Басы » Cыныптан тыс » Қазыналы елдің экологиялық тағдыры

Қазыналы елдің экологиялық тағдыры

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы

№ 8 жалпы орта білім беретін мектептің география пәні мұағалімі

Елтезерова Динара Бекболатқызы

Ашық шара тақырыбы: «Қазыналы елдің экологиялық тағдыры»

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың табиғат жайлы көзқарасын жан-жақты қалыптастыру

Дамытушылығы: Сауатты, мәдениетті сөйлеу дағдысын дамыту, туған өлке проблемасын кең ауқымда аша түсу

Тәрбиелілігі: Жас ұрапққа экологиялық тәрбие беру, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакаттар, түрлі-түсті шарлар, декоративті бөлме өсімдіктері, ағаш макеті, слайдтар, видеолар.

Шараның түрі: пікірталас

Пәнаралық байланысы: биология, экология,  география.

 

Шараның жүру барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Топпен таныстыру

«Үміт» және «Болашақ» тобы

ІІІ. «Дәлел мен дәйек» топ басшыларының дайындаған баяндамасы (слайд түрінде)

ІҮ. «Қала көрінісі біздің көзімізбен!» оқушылардың әзірлеген бейнеролигі

Ү. «Мамандар пікірі» әртүрлі мамандық иелерінің қаламыздың тазалығы жөнінде ой пікірлері (бейнесұхбат түрінде)

ҮІ. «Болашаққа үмітпен қадам бастық» пікірталас

ҮІІ. «Шын жүректен» треннинг

ҮІІІ. «Түйін сөз» мұғалімнің қорытынды сөзі

Безендірілген сахнаға оқушылар шығып, табиғат туралы өлең шумақтар оқиды.

Алтынай:

Мұңлы неге табиғат -анамыз

Қазір біздің уланғанба санамыз?

«Балаңа арнап бақ өср»- деген сөзді,

Тереңінен ойлап тапқан бабамыз

Көзін ашып бақ өсір бұлағыңа

Айналсын құтты қоныс тұрағыңа

Жайқалсын өлкемізде саялы бақ

Бөленіп күннің нұрлы шуағына.

 

Әділбек:

Қандай ғажап ажарлы аса көркем

Қазақстан арайлы туған өлкем

Тереземіз тең бүгін басқа елдермен

Егемендік нышаны жарқын жастық

Болашаққа сеніммен қадам бастық

Көркейтейік туған жер табиғатын

Кең даламда жайқалсын алтын астық

 

Аманбай:

Үлгі етіп өнегесін бабаның

Балалардың күнде есіне саламын.

Неткен дана біздің ата-бабамыз

Бақ өсірген жайын ойлап баланың

Жасыл бақтың бағалап қасиетін

Наурыз келсе  он ағаш өсіретін

Бабалардың жыл сайын жалғастырып

Ұмытпайық өнеге өсиетін

 

Гүлназ:

Көріп пе едік тіршіліксіз даланы,

Дауасы жоқ, жазылмайтын жараны.

Бұған кімдер берер екен жауапты,

Өз жерінде еңіреткен бала менен Ананы

Улы заттар кең даланыы шарлады,

Жеріме де, еліме де қайғы келіп орнады.

Талай қыршын өздеріне қол жұмсап,

Қатыгездік адамдарды қорлады.

 

Айым:

Бағбан бабам бау өсіріп жеріне,

Үлгі-өнеге көрсетіп ол еліне.

Бабалардан тағлым алған ұрпақтар,

Тартып туар, арғы ата-тегіне.

Жасыл бақ көркі болған кең даланың,

Ұмытылмас ұлылығы ер бабамның.

Жайқалған жасыл бақты көрген кезде,

Құрметпен мен бабамды еске аламын.

 

Алина:

Қарасам Қазақстан картасына,

Оранған бар байлықтың алқасына.

Арайлы атамекен- туған жерім,

Мен үшін сенің артық әр тасың да.

Ажарлы туған өлке атырабым,

Жайқалтқан жасыл әлем жапырағын.

Тіршілік атаулыға нәрін берген,

Ол сенің қасиетті топырағың.

 

Перизат:

Адыраспан, қарақат пен гүл қайда?

(Жануар жүрген ұқсамайды далада.)

Ұрпақ қамын ойлағандар қайдасың?

Түк қалмады ау, түк қалмады ау, бұл сайда!

Судың маңы толып кетті қоқсыққа,

Исі сасып, шашылды өңшең боқтықта.

Көріп тұрып көрмегендей жүреміз

Ар-ұяттың біткені ме, жоқтық па?

Топырағың құнарсыз әжімделді,

Өсімдіктің тамыры кескінделді,

«Тұқым шашып кетуге шама жетпей,

Бұл өмірмен қоштасып кеттім»-деді.

