Басы » Баяндамалар » Жоғары сыныптарда физика пәнінен күрделі материалды визуальды лекциямен беру жолдары

Жоғары сыныптарда физика пәнінен күрделі материалды визуальды лекциямен беру жолдары

қызаМаңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп

   Жоғары санатты физика пәні мұғалімі    Шалбарбаева Лиза Қуандыққызы

 Жоғары сыныптарда физика пәнінен күрделі материалды визуальды лекциямен беру жолдары

Жоғары сыныптарда  өте  көлемді  және  күрделі  боп  келетін  оқу  материалын  берудің  неғұрлым  тиімді жолдарын  іздестіру  қажет. Сондай-ақ  9-11-сынып  физикасында  оқушыларға  үнемі  құбылып  отырған  әлемнің  өзгерістерін, заңдылықтарын  түсіну  керек.

Міне, осындай  үлкен  көлемдегі  материал  мен  оқушылардың  жүктемелері  арасындағы  керағарлықты  қалай  шешеміз?

Бұл  сұрақты  шешуде  де  тірек-сызбаларды   қолданып, лекция – семинар — сынақтық  жүйемен  оқыту  жақсы  нәтиже  береді  деп  ойлаймын.

Оқушыға  керектінің бәрін тек сөзбен түсіндіру арқылы үйретуге болмайды, сонымен бірге білімді өз бетімен оқып-үйренуге алған білімін практикада қолдана білуге және оқулықпен жұмыс істей алуға да  үйретуге болады және бұл өте қажет. Сабақта оқушы білімі үнемі толығып отыру қажет, осыған байланысты сабақтың әсерлілігінің деңгейін көтеру проблемасы туып отырады.

Үнемі бір қалыпта өтетін дәстүрлі сабақтан оқушылардың жалығатыны, көбінесе пассивті, салғырт тек тыңдаушы болып отыратыны, сабақтың  уақытының көп бөлігі сабақ түсіндіру мен ауызша сабақ сұрауға кететіні бәрімізге аян. Ал мұндай сабақтарда оқушының өз бетімен жұмысына уақыт тіпті қалмайды да.

Міне, сол себепті жоғары сыныптарда материалды ірі блоктар түрінде берген жөн. Бұл  жүйенің  алғашқы  сабағында  оқушылар  меңгеруге  тиісті  көлемді  материалды   визуальды  лекциямен   берген   тиімді. Содан соң  оқушы өз бетімен жұмыстар жүргізе отырып, оқып-үйренетін материалға бірнеше рет оралады, бірақ әр оралуында түрлі әдістер арқылы келіп отырады.

Лекция сабақтарында тәжірибелерді көрсету және сызба, сурет, графиктер арқылы визуальды лекциямен жаңа материал толығымен беріледі. Әсіресе, тақырыптағы ең басты, негізгі мәселелерге назар аударылады.

Визуальды лекция лекциялық материалды бейнетәжірибелер мен аудиожазбалармен ілестіріле, сызба, схема, график, суреттерді пайдалана отырып тірек-сызбалар арқылы слайдпен  визуальды түрде беру болып табылады. Визуальды лекцияы қолдану бір жағынан көлемді материалды игеру мәселесін шешу болса, екінші жағынан көрнекілік принципін дамытуға да мүмкіндік береді. Себебі, визуальды лекцияда тірек-сызбалар, түрлі сурет-графиктер, кестелер, бейнетәжірибелер мен аудиожазбалар көрсетіледі, ал бұл өз кезегінде оқу үрдісінің көрнектілігінің жетіспеушілігін толықтырады. Мұндай сабақта оқушының көру арқылы  ойлау үрдісінің белсенділігі, яғни визуальды ойлауы дамытылады. Ал визуальды ойлау берілген материалдың жан-жақты түсіну мен бекітілу нәтижесінде осы материал туралы нақты білімге айналуына мүмкіндік береді.

Визуальды лекцияны қолданудың бірқатар тиімділіктерін айтуға болады:

1) Бұл лекция түрі оқушылардың берілген мәліметті көзалдына елестетіп жан-жақты ойлауына тірек болады, бұл олардың жеке және білімдік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді, оқушылардың  оқу  материалының  ой  елегінен  өткізіп, бекітуін  жүзеге  асырады;

2) берілетін материалды оқушының тізбек арқылы тұтастай елестетуіне мүмкіндік береді;

3) мұнда графикалық әсемдеу, түсті қолдану үлкен  роль атқарады;

4) лекцияның бұл типін қолдану мұғалімдерге оқушылардың психофизиологиялық мүмкіндіктерін ескеруіне көмектеседі, яғни  берілетін материалдың оқушылардың қабылдау мүмкіндіктерінен артық болғандағы негативті зардаптарға ұшырауының алдын алуға мүкіндік береді.

 

Визуальды лекцияны құрастыру кезінде көрнекіліктің түрлі типтерін пайдалануға болады. Негізінде материалдың тексінен көрнекілік формасына көшкен кезде кейбір мәліметтердің көрсетілмей қалып қоюы да мүмкін, бірақ бұл оқушылардың негізгі нақты мәліметті алуына кедергі келтірмейді, материалды түсінген оқушы қосымша  пайымдауларды өзі де шығара алады.

Оқушылар үйден оқулықтағы  тақырыпты  тірек-конспектімен салыстыра оқи отырып, сабақта визуальды лекцияда көргендерін елестете отырып, тірек-сызбамен дайындалады.

Визуальды лекцияда тірек-сызбаларды  қолданудағы  мақсат – оқушының  оқу  материалындағы  ең  негізгі  түйінді  элементтерді  айыра  білуге, есте  сақтауға  үйрету, оқушы  білімін  жүйелеуді  дамыту, білуге  тиісті  білімін  міндетті  көлемін  нақтылап, оны  оқушының  өз  бетімен  меңгеруіне  көмектесу. Тірек-сызбалар  арқылы  оқушылар  алған  білімдерін  жүйелі  түрде  кері  айтып  бере  алады, оқушылардың  есту, көру, есте  сақтау  қабілеті  дамиды, оқыту  кезінде  сызықтық  белгілерді  қолдану  оқушылардың  үлкен  ми  сыңарларының  қызметін   жетілдіретіні  ғылыми  негізде  анықталған.

Мысал ретінде өзімнің «Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері. Күн-жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күннің және Айдың тұтылуы»  тақырыбындағы сабақта лекцияда пайдаланған сызбамды ұсынып отырмын.  Мен өзімнің күнделікті сабақ  үрдісінде  қолданып жүрген тәжірибем  туралы айттым, оны қолдану – қолданбау, түрлендіру, жетілдіру – әр  мұғалімнің  шығармашылық  жұмысы.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *