Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы,

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің

 І санатты физика пәні мұғалімі:

Тунгатарова  Жанаргуль Куанышовна

Сабақтың тақырыбы:Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Электр тогының жұмысы мен  қуатын есептеу формулаларын қорытып шығару ,оқушының оқу қабілеттерін, білім,білік таным ерекшеліктерін арттыру.

Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін дамытуға,пікір таластыруға,өз бетімен ізденуге машықтандыру.

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа,еңбекке,топтық жұмысқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Пәнаралық байланысы: Биология

Оқыту әдістері: Топтық жүйе, СТО технологиясы,тәжірибелер жасау әдістері.

Көрнекіліктер:Слайдтар, компьютер, басқатырғыш,бағалау парағы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.Сынып оқушыларын формулаларды табу арқылы үш топқа бөлу .(1-топ-Ток күші, 2-топ- Кернеу, 3-топ-Кедергі)

І.Қызығушылықты ояту.

Электр тізбегін жинау

3 топқа 3 түрлі электр тізбегін жинау тапсырылады. Тапсырмада сұлба элементтері нүктелермен берілген. Нүктелер орнына берілген шарты белгіні қойып, сұлбаны жинау қажет.

Сұлба №1

Сұлба №2

Сұлба №3

Амперметр тізбекке қалай жалғанады?

Жауабы: Тізбектей

Өткізгіштерді тізбектей жалғау кезінде: жалпы ток күші, кернеу, кедергі қалай анықталады?

Жауабы:

IЖ =   I1  =  I2

UЖ = U1 + U2

RЖ = R1 + R2

 

Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?

Жауабы: Параллель

Өткізгіштерді параллель жалғау кезінде: жалпы ток күші, кернеу, кедергі қалай анықталады?

Жауабы:

UЖ = U1 = U2

IЖ =   I1  + I2.

1/Rж=1/R1+1/R2

Токкүшідегенімізне?

Жауабы: өткізгіштіңкөлденеңқимасыарқылықандайдабіруақытаралығындатасымалданатынэлектрмөлшерініңсолуақытқақатынасымен  анықталатынфизикалықшама.

Электр кернеуі деп  нені атайды?

Жауабы: Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасымен анықталатын физикалық шама.

 

Сәйкесін  тап” ойыны. (Өткен тақырыпты бекіту.)

Ток күші Параллель жалғау
Өткізгіш кедергісі I=q/t
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы Тізбектей жалғау
Электр кернеуі I=U/R
Rж=R1+R2+…+Rn U=A/q
1/Rж=1/R1+1/R2+…+1/Rn R= ρ*l/S

 

 

 

ІІІ. Мағынаны тану.(сұрақ жауап)

 

Біздің әлемді энергия басқарады

 

Энергиясыз әлем               Энергияны пайдалану          Энергия

 

 

          

 

 

 

 

 

 

Яғни, ішкі энергиясы  электр энергиясына түрленеді. Электр энергиясын тиімді пайдалану жолдары ЕХРО -2017 енгізілген… Біз, тұрмыс жағдайымызды жақсарту мақсатында электр энергиясын пайдаланамыз. Сондықтан, күнделікті тұрмыста электр энергиясын қаншалықты мөлшерде тұтындық, оған қанша шығын шыққанын білу үшін біз, электр тогының жұмысы мен қуатын есептеуді білуіміз керек. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не болмақ?….

 

Жаңа сабақты түсіну үшін қажетті сұрақтар

  1. Тізбек бөлігі (үшін) ұштарындағы кернеу неге тең? Формуласы қалай жазылады?

Кернеу өткізгіш бөлігі бойымен 1Кл заряд өткенде атқарылатын жұмысқа тең болады: U

  1. Кернеудің формуласын пайдаланып, электр тогының жұмысын қалай табуға болады? Ол қалай  аталады?

Электр тогының тізбек бөлігінде істейтін жұмысын анықтау үшін тізбектің осы бөлігінің ұштарындағы кернеуді сол бөлік бойымен өткен электр зарядына көбейту керек.

А=q

  1. Электр зарядына талдау жасай отырып, электр тогының жұмысын есептеу формуласын қорытып шығару және оның айтылуын жаз.

q=It

A=IUt

Электр тогының тізбек бөлігіндегі жұмысы осы бөліктің  ұштарындағы  кернеуді ток күшіне және сол жұмысты орындауға кеткен уақытқа көбейткендегі  көбейтіндіге тең.

Тізбектей жалғау кезінде: I=U/R      A=I*U*t    A=I2*R*t

Параллель жалғау кезінде: A=I*U*t   I= U/R   A=U2/R*t

Ток жұмысын өлшеуге арналған құралдыэлектр санауыш  деп атайды. Электр санауышында электр тогының жұмысының 1кВт*сағ –деген бірлігі қабылданған, ол дегеніміз 1 сағаттағы жұмысы 3,6*106 Дж тең дегенді білдіреді.

1 Вт∙сағ. = 3600 Дж

1 гВт∙сағ = 100 Вт = 360 000 Дж

1 кВт∙сағ = 1000 Вт = 3 600 000 Дж.

Электр тізбегін жинап, токтың жұмысын есептеу:

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Электр тогының жұмысын есептеу формуласын пайдаланып, қуатты қалай өлшеуге болатындығын түсіндір.

Уақыт бірлігінде өндірілетін токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады.

Механикада біз қуатты N деп белгілеп, N=A/t былайша анықтаған болатынбыз, енді электр техникасында P  деп белгілеп, оны былайша анықтаймыз:P=(I*U*t)/t=I*U; P=I*U

Осыдан электр тогының қуаты дегеніміз?

Жауабы:  өткізгіштегі ток күшінің кернеуге көбейтіндісі арқылы анықталатын физикалық шама.

Сонымен қатар тізбек бөлігіне арналған Ом заңына сәйкес, қуат үшін мына өрнектерде дұрыс болады.

Халықаралық бірліктер жүйесіндегі бірлігіне Вт(Ватт) қабылданған.1Вт= 1А*В

1гВт= 100Вт, 1кВт= 1000Вт, 1МВт=1000 000 Вт

Алдыңғы эксперименттің нәтижесі бойынша өткізгіштің қуатын анықтаңыздар.Токтың қуатын өлшеуге арналған құрал: Ваттметр. Үйде тұтынушылардың бір мезгілде пайдалану қуатының шекті мәні:     Р=10А*220В= 2,2кВт.

5.Токтың өткізгіш арқылы өтіп жатқандығын біз қандай әсерлері арқылы анықтай аламыз?

Жауабы: Жылулық, магниттік, химиялық және физиологиялық.

Яғни жылулық әсерін, біз өткізгіштің бойымен ток өткенде оның қызатындығымен түсіндіре аламыз?

Сонымен қатар электр энергиясы, ішкі энергияға айналады деп айта аламыз.

Олай болса, өткізгіштің бойымен ток өткенде бөлетін жылу мөлшерін тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль-Ленц заңы болды.

Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.

 

Ағылшын физигі Ресей физигі

Джеймс Джоуль ЭмилийХристиановичЛенц

(1818-1889)  (1804-1865)

 

Өткізгіш бойымен ток жүргенде өткізгіштен бөлінетін жылу мөлшері токтың квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады. Q=I2Rt.

Практикалық білімдерін тексеру( Есептер шығару)

21 жаттығу-3

Әрқайсысы 6В кернеуге, 0,6А ток күшіне есептелінген екі шам 2 мин жанды. Осы уақыт аралығында әр шамдағы және екі шамдағы электр тогының атқаратын жұмысын анықтаңдар?

21 жаттығу-5

Мұнай араластырғышты іске қосатын электрқозғалтқышының қуаты 1900Вт. Электрқозғалтқышынан 2 сағ ішінде 14400 Кл зарядты өткізетін орамның кедергісін анықтаңдар.

21 жаттығу-7

Жүк шығырын айналдыратын электрқозғалтқышы 9120 Дж тең жұмыс атқарады. 4А ток күшінде 24 Кл заряд өткендегі электромотордың қуатын табыңдар.

Жеке озық тапсырма – 86- бет: 637; 638; 639; 640.

 

Сергіту сәті. «Қатені тап» ойыны

 

Р.с Тапсырма Иә Жоқ
1 Заттың үш күйі бар
2 Қуаттың өлшем бірлігі – Вольт
3 1 Ватт=1ампер·1вольт
4 Ток күшін анықтаған ғалым – Андре Мари
5 Т/б токтың толық жұмысы: A=Uq
6 Біз тұрған планета Жер
7 Токты өлшейтін құрал – Ваттметр
8 1Дж=1А·1В·1с
9 Кедергіні анықтаған ғалым – Георг Симон
10 Ток күші:I=q/t

 

ІҮ.Сабақты бекіту. (Ой жинақтау кезеңі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқатырғыш. Суретте  көрсетілгендей,электр  құралдары (буынмен белгіленген) және олардың сәйкес қуаты (санмен белгіленген) көрсетілген.Әрбір құралдың сәйкес  қуатын тауып,сөз құрастыруымыз керек.

 

Ү.Бағалау.

 

0-4  балл  «3»;                5-9  балл  «4»              10-16 балл  «5»

ҮІ. Үйге тапсырма: §42 Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. 21-жаттығу,№6 эксперименттік тапсырма.

[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *