Басы » Кембридж бағдарламасы » Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер
hand drawn effect type spelling English and various language related concepts

Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер

Сабақ № 3

Сабақ өтілетін күн:

 

7 сынып (12-13 жасар)

Ағылшын тілі

Мұғалім: Сапарханова Мөлдір Төлегенқызы

Барлық оқушы саны: 9

Қатысқаны:9

Сабақ тақырыбы Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер
Жалпы мақсаттар

 

—         Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің  географиялық орны ,көрнекті  жерлері мен саяхаты туралы айту;

—         оқу,жазу,тыңдау,сөйлеу дағдыларын дамыту

—         өткен шақ пен аяқталмаған өткен шаққа байланысты сөйлемдер құрастыру

—         өзге елді құрметтеуге тәрбиелеу

Сілтеме Күнтізбелік жоспар,оқулық, Бұқаралық ақпарат көзі «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі» журналы
Түйінді идеялар «Ағылшын тілі -халықаралық қатынас тілі»
Әдіс-тәсілдер тәсілдер: жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық
Көрнекіліктер Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер туралы слайд, шар,
Дереккөздер Аяпова Т., Абильдаева З.,  Тұтбаева  Ж.  Ағылшын тілі  7  сынып оқулық.- Алматы:  «Мектеп»,  2012; Интернет
Оқыту нәтижелері ·        Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің  географиялық орны, көрнекті  жерлері мен саяхаты туралы білетін болады;

·        оқу,жазу,тыңдау,сөйлеу дағдылары дамиды

·        өткен шақ пен аяқталмаған өткен шаққа байланысты сөйлемдерді құрастырады

·        өзге елді құрметтей алады

Сабақ барысы Оқу белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті Бағалау (формативті, суммативті)
Сабақ кезеңдері:

1-кезең

Қызығушылықты ояту

-ұйымдастыру

(2 мин)

 

 

 

«Әуедегі тілек шарлары»

-Сыныппен сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу.

Шаттық шеңберін құрғызып, бір-бірінің шарларына  лебіздерін жазғызады.Шардың ақ және қызыл түсімен бөлінеді.

-Сәлеметсіз бе?

 

 

Оқушылар  бір-біріне  шарларды лақтырып,лебіздерін оқиды.

Балалар топқа бөлініп отырады.

1 топ Лондон

2 топ  Сидней

 

 

 

Сөзбен ынталандырып отыру

-Үй тапсырмасын тексеру: (7 мин)

 

«Жарық жұлдыз»

 

Екі елдің мәдениеті  туралы  кластерлерін тексереді. Екі елдің мәдениеті  туралы  кластерлерін  қорғайды. Формативті бағалау доллармен.
-Жаңа сабаққа даярлық. (2 мин) «10 сұрақ» әдісі

 

Ортаға бір оқушыны шақырып мандайына   жапсырып стикерге«ағылшын » деген сөзді жазып қояды.  А оқушыны шығарады.Ол оқушы сыныпқа сұрақ қояды.Оқушыларға сұрақтарды  жетелей отырып қояды  Балалар  «иә» немесе «жоқ » деп жауап береді.

Тақырыпқа  сай келетін көмекші сөзді табады.

Жарайсыңдар
2-кезең

Мағынаны ашу

Жаңа сабақ

(20 мин)

Фонетикалық жаттығу

 

 

 

 

«Тікелей радиоэфир»

Жаңа сөздерді меңгерту

Жаңа сөздерді жекелей, жұптық, топтық қайталатып айтқызу

 

Оқушыларға алдын-ала берілген тапсырма бойынша «тікелей радиоэфирді»   1оқушыға жүргізуге нұсқау береді. Радио жүргізушісі басқа елдердің 1 елшіден қабылдап тұрады. Көрермен сұрақ  қояды.

1 оқушы. АҚШ

2 оқушы.Ұлыбритания

3 оқушы.Канада

4 оқушы.Австралия

5 оқушы. Жаңа Зеландия

Осы мемлекеттерді «тікелей радиоэфирге» шақырады.

 

Жаңа сөздерді жекелей, жұпық, топтық қайталатып айтады.

 

 

 

Келген елшіге сұрақ қояды.

Ұлттық             валютасын тарату

 

 

Қатысқан елшілер,тыңдармандарға,  радио жүргізушісіне естелік ретінде сыйлық беріледі.

  өткен шақ пен аяқталмаған өткен шаққа байланысты сөйлемдер құрастыруға нұсқау береді.

 

өткен шақ пен аяқталмаған өткен шаққа байланысты сөйлемдер құрастырады.

А – 5-6 сөйлем құрастырады.

В – 3 сөйлем құрастырады.

С –сөздерді жазады.

 

 Критерий бойынша бағалау

 

-Сергіту сәті (2 мин) « Заманауи»  би Бейне сюжет көрсетеді. Оқушылар бидің ырғағымен билейді. Мадақтау
3-кезең

Ой толғаныс

Бекіту (5  мин)

 

«Ребус » Екі топқа білімдерін бекіту мақсатында ребус  береді. Оқушылар  ребусты  шешеді.

 

Шапалақ арқылы
Қорытындылау.

(3 мин)

«Серпілген доп » Допты  балаларға бере отырып сұрақ қойдыртады және бақылайды. Оқушылар  бір-біріне  допты алу  арқылы сұрақтарға жауап береді. Мадақтау
-Бағалау. (2 мин) Критерий бойынша Білімдерін анықтап, оқушыларға жиынтық баға қояды. Күнделікке  баға қойдырады Суммативті бағалау
Үйге тапсырма:

(1 мин)

  Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер туралы мағлұмат жинауға тапсырма береді. Тапсырманы күнделіктеріне жазады.  
-Рефлексия (1 мин) Смайлик Мұғалім оқушылардан бүгінгі сабақтан алған әсерін смайлик арқылы белгілеуін сұрайды. Көңіл күйді білдіретін смайликтерді тақтаға жапсырады.  

Табыс  критерийі

 

Үй жұмысын орындауы Жаңа сабақ бойынша белсенділігі Жаңа сөздерді меңгеруі Жазбаша жұмысының орындалуы Сұраққа жауап беруі Қорытынды балл
1 1 1 1 1 5
           

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *