Атырау облысы
Мақат ауданы
Абай орта мектебінің
физика және математика пәні мұғалімі: Жұмашева Жазира
Начало формы
Конец формы
Пән: Физика Сынып : 9 «А»
Сабақтың тақырыбы :Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
1. Энергияның сақталу және айналу заңын бір түрден екінші түрге айналу заңы екендігін есте сақтау және практикада пайдалану
2. Оқушылардың ой — өрісін кеңейте отырып, таным белсенділігін арттыру;
3. Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, суреттер
Сабақтың жоспар
І .Ұйымдастыру
ІІ. Өтілген тақырыпты еске түсіру
Физикалық диктант « Маған айтсаңыз ұмытуым мүмкін…»
ІІІ. Сабақ барысы
- Есеп шығару үлгісі « Көрсетсеңіз есімде қалар…»
- Жаттығу жұмысы « Өзім істесем — үйреніп алам»
3.Тест тапсырмаларын орындау
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Анықтама кестесін толтыру
Ү. Үйге тапсырма беру
І .Ұйымдастыру
ІІ. Өтілген тақырыпты еске түсіру
Физикалық диктант: «Маған айтсаңыз ұмытуым мүмкін…»
1.Дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін (механикалық энергия) деп атаймыз.
- Қозғалып келе жатқан дене энергиясын (кинетикалық энергия) деп атайды.
- Денелердің өзара әрекеттесу энергиясын (потенциалдық энергия) деп атаймыз.
- Энергияның өлшем бірлігі (Джоуль)
- Потенциалдық және кинетикалық энергия өзгерістері (жұмыс) -ты береді.
- 6. Кинетикалық энергия өзгерісі кезінде атқарылатын жұмыс өрнегі:
- 7. Потенциалдық энергия өзгерісі кезінде атқарылатын жұмыс өрнегі:
- 8. Кинетикалық энергия өрнегі :
- 9. Потенциалдық энергия өрнегі:
- 10. Механикалық энергияның сақталу заңының өрнегі:
ІІІ. Сабақ барысы
- Есеп шығару үлгісі « Көрсетсеңіз есімде қалар…»
Мысалы: 250г дене 15м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды.
- Дененің лақтырылған мезетіндегі кинетикалық энергиясын;
- Ең жоғары нүктедегі потенциалдық энергиясын;
- Ең үлкен көтерілу биіктігін табу керек.
2 .Жаттығу жұмысы « Өзім істесем — үйреніп алам»
I-деңгей
- Массасы 9 г винтовка ұңғысынан ұшып шыққан оқтың жылдамдығы 800 м\с болса, қанша кинетикалық энергияға ие болар еді? ( ожсб «Келешек 2030» 25 –нұсқа 10 -сұрақ)
- Қатаңдығы 104 Н/м серіппе 2 см –ге созылды. Серіппенің потенциалдық энергиясын тап.(ожсб 001 нұсқа 2 -сұрақ)
- Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз. (g =10 м\с2)
- 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең ?
II-деңгей
- Тас 10 м\с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған.Тастың кинетикалық энергиясы потенциялдық энергиясына тең болатын биіктікті тап (g =10 м\с2) (ожсб 004 –нұсқа 18 –сұрақ)
- “Союз” сериялы ғарышкеменің массасы 6,6т болса, оның орбита бойымен 7,8 км/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай? (А.П.Рымкевич. «Рауан»-98 ж.№340)
III-деңгей
1 .Егер дененің кинетикалық энергиясы 100 Дж, ал импульсі 40 кг·м\с болса, оның массасы неге тең? (Талапкер -2011 .5 –сұрақ 35 -бет)
- Жерден 6 м көтерілген дененің биіктігі 4 метрге кемігенде, оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді? Талапкер -2011 .16 –сұрақ 36 -бет)
- Тест тапсырмалары
1.Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз
А) дененің қозғалыс энергиясы.
- B) дененің жылдамдығының өзгеру энергиясы.
- C) серпінді деформацияланған дененің энергиясы.
- D) ыстық дененің суық денеге берген энергиясы.
- E) дене молекулаларының қозғалысымен байланысты энергиясы.
2.Садақтан тік жоғары атылған жебе 10с өткенде жерге түсті.Жебенің көтерілу уақыты
А) 10с В) 5с С) 3с D) 4с Е) 2с
- Дене импульсінің анықтамасына қай өрнек сәйкес келеді?
А) а = F/m B) F·t C) p = mυ D) F=ma E) mυ2/2
4.Тұйықталған траектория бойымен ауырлық күшінің жұмысы
А) mgh B) 0 C) –mgh D) 2mgh E) mgh/2
5.Денеге әсер ететін ауырлық күшінің жұмысы
- A) A = mgh1 – h2
- B) A = – (mgh2 – mgh1)
- C) A = mgh2 – mgh1
- D) A = 0
- E) A = mgh2
- Қандай физикалық шамалар “ Дж” өлшем бірлігімен өлшенеді?
А) күш импульсі В) күш моменті С ) дене импульсі Д ) күш E) энергия
- Тұрақты күштің әсерінен дененің импульсі 4 с ішінді 20 кг∙м/с – ке өзгереді. Бұл күш неге тең?
А) 5 Н В) 1 Н С) 3 Н Д) 4 Н E) 2Н
- Механикалық энергияның сақталу заңы
А)E =mgh B) E= mυ2/2 C) Ek=Eт+Ep D) Eт=Ek+Ep E) Ep=Eт+Ek
9.Массасы 10 кг, жылдамдығы 36 км/сағ дененің кинетикалық энергиясы
- A) 12960 Дж B) 5000 Дж C) 360 Дж D) 500 Дж E) 180 Дж
10.Жұмысшы горизонталь 600Н күш жұмсай отырып, жәшікті 3 м-ге жылжытқанда істейтін жұмысы
- A) 200Дж B) 50Дж C) 0,005 Дж D) 0 E) 1800Дж
(жауап кілті: 1С 2В 3С 4В 5В 6Е 7А 8Д 9Д 10Е)
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Анықтама кестесін толтыру
р/с
|
Физикалық шаманың атауы | белгіленуі
|
формуласы
|
өлшем бірлігі
|
1
2 3 4 5 6 7 |
Дене импульсі
Күш импульсі Күш жұмысы Ауырлық күші Серпімділік күші Кинетикалық энергия Потенциалдық энергия
|
Ү. Үйге тапсырма: Энергия түрлеріне реферат, слайд
20 жаттығу. А.П.Рымкевич №345, №347
[bws_related_posts]