Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Шолақорда ауылы
Майлин атындағы орта мектеп КММ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Сулейменова Салтанат Акановна
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигураларды әріптермен белгілеу.
Мақсаттары:
Білімділік: Геометриялық фигураларды әріптермен белгілеу жайлы біліктерді
жалпылау және жүйелеу, фигуралар мен бұрыштарды белгілеу, оқу
және жазу.
Дамытушылық: ауызша көбейту мен бөлу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Өз әрекетіне саналы көзқарасқа ұжымда өз бетінше жұмыс жасай
білуге, есептеу әдістерін күнделікті өмірде қолдана білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: «Танымдық ойын» сабақ.
Сабақтың өтілу әдістері: сұрақ – жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, ойын, көрнекілік, «Алтын қақпа» ойын элементтері, тест.
Пәнаралық байланыс: ән, ана тілі, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: тапсырма жазылған слайдтар, тест, қақпа есіктері, бағалау түрлері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
— Оқушыларды сабаққа бағыттау.
— Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Психологиялық дайындық
Амансың ба, күн!
Амансың ба, дос!
Амансың ба, әлем!
Баршаға амандық сәлем!
Үй тапсырмасы: №6, Карточкамен жұмыс.
ІІ. Кіріспе. Балалар, бүгін біз «Алтын қақпа» танымдық ойынына қатысамыз. «Алтын қақпа» ойынының шартында бірнеше қақпалар берілген. Әр қақпаның тапсырмалары дұрыс орындалған жағдайда қақпадан математикалық керемет нақыл сөздерді оқитын боламыз. Ендеше, «Алтын қақпа» ойынына қош келдіңдер!
ІІІ. Жаңа сабақ
№1. Тақтаға сызып түсіндіру.ЕОД,ДОК
№2.АВС,СВА.
Тапсырмалар орындалып, «Мыс қақпа» ашылады. Қақпадан нақыл сөз шығады.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика қызықты тоймайтұғын.
«Темір қақпа» тапсырмасы.№3. Үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы сызу.белгілеу.
№4.Суреттегі белгіленуі бойынша жазу.
«Темір қақпа» ашылады.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді сендерді
Математика сырына.
Сергіту сәті.
«Күміс қақпа» тапсырмасы . №5
Барлығы-300 м Ш:300:30=10
Әр бала-30 м Ж:10 бала
Бала-?
Кері есеп. 10*30=300
«Күміс қақпа» ашылады.
Есептерге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады
Досың болар табылатын қасыңнан.
«Алтын қақпа» тапсырмасы.Тақтамен жұмыс. №7
39+42:7-15=30 100-8*8=36 9*9-8*5=41
83-72:9+25=50 91-7*7=42 9*(9-8)*5=45
41+56:8-16=32 82-5*5 =57 36:6*8-19=29
«Алтын сандық» тапсырмасы. №8
13*2=20+6=26 26:2=10+3=13
23*2=40+6=46 46:2=20+3=23
33*2=60+6=66 66:2=30+3=33
43*2=80+6=86 86:2=40+3=43
«Алтын сандықтан» – «Білім – байлық» деген сөз шығады.
Жалынды жастық желкені,
Егеменді елдің ертеңі – Біз боламыз!
Бар байлыққа білімнің негізінде қол жеткіземіз
Ендеше білімді болуға тырысайық!
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Тест.
- 9*8 тең нешеге? а)81 ә) 72 б) 64
- Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
а)қабырғалардың ұзындықтарын қосу.
ә) қабырғалардың ұзындықтарын азайту.
б)ұзындығы мен енін көбейту керек
- Шаршының периметрін қалай табамыз?
а)барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу.
ә)ұзындығын мен енін көбейту керек.
б)ұзындығы мен енін қосу керек.
4) 1 дм2 неше см2 –ге тең.
а)10 см2 ә)100 см2 б) 1000 см2
5) А Бұрыш қалай оқылады?
В С а)ВСА ә)АСВ б)АВС
Ү. Қорытындылау,
оқушыларды бағалау.
Бәрекелді, балалар!
Бәріңе бестік баға бар.
Азамат боп өсіңдер
Ел қадірін бағалар.
ҮІ. Үйге тапсырма.№6
[bws_related_posts]