Басы » Химия » Алюминий

Алюминий

Е. Айшуақұлы атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Жанбосинова Анар

Сабақтың тақырыбы: Алюминий

Сабақтың мақсаты:

  1. Алюминийдің табиғатта кездесуі, негізгі қасиеттері, алынуы,қолданылуы туралы түсінік беру,
  2. Оқушылардың зейінін,танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, тұлғалық қасиеттерін дамыту.
  3. Сабақтың мазмұны бойынша алғырттыққа, өз бетінше жұмыс жүргізулеріне, ізденімпаздыққа және өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    Жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын технология:   Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Көрнекілігі: Периодтық кесте; қымбат, бағалы тастар (суреттер),

 Al сымды қыздыру(видео). Алюминий (презентация), Al қолдану (кесте)

 

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру.

  • Судың кермектігі және оның түрлері қандай?
  • Қандай әдіспен кермек суды жұмсартуға болады?
  • Неге жаңбыр суы жұмсақ, ал өзен суы кермек болады?
  • Өзен суына Са мен Мg тұздары қайдан келеді?
  • Үйде сабын  арқылы  судың  кермектілігін   қалай  анықтауға  болады?

ІІ Жаңа  сабақ:   Ой қозғау сатысы

«Бір күні Рим императорына белгісіз біреу келіп күміс сияқты жылтыр, өте жеңіл ыдысты сыйға тартады.Император жаңағы ыдысты мастерге құрамы неден жасалғанын тексеруге жібереді. Оның құрамы «кәдімгі саздан» алынған металл деп мастер өз шешімін айтқаннан кейін,патша өзінің алтын мен күмістерінін құны төмендеп кетуі мүмкін деп мастердің басын алдырып, оның шеберханасын өртеп жібереді .

Кейінірек Наполеон ІІІ  бұйрығы бойынша бұл медалдан асханалық ыдыстар жасалды, оларды императорға және құрметті қонақтарға ғана ұсынатын. Басқа қонақтар  болса дәстүрлі металдар – алтын мен күмістен жасалған ыдыстар қолданылды. Бірте- бірте кезінде сирек кездесетін ғажайыптан бұл металл құрылысшылардың, архитекторлардың, дизайнерлердің ең қажетті материалына айналды. 1967 жылы американдық дизайнер Оскар де ла Рента көрермендерге осы металдың жіптерінен жасалған суға түсетін киім ұсынып сән әлемін таңғалдырды. Ал ХХ  ғасыр осы металдың ғасырына айналды.

 

IIIМағынаны ажырату сатысы

Периодтық жүйедегі орны

1.Химиялық таңбасы-Al

2.Реттік нөмірі- 13

3.Ar(Al)- 27

4.Период нөмірі- ІІІ (кіші)

5.Топ нөмірі-ІІІ (негізгі)

Атом құрылысы:

1.Ядро заряды- +13

2.Электрон саны- 13

3.Протон саны- 