Қарасай ауданы А.С.Пушкин атындағы
ОМ бастауыш сынып мұғалімі
Тоғанбаева Қ.Қ.3-ші деңгей
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгіңгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Сабақ – мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне,ұйымдастыру қабілеттілігіне,шеберлігіне байланысты.Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістердің білім беру саласы шет қала алмайды.Сондықтан қазіргі уақытта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қарастырылып,енгізілуде.
Қазіргі заман талабына сай сабаққа қойылатын мақсат-міндеттерінің ерекшілігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған. Дәстурлі сабақ кезінде оқушы тек тыңдаушы,орындаушы ретінде көрінген. Қазіргі таңда оқушыны қалыптастыруға мынадай мақсаттар жүзеге асырылады:
- Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету;
- Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;
- Жұпта,топта жұмыс жасай білуге үйрету;
- Бір-бірінің білімін бағалауға;
- Жетістіктерін қолдана білуге тәрбиелеу;
- Тез әрі нақты ойлап,дұрыс шешім қабылдай алу және тапқырлық,тиянақтылық дағдыларын дамыту:
- Талабын ұщтап,қиялын дамыту;
Білім беру саласының ең басты мәселесі – оқушылардың білім беру дәрежесін жетілдіру.Оның басты мақсаты балаға белгілі білім беріп қана қоймай ,оны жалпы дамыту,сыни тұрғыдан ойлап нәтиже шығара алатын,ізденімпаз әрі саналы тұлға қалыптастыру.
Сондықтан жаңа технологияны қолданудың маңызы зор.Бұл бағдарламаның мідеттерінің бірі –оқушыларда және мұғалімдерде сыни тұрғыда ойлауды дамыту. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі әлем ғалымдарының бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар жаңа бағдарламада оқытудың инклюзивті болуына үлкен мән беріледі. Инклюзивті оқыту мүмкіндігі,қабілеті түрлі деңгейдегі балалардың бәріне білімнің қолжетімді болуын көздейді. Мәселен мектепте оқушыларды үнемі бір-бірімен салыстырып отырамыз,үлгерімі төмен болса төмен баға қоямыз Негізінде бұл оқушыға моральдык тұрғыдан ауыр екендігін,оқуға деген уәжінің төмендеуіне әсер ететіндігін ескермейміз. Сондықтан инклюзивті білім адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес,әрбір адам қарым-қатынас жасауға және пікірін айтуға құқылы,әр баланың қайталанбайтын бірегей ерекшелігі мен қажеттілігі бар қағидаттарға негізделген.
Бастауыш, жоғарғы сынып оқушыларында кейбір балаларда сабақта білмегенін сұрап алу,түсінбегенін мойындау дағдысы нашар қалыптасқан. Мына жағдайларды болдырмау үшін Кембридж бағдарламасы ұсынып отырған әдіс –тәсілдерді сабақта қолданудың маңызы зор.Бағдарламаны игерген мұғалімдер оқушылармен кері байланыс жасаудың түрлі тәсілдерін үйренеді. «Екі жұлдыз,бір тілек», «3-2-1» т.б. түрінде жүргізілетін кері байланыс оқушылардың білу,түсіну деңгейін білуге көмектеседі.
Кез-келген сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталады.Осыған орай сыныпта міндетті түрде ынтымақтастық атмосферасын құру балалардың көңіл-күйінің көтеріңкі,сабаққа деген қызығушылығын тұдырады.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушылар бір-біріне ілтипат білдіріп,жағымды сөздер айтады.
Оқушыларды ұйымшылдықа,ұжымдық жұмыс істеуге үйретуге топқа бөліп сабақ өткізу тиімді.Топтық жұмыста оқушылар бір-бірімен қарым қатынас жасап,бірін-бірі тыңдай білу іс-әрекеттері байқалады. Мұғалімнің шеберлігіне байланысты түрлі іс-әрекет,идеялармен,сабақ тақырыбына байланысты, көрнекі-құралдармен топқа бөлуге болады.
Сабақ кезеңдерінде модульдерді кіріктіру мұғалімнің шеберлігін қажет етеді. Сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында сын тұрғысынан ойлау стратегияларының тиімділігі мол. Атап айтқанда «Ой қозғау», «Ыстық орындық», «Семантикалық карта», «Кубизм»т.б. Әр сабақта стратегияларды тиімді қолдану, әр баланың пәнге деген қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді.
Білім беру үрдісінде мұғалімнің оқушыны дұрыс бағалауға көңіл бөлгені дұрыс. Баға –оқушының білімін көрсететін нәтиже. Сондықтан мұғалім жаңа форматта сабақ тақырыбына байланысты критерийлері бойынша немесе бағалаудың әр түрлі тәсілдерін қолдануға болады.
Қазіргі заман ағымына сай болашақ ұрпаққа саналы тәрбие,терең білім беру еліміздің басты мәселесі болып табылады. Яғни, сабағынның жемісті болу үшін үнемі ізденіс үстінде болып,жаңа бағдарламаны меңгере отырып қолдану әр ұстаздың парызы деп есептеймін.
Пайдалаңған әдебиеттер:
1.Жеті модульды ықпалдастыра оқыту. Оқу-әдістемелік құрал.Л.Дүйсембекова, 1-кітап. Алматы-2013.
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық.Үшінші (негізгі)деңгей. «Назарбаев зияткерлік мектебі»2012.
[bws_related_posts]