География пәні Мұғалімі : МулдашеваТ.Т
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
География сабағында оқытудың жаңа әдіс тәсілдері арқылы жаңа сабақты өз беттерімен меңгеруі.
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы
|
Атмосфералық қысым. | |||
Сабақтың танымдық мақсаты
|
Атмосфералық қысым туралы түсінік беру. Атмосфералық қысымды өлшейтін құралдармен таныстыру. | |||
Сілтеме
|
Ә. Бірмағамбетов. К.Мамырова .Геог 191 б, 78-80б |
|||
Дереккөздер мен жабдықтар |
Мултимедиа, суреттер, стикер, плакаттар,маркер |
|||
Күтілетін нәтиже
|
Атмосфералық қысым туралы түсінік алады. Атмосфералық қысымды өлшейтін құралмен танысады. Қысымның қалай пайда болып, биіктік бойынша өзгеретінін біледі.
|
|||
Кезеңдері | Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау |
Мотивациялық кезең | 10 мин |
Ұйымдастыру.
Шеңберге тұрып «Жылы лебіз» тренингі, бір-біріне сәттілік тілейді. Топқа түстер арқылы бөлінеді. Серпілген сауал. 1.Үй тапсырмасына байланысты сұрақтар берілді. 2.Жердің ауа қабаты қалай аталады? 3.Ауаның қасиеттері қандай? 4.Ауа қандай газдардың қосындысынан тұрады? 5.Ауаның неше пайызын азот алады? 6.Ауаның неше пайызын оттегі алады? 7.Атмосфераның қабаттарын ата? 8.Ең төменгі қабаты қалай аталады? 9.Ауаның температурасын қандай құралмен өлшейді? 10.Температураның тәуліктік амплитудасы деген не? 11.Орташа жылдық амплитуда деген не? |
Шеңберге тұрады,оқушылар сабаққа зейінін шоғырландырады, түстерге байланысты 3 топқа бөлінеді. Ролдерге бөлінеді.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
Қол шапалақтау
Топ басшысы сұраққа жауап берген оқушыларды ұпай арқылы бағалайды.
|
Операциялық кезең | 22 мин | Оқушыларға жаңа тақырып бойынша 3 топқа «Ротация» әдісі бойынша сұрақтар берілді: 1 топ-Атмосфералық қысым қалай пайда болады?
2 топ-Қысымның биіктік бойынша өзгеруі, 3-топАтмосфералық қысымды өлшеу. (10мин) «Мюнстерберг» әдістемесі бойынша берілген әріптерден сөз құрау: Аауапаншазотлоглобусвыпргооттегідшлисгаз фячвнзқысымжтеотынықнапнілвыанероидн дыжврамсынаппаенкрыескафандраолдмавма сштаблфкунгшбарометрарносалмақпртос пгтогратмосферамап (2 мин) мин) Сандар да сөйлейді: 760мм : 1мм: 150см² : 150кг: 1кг 33г: 15500кг: 1мб: Ой талқы: «Атмосфералық қысымның адам ағзасына әсері» |
Берілген тапсырманы түсініп оқу, талқылау
Берілген әріптерден сөз құрау |
Бес бармақ арқылы бағалау.
«20-15» сөзге 5 ұпай «14-10» сөзге 4 ұпай «9-7» сөзге 3 ұпай «6-4» сөзге 2 ұпай «3-1»сөзге 1 ұпай |
Рефлексиялық кезең | 10 мин |
Тест сұрақтарын құру, бір-біріне беру Екі жұлдыз, бір тілек. |
Тест сұрақтарын топтар бір-біріне береді.
Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат. Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.
|
Дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан қойылады |
Үй тапсырмасы | 3 мин | Оқушыларды бағалау.
Атмосфералық қысым тақырыбын түсініп оқу, түсінгенін айту. Жел туралы мәлімет жинақтап келу.
|