қорытындылау. «Мен бастаймын, сен жалғастыр » ойыны.
Толықтыру сынамасы:
1.Сөйлем аяқталған ……(ойды білдіреді)
2.Сөйлем сөздерден …… (құралады)
3.Сөйлемдегі сөздер…..( бөлек жазылады)
4.Сөйлемнің бірінші …..(сөзі бас әріптен басталып жазылады)
5.Хабарлы сөйлемнен кейін ….. (нүкте қойылады)
6.Сұраулы сөйлемнен кейін ….( сұрақ белгісі қойылады)
7.Лепті сөйлемнен кейін ….(леп белгісі қойылады)
5.Үйге тапсырма: 168 – жаттығу,ереже жаттау.
6.Бағалау.
[bws_related_posts]