 

Мұғалім: Құрметті семинарға қатынасушы қонақтарымыз! Бүгінгі аудан көлемінде өтіп жатырған шараың соңғы мәресіне келіп жеттік. Қазіргі таңда белең алып отырған, біздің аймағымыздағы өзекті проблемалардың бірі – экология. Сондықтанда өткізгелі отырған шарамыздың тақырыбын «Қазыналы елдің экологиялық тағдыры» деп алып отырмыз. Олай болса, келесі кезекте 9-10 сынып оқушыларынан құралған пікірталас аясындағы шарамызды тамашалаңыздар!

Жүргізуші:Бүгінгі қатынасушы топтарымызды ортаға шақыралық.

«Үміт» тобы,  «Болашақ» тобы  (сахнада топ мүшелері туралы мәліметтер слайд түрінде көрсетіліп тұрады)

Достар алғашқы кезекті музыкалық сәлемдемеге берейік. Сахна төріне Республикалық «Айгөлек» ән байқауының бас жүлде иегері 7 «б» сынып оқушысы Нұрланұлы Абзалды «Сәлем Қазақстан» әнімен шақрамыз.

Жүргізуші: Бірінші турымызға да кезек келіп жетті.Топ басшыларын ортаға өздерінің дайындап келген баяндамаларымен таныстырулары үшін шақырамыз.

(Топ басшылары алдын ала берілген тапсырма бойынша дайындап келген баяндамаларын оқып, слайд түрінде қорғайды.)

Музыкалық сәлемдеме: Республикалық «Жадыра, жас дарын» конкурсының дипломанты 7 «б» сынып оқушысы Қуанышов Безаттың «Әнші дауысы» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Әрмен қарай жалғастырамыз. Назарларыңызға командалардың дайындаған видеосын ұсынамыз. Бұл сюжетте қарсы топтардың біздің қаламыз туралы пікірлерін, қала тазалығы жөнінде көзқарастарын білеміз.

Жүргізуші: Республикалық «Күншуақ» ән-би фестивалінің би жанры бойынша ІІ орын иегері Бекболат Іңкәрді «Көктемге сәлем» биімен сахна төріне шақырамыз.

Жүргізуші: Сөз кезегі 9 сынып оқушысы Ербөлекова Аружанға беріледі.

(Экранда мамандармен сұхбаттасу барысында түсірілген видео көрсетіледі.)

Аружан:  Достар барлығымызда сұхбаттасу барысында жүргізілген әңгімеден қажетті мағлұмат алдық деп ойлаймын. Сіздерге қойылатын сұрақ: осы тығырықтан шығу үшін, экономикалық ахуалымызды табиғатқа зардабын тигізбей жақсарту үшін, халқымыздың денсаулығын жақсарту үшін қандай шаралар, қандай игі жұмыстар атқаруымыз керек?

(Оқушылар өзара қызу пікірталас туғызып, әр қайыссысы өз ойларын ашық айтады, қарсылас команда мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап бере отырып, қарсы сұрақтар қойып, ой бөліседі.)

Жүргізуші: Музыкалық сәлемдеме, Республикалық «Зимняя сказка в Алмате» атты фестивалінің Гран При иегері Ырзаханұлы Мұхамбетті ортаға шақырамыз.

 

Мұғалім: Жапырағынан айырылған мына ағашқа шара барысында мән берген боларсыздар. Бұл «Тілек ағашы» деп аталады. Осы ағашты  қаламызға, қала халқына тілектеріңізді, болашаққа деген үмітіңізді, жалпы бүгінгі шарадан алған әсерлеріңізді жазып, ілу арқылы көркейтіп, тіршілік белгісін беретін өздеріңізсіздер. Сондықтан алдарыңыздағы қиылған жапырақтарға тілектеріңізді жазып, ілсеңіздер.

Әрине бүгінгі айтылған әрбір сөз, әрбір пікір құнды. Ата бабамыздың бізге мұра етіп қалдырған қазақ жерінің асты-үсті тұнған байлық, бірақ оны ұқыпсыз пайдалану, қайтадан қалпына келтіру үшін мыңдаған жылдар кететін осы әсем табиғаттың тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соқтыруда. Ұлан байтақ жерімзіді  көзіміздің қарашығындай етіп қорғап, келер ұрпаққа аманат етіп қалдыруды ұмытпайық. Бүгінгі ұйымдастырылған шарада бірқатар мәселелердің түйіні шешіліп, оқушыларымыз қажетті мағлұматты ала алды деген ойдамын. Табиғат үстемдікті көтермейді, оны аялап, таза ұстау- барша адамзаттың парызы. Шарамыз аяқталды, қош сау болыңыздар!

геогр

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *