Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық №5 бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекешова Светлана Қырғыбайқызы
Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Қосу және азайту өзара кері амалдар екендігін тиянақтай түсу.Есеп шығару біліктілігін арттыру.
2.Дамытушылық: Баланың жан-жақты ойлауын дамыту.Ой-өрісін кеңейту,ізденуін, ойлауын оқығанын іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру. Ойын есептер арқылы оқушылардың логикалық ой — өрісін ойлау қабілеттерін дамыту. Математикаға қызығушылығын арттыру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап,түсіндіру,ойын,көрнекілік Көрнекіліктер: тақырыптық суреттер,сандар Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық. Математика сабағын Біз меңгеріп аламыз. Қазір есеп шығарып «5» деген баға аламыз.
(қолдарынан ұстап оқушылар, бір — біріне жақсы тілектер тілейді)-Балалар,бүгін бізде ерекше күн.Бізге бүгін қонақтар келді.Бәріміз амандасып,өзіміздің ақжарқын күлкімізді және жақсы білімімізді көрсетіп отырайық.Енді сіздерді «Ертегілер еліне» саяхатқа шақырамын.Сіздер ертегілерді жақсы көресіздер ғой.Ал,ендеше саяхатты бастайық.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырманы аралап тексеру, қосу және азайту амалдарының атауларын ауызша сұрау. Өткенді қайталау.
-Бірақ,балалар, «Ертегілер елінің» қақпасы жабық екен.Оны ашу үшін сиқыр керек.Бәріміз бірге шатаспай 1-ден 10-ға дейін санайық. (ашылмайды) -Кері санап көрейік. (ашылмайды) 1-сан аттап санайық. (ашылмайды) -Енді не істеуге болады екен? Қанеки,бәріміз үш рет шапалақтайық. (ашылмайды) -Менің ойымша,бұл қақпаның құпия сандарын білу керек шығар. Сіздер қалай ойлайсыздар? Тауып көреміз бе?5+0 3+4 8-2 4+5 6+4 9-8 Құпия сандар: 5, 7, 6, 9, 10, 1. (әр санға түсінік беріледі: 5-заттың бесеуін білдіреді,т.б.) Қақпа ашылады. (кілтпен ашу) «Ертегілер» әні орындалып, «Қасқыр мен үй жануарлары» суреттері көрсетіледі. –Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? (қыс)-Ендеше,осы қыс мезгілінде болған бір оқиғаны (ертегі) айтып берейін.Қыстың бір шуақты күні өріске жайылып келу үшін ,таңертең үйден шығып кеткен жылқы,құлын, ешкі,қой,сиыр,түйе өзеннен орманға өтеді.Кешке қайтпақшы болады.Бірақ,олар аяқ басқан сайын өзендегі мұз сықырлап,шытынап жарыла бастайды.Қорқып тұрғанда алдарынан қасқыр шыға келеді.Бұл кезде малшы малдарын іздеп шыққан еді.Малшыға кездескен қасқыр менің тапсырмамды орындасаң малдарыңның қайда жайылып жүргенін айтамын дейді.Ал,балалар,біз малшыға көмектесеміз бе?
III. Жаңа сабақ.
-Оң қолымда неше саусақ бар? (5) -Сол қолымда неше саусақ бар? (5)
-Жақсы оқитын балалар қандай баға алады? (5) -Дұрыс айтасыңдар, «5» дегенім жақсы баға,алады оны жақсы бала.Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтап алдық. Сабағымыздың тақырыбы: «5» санын қосу және азайту. (дәптерге тақырыпты жазу)
Сұрақ — жауап
5 саны қандай сан?
Оқушыларға осы тақырыпқа байланысты киелі сандардың бірі 5 санының құдіреті жайлы таныстырып өту. (бесжұлдыздың суреті көрсетіліп,мағынасы түсіндіріледі)
5 парыз: Құдайдың бірлігі мен Мұхамедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау, намаз оқу, ораза тұту, қайыр садақа беру, қажылыққа бару.
5 қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Абай атамыздың айтқан 5 асыл іс және 5 дұшпанын кім атап береді? (балалар мұғалімнің көмегімен атайды) IY.Оқулықпен жұмыс. Қасқырдың 1-ші тапсырмасы: №1 Қосылғыштардың бірі 5 болатын қосындыларды жаз және мәнін тап. (қосу амалының компоненттерін атау) 1+5 2+5 3+5 4+5 5+5 Қасқырдың 2-ші тапсырмасы: Азайтқышы 5 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап. 10-5 9-5 8-5 7-5 6-5 5-5 -Енді қойды құтқару керек.Ол үшін мына мысалды орындау керек. №2 5+5=10 10-5=5 -Жарайсыңдар,балалар, қойды шығарып алуға көмектестік.Енді ешкіні құтқару керек. Ешкі әрқашан қандай болып жүреді? (көңілді,секеңдеп,жүгіріп) -Ендеше,ешкіні құтқару үшін «Сергіту сәтін» жасайық. Y.Сергіту сәті.(қимылмен көрсету) Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ. Бесті беске қосқанда Болады екен он саусақ. Нешеу болды барлығы? Кел санайық, ал мұны Жасырып ем бесеуін Қалды сонда нешеуі? (5) №3 (сиырды құтқару) 5 , 10 10, 5 №5 (Есеп туралы еске түсіру) Суретін салды-9 ою Бояды-5-еуін Тағы,бояу керек-? Шешуі: 9-5=4 Жауабы: ол тағы 4 оюды бояу керек. Кел,ойнайық! ойыны: «Құлпынай теріп алайық» Мысалдарды орында (себеттерге салу)
Шығармашылық жұмыс
Асқардың, Талғаттың, және Дәулеттің әкелері – дәрігер, мұғалім, ұшқыш. Асқардыңәкесіұшқышемес, Талғаттыңәкесімұғалім де, дәрігер де емес. Дәулеттіңәкесідәрігеремес. Кімніңәкесіқандайқызметістейді?Ойын: «Кім жылдам?» Көрсетілмеген санды тап
YI.Сабақтықорытындылау. –Балалар,біз бүгін сабақта не білдік? Не үйрендік?
YII.Бағалау: жұлдызшамен бағалау
YIII.Үйгетапсырма беру. №4 126-бет.