Павлодар облысы
Ақсу қаласы
№1 қазақ орта мектебі
Есжанова Улдана Нурболатовна
Сабақ тақырыбы: Тарау бойынша қайталау
Сабақтың тақырыбы: Тарау бойынша өткенді қайталау.Тест
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тарау бойынша өткен тақырыптардан алған білімдерін еске түсіру.
2.Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой- өрістерін кеңейту.
- Тәрбиелік: Шапшаңдылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, бақылау.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу, түгендеу.
Ә) Тарау бойынша өткен тақырыптарды еске түсіру.
Сұрақтар:
- Шалғында қандай өсімдіктер өседі?
- Шалғынды жерлерді қандай жануарлар мекендейді?
- Далалы жерде қандай өсімдіктеер өседі?
- Шөлді жерлерде қандай жануарлар мекендейді?
- Табиғатта өсімдіктер мен жануарлар ненің әсерінен жойылады?
- Адамдар табиғатты қалай қорғайды?
Б) Тест тапсырмасын орындау.
- Шөптесін өсімдік өсетін жер қалай аталады?
А) жайлау ә) шалғын б) алаң в) егіндік
- Ормансыз алқап деген не?
А) Дала Ә) шалғын б) шөл в ) орман
- Құрғақ климатымен ерекшеленетін аумақты қалай атайды?
А) шалғын ә) дала б) шөл в) орман
4.Орман дәрігері
А) бұлбұл ә) қарға б) үкі в) тоқылдақ
- Қазақстан тауларын көрсет.
А) Гималай, Эверест ә) Альпі,Карпат
б) Тянь-Шянь, Алтай в) Дұрыс жауабы жоқ.
- Шалғында тіршілік ететін жануарларды ата.
А) сұртышқан ә) піл б) аю в ) арыстан
7.Биік тауға қандай тау жатады?
А) Сарыарқа ә) Алатау б) Тянь-Шянь в) Қаратау
- Орманды жердегі қорықтарды ата.
А) Алматы,Барсакелмес ә) Алматы, Ақсу-Жабағылы,Наурызым
Б) Барсакелмес, Ақсу-Жабағылы в) Наурызым, Қаратау
- Қазақстанның ең биік шыңы
А) Хантәңірі ә) Эверест б) Алтай тауы в) Қаратау
- Шөлді жерлерде мекендейтін жануарларды көрсет.
А) Ақбөкен, бұғы, сілеусін ә) Қосаяқ, суыр ақбөкен
Б) қасқыр,қоян, аю в) қосаяқ, қарақұйрық, ақбөкен
- Құс шаруашылығына жататын қатарды көрсет.
А) Түйе,нар, күркетауық ә) тауық, қаз, үйрек
Б) ат, қой, сиыр в) ірі қара , түйе, түйеқұс
- Қызыл кітап нешінші жылы шығарыла бастады?
А) 1994ж ә)1887ж б) 1977ж в) 1978ж
- Қызыл кітапқа енгізілген аңдар
А) Жұпартышқан, құтан, қаракүзең Ә) аю,қасқыр, қоян
Б) Жылқы , түйе, түйеқұс В) Дұрыс жауабы жоқ.
- Қазақстанның Мемлекеттік неше қорығы бар:
А) 7 ә) 5 б) 10 в)9
- Қазақстанда неше ұлттық саябақ бар:
А) 3 ә )10 б) 22 в) 9
Қорытынды: Проблема туындаған сұрақтарды шешу. Оқушыларды бағалау.
[bws_related_posts]