Басы » Физика » Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әсері. Джоуль – Ленц заңы

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әсері. Джоуль – Ленц заңы

қызаМаңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Шалбарбаева Лиза Қуандыққызы

Жоғары санатты физика пәні мұғалімі

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп

Сабақтың тақырыбы:”Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының   жылулық әсері. Джоуль – Ленц заңы”

Сабақтың мақсаты:Өткен лекция сабақта алған білімдерімізді тапсырмаларорындау арқылы бекіту

Сабақтың жабдығы:ток көзі, шам, амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар

Сабақтың  түрі:  жаңа материалды бекіту сабағы – семинар сабағы

 Сабақта қолданылған әдіс- тәсілдер: тірек – сызбамен оқыту, деңгейлеп оқыту 

Сабақта қолданылған техникалық құралдар:интерактивті тақта,  компьютер

Сабақтың  құрылымы:І. Ұйымдастыру

ІІ.  Тірек – сызба бойынша лекцияны қайталау 

ІІІ. Тапсырмалар арқылы алған білімді бекіту

  1. Жауап беріп көрейік – жедел сұрақтарға жауап
  2. Физиканың тілі  – ол- формула
  3. Сапалық есептер
  4. Топтық тапсырмалар

 1) эксперименттік  2) графиктікесеп  3) формула-сайыс

  1. Деңгейлік тапсырмалар
  2. Тест

 

ІҮ. Қорытындылау:    а) тірек-сызамен    б) бейнетәжірибе

   

  Ү.Үйге тапсырма.     ҮІ.Бағалау

 

І. Ұйымдастыру

ІІ. Тірек – сызба бойынша лекцияны қайталау

 

ІІІ. Тапсырмалар арқылы алған білімді бекіту

 

1-  тапсырма.  Жауап беріп көрейік

  1. Әр ток көзін сипаттайтын шама —
  2. Бірлік уақыт ішінде жасалатын жұмыс —
  3. Жұмыстың өлшем бірлігі-
  4. Эл тогы қуатының негізгі өлшем бірлігі —
  5. Эл тогы жұмысын өлшейтін  құрал –
  6. Өткізгіш бойымен ток жүргенде, өткізгіш қызады, яғни —

 

2-  тапсырма.  Физика  тілі  –  формула

  1. Электр тогы жұмысының формуласы-
  2. Электр тогы қуатының формуласы —

3  Толық қуаттың  формуласы-

  1. Пайдалы қуаттың формуласы-
  2. Ток көзінің пайдалы әсер коэффициенті –

6.Джоуль  — Ленцзаңыныңматематикалықөрнегі-

 

3-тапсырма.  Ойланып  жауап берейік

 

Пайдаланылатын заңдылық Сапалық есептер жауабы
 

1)    Q = Aж = I 2Rt

2)Тізбектей жалғанғанда өткізгіштердегі ток күштері бірдей болады

Тізбектей жалғанған мыс, болат, никель-үш өткізгіштегі ток күшін біртіндеп арттырсақ, өткізгіштерден бөлінгенжылу мөлшерлері әртүрлі болады. Бұл жағдай неге байланысты?  

 

Өткізгіштерді параллель жалғағанда өткізгіштерден бөлініп шығатын жылу мөл-шерлері осы бөліктердің кедергілеріне кері пропорционал Көлденең қимасы бірдей, бірдей материалдан жасалған ұзындықтары әр түрлі екі өткізгіш параллель жалғанып тізбекке қосылған. Тең уақыт ішінде қай өткізгіштен көп жылу мөлшері бөлінеді?  
Өткізгіштерді тізбектей  жалғағанда өткізгіштерден бөлініп шығатын жылу мөл-шерлері осы өткізгіштердің кедергілеріне тура пропорционал Көлденең қимасы мен ұзындықтары бірдей мыс және темір өткізгіш тізбектей жалғанып, тізбекке қосылған. Тең уақыт ішінде қай өткізгіштен бөлініп шығатын жылу мөлшері көбірек?  
 

P = U2/R

Қуаттары 40 және 100 Вт екі шам бірдей кернеуге арналған. Олардың кедергілерін салыстыр. Қай шамның кедергісі көп?  

 

4 – тапсырма: Топтық  тапсырмалар

  • Эксперименттік тапсырма: Берілген құралдың қуаты мен жұмысын тәжірибе жүзінде анықтау

Электр шамы

  • Электр тогы қуатының сыртқы кедергіге  тәуелділігінеберілген есеп арқылы көз жеткізу:

 

Есеп. Мектеп реостаты  эқк-і       ع = 9В  батерея тізбегіне қосылған. Егер

ішкі кедергі r = 3 Ом болса, электр тогы қуатының тізбектің сыртқы

кедергісіне тәуелділігінің графигін сызыңдар

 

  • Кім көп формула біледі?

 

5-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

 

І деңгей:

Қалта шамының тұғырында  3,5В, 0,28А  деп жазылған. Шамда тұтынылатын  қуатты табыңыздар

ІІ деңгей:

№ 3.253 – есеп, № 3. 255 — есеп

ІІІ деңгей:

Көтергіш кран 6т жүкті 2мин ішінде 12м биіктікке көтереді. Егер жүкті көтерген кезде кранның электр қозғалтқышының  токкүші 51А, кернеуі 380В болса, онда кранның пәк-і қандай?

 

  1. Өзіңді өзің тексер (тест)

 

  1. Эл тогының жұмысының   формуласы

а) Q 1/Q 2 = R 1/R 2         бI  = U/R          в) A = I U t            г)Q =   I2Rt

 

  1. Жалпы қуаттың формуласы

а)  η = R / (R+r)    б) Р =  عI  — I2 r        в)  A = I U t           г)Q =   I2Rt

 

  1. Біз эл тогына ақша төлегенде не үшін төлейміз?

а)  ПӘК   үшін                                                          б) эл тогы кернеуі үшін

в)  өткізгіштердің кедергілері үшін                        г) эл тогының жұмысы үшін

 

  1. Тізбектей жалғанған кезде әр өткізгіштен бөлініп шығатын жылу

мөлшерлері осы өткізгіштердің   кедергілеріне

а)  тура пропорционал         б) тең     в)  кері пропорционал        г)тәуелді емес

 

  1. Джоуль – Ленц заңы

а)   Q =   I2Rt         б)η= 1 / (1+ r/R)       в) A = I U t     г) Q 1/Q 2 = R 2/R 1

 

ІҮ. Сабақты  қорытындылау

          а) тірек-сызамен қайталау

          б) бейнетәжірибе  «Эл тогының   өткізгіштерді қыздыруы»

Ү. Үйге  тапсырма:

  • 9.7 – 9.8 19 – жаттығу (1-3)есептер жинағынан – № 3.246 – 3.250

ҮІ. Бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *