Басы » Бастауыш сыныптар » Өсімдікке су керек

Өсімдікке су керек

Пәні: дүниетану
Сыныбы:2
Мұғалімі:Ерімбетова Жамила Жұмағалиқызы
Сабақтың тақырыбы Өсімдікке су керек
Сабақтың мақсаты 1. Ойға түрткі болу арқылы өсімдіктің пайдасын ,жәна табиғат пен адамның тығыз байланыстылығын ұғындыру 2.Танымдық тапсырмалар, жоғары дәрежелі сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін , сөйлесімін, айтылымын , ойын жүйелеп жеткізу дағдысын дамыту. Топтық жұмыс әрекеті арқылы жауапкершілікке, ынтымақтастыққа және топ болып тұжырым жасай білу дағдысын қалыптастыру 3.Өсімдіктерге қамқорлық жасап, күте білуге баулу арқылы табиғатқа деген ізгілік сезімдерін оятып,табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақ формасы Топтық, ұжымдық
Сілтеме Дүниетану пәні 2-сынып, Биология пәні 6-сынып,Бастауыш сынып әдістемелігі. www.cpm.kz
Оқыту әдісі Кембридж әдіс -тәсілдері
Оқыту нәтижесі

Тәжірибе жасау-бақылау нәтижесінде өз пікірін айтуға, табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінде пікірлесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін жетілдіреді, өз бетінше танымдық іс-әрекеттерін дамытумен бірге табиғаттағы адамдардың іс –әрекеттері жөнінде мәліметтер алады.

Түйінді идеялар Табиғаттағы судың тіршіліктегі маңызын, судың пайдасын зерттеу нәтижелері арқылы тұжырымдап, табиғатты қорғау үшін үнемділік қажет екенін түйсінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс – әрекеті
Сабақтың кезеңдері.
І.Ұйымдастыру:
1. Оқушылармен амандасу
2.Психологиялық дайындық
«Жан жылуы»тренингі арқылы оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырамын. Оқушылар шеңбер құрып тұрып, сын есімді сөздер арқылы бір-біріне баға береді, жылы сөздер айтады.
ІІ. Топқа бөлу:
Қима қағаздар арқылы топқа бөлу
ІІІ. Бейнеролик «Құмырсқаның бірлігі»
ІV.Топ ережесін құру
1.Сабақтан кешікпеу
2.Ұйымшыл, ынтымақта болу.
3.Уақытты үнемдеу
4. Тақырыптан ауытқымай, ойды нақты жеткізу
5. Өзгенің пікірін аяғына дейін тыңдау
6. Өз тобы үшін жанкүйер болу Оқушылар қиылған қағаздар арқылы өз топтарын табады.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
І топ. Жобаны қорға
«Өсімдік – тірі ағза»
ІІ топ. Танымдық диктант
Өсімдіктің жер асты мүшесін ……………. дейміз.
…………өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұрады
Жапырақ арқылы өсімдік…………………………….. .
Мәдени өсімдіктер: …………..,…………………………. .
Әр топ постерге жазып,тақтаға шығып өз зерттеулерін баяндайды. Топтағы оқушылар бір-бірін толықтырады.
ІV.Жаңа сабақ.
1.Мағынаны ашу
«ЖИГСО» әдісі «Өсімдіктердің өсіп-өнуіне өлі табиғаттың әсері»
Зертханалық жұмыс:
І топ. №1 ыдыстың түбіне мақта төсеп, кез-келген тұқымның 10-15 дәнін салады. Бетін ашық қалдырып , су құймайды.
№2 ыдыстың түбіне мақтаны дымқылдап төсеп, тұқым салып, бетін әйнекпен жабады. Түбіне салынған тұқымның әр уақытта дымқыл болуын бақылау керек.
ІІ топ.№3 ыдыстың жартысына дейін су құйып, тұқымдар
( тұқымдар суға батып тұратындай)салынады. Үш ыдыстыда жылы, жарық жерге қояды.
№4 ыдыстың түбіне дымқыл мақта төсеп, тұқымдар салып, бетін жаппай тоңазытқышқа қояды. (бір аптадан соң тексеру)

Тірек сұрақтар:
1.Тәжірибеден кейінгі шығатын тұжырым
2.Өсімдіктің өсуіне не қажет?
3. Тәжірибе алаңы
«Өсімдіктің бойында су бар»

4. Аут терапия «Табиғат аясында» Интерактивті тақта

Мен үшін сенің пікірің маңызды…
І топ. Егер өсімдіктер тілін адамдар
түсіне алатын болса, жердегі өмір қалай өзгерер еді?
ІІ топ. Сіз шежірелі Шалқар қаласының тұрғынысыз. Қаланы көркейтуге өз
үлесіңізді қалай қосар едіңіз?

Оқушылар алдарына таратылған кестеге толтыру керек.
Қима қағаздар
Өсімдікті суару жолдары
5. Рефлексия
Елбасы жолдауы:«…Бізге өз табиғат байлықтарымызға деген көзқарасымызды ой елегінен өткізудің маңызы зор.Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. Біз оларды сақтаудан қазынамызға кіріс құя отырып, оларды дұрыс басқаруды ,ең бастысы еліміздің табиғи байлығын орнықты экономикалық өсуге барынша тиімді қолдануды үйренуіміз керек…»
Н.Ә.Назарбаев Оқушылар пікірі
Үй тапсырмасы:
«Бір тамшы су жерге пайда»
Ойтолғау жазу
Бағалау Екі жұлдыз, бір тілек Топ бір-бірін бағалайды

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *