Басы » Кембридж бағдарламасы » Оттегі: химиялық элемент және жай зат.Оттектің химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы

Оттегі: химиялық элемент және жай зат.Оттектің химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы

БҚО,Тасқала ауданы,Мерей ауылы                                               Жалпы орта білім беретің Шипов мектебі

ІІІ деңгейлік оқытудың сертификатталған,химия  пәнінің мұғалімі

Балкенова Айнур Айткалиевна

Қысқа мерзімді сабақ жоспары     8 сынып

Сыныбы           8 32 сабақ  
Сабақтың тақырыбы: Оттегі: химиялық элемент және  жай зат.Оттектің химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Сілтеме Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия»  оқулығы ,Н. Нұрахметов,К.Сарманова, К.Жексембина.  8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 жыл.
Жалпы мақсаты Оқушыларға оттектің физикалық және химиялық қасиеттері бойынша қолданылуы және тіршілік үшін маңызы туралы білім беру; оттектің табиғаттағы айналымы туралы мәліметтер арқылы оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамыту
Күтілетін нәтиже Оқушылар оттектің физикалық және химиялық қасиеттері бойынша қолданылуы және тіршілік үшін маңызы туралы білім алады; оттектің табиғаттағы айналымы туралы мәліметтер арқылы оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамытады
Құрал-жабдықтар:  

Периодтық жүйе, слайд,телефон, Химия 8 сынып есептер жинағы, постер,  пламасстер,стикер

Сабақтың түрі Кіріктірілген сабақ
Әдіс-тәсілдер Жеке, топтық жұмыстарға тапсырмалар, деңгейлі тапсырмалар беру, сұрақ қою техникалары, Химиялық диктант әдісі,иә- жоқ әдісі
Пән аралық байланыс  биология,физика, география
Ұйымдастыру Мұғалімнің іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Техника даярлығы

-Оқушылардың сабаққа даярлығы

-Оқушыларды түгелдеу

«Менің көңіл — күйім»
Сабаққа дейін ——————— Сабақтан кейін
(Әр оқушыға «Блоб» ағашының парағы таратылады.)

Оқушылардың іс-әрекеті

 

Оқушылар бүгінгі сабаққа қажетті құрал – жабдықтарын алады. Химиялық формулалар  бойынша 3 топқа бөлініп отырады.

 

Ой қозғау Оқушыларды химиялық формулалар  жазылған парақшалар арқылы 3 топқа бөлу:

-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

 

1.Қандай оксидтердің формулалары валенттілігіне сәйкес дұрыс қойылмаған?

 

І              ІV          ІІ           VІ          І            VІІ

Cu2O      SiO4      ZnO         SO3      Na2O       Cl2O7

ІV                  ІІ

MnO4          CO

2.Мына реакция теңдеулерді жазып, оксидтерді атаңыз;

S+O2=        C+O2=          P+O2=          Al+O2=

Жұмбақ   шешу:

«Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің»     (ауа)

«Екі сөз тіркесінен тұрады, бір адамға қажетті құбылыс, екіншісі тыйым сөз,

Осы екеуі біріксе, элемент аты шығады» (от-тек)

Оқушылар тапсырмаларына жеке жауап береді.

 

Берілген жауап нәтижесі бойынша өзін-өзі бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақты шешу арқылы жаңа тақырыптың  мағынасын  ашады.

Жаңа сабақты түсіндіру Жаңа тақырыпты 3 топқа бөліп береді.

Сыныпты 3 топқа бөлу.

1 топ- Оттектің жалпы сипаттамасы

2 топ- Қасиеттері

3 топ- Қолданылуы,алынуы

Орындалған жұмыстарды топ ішінде постер салып,талқылау.

Жұмыстарының дұрыс немесе бұрыс екеніне көз жеткізеді.

Оқушылар тақырып пен жаңа ұғымдарды жазып алады. Берілген мәтінмен таныса отырып, топ ішінде талқылайды. Талқыланған жұмысты топ атынан бір оқушы  қорғайды.

Қорғалған жұмысты «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды

Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

 

Қорытындылау     Оқулықтағы тапсырмаларды орындайды.

 

  Оқушылар берілген тапсырмаларды  орындайды
Бағалау   Топтық бағалау,Критерий арқылы бағалау

А- 1-2 ұпай.-3   Б- 3-4 ұпай-4    С- 5 -6 ұпай -5

 Қорытынды жасайды, бағалайды
Рефлексия Оқушыларға мына кесені толтыруға берем

Нені білем Нені білдім Не үйрендім.
   

 

 
 Рефлексия парағын толтырады.
Үйге тапсырма §21,22,24 оқу §21,22,24 оқып келу

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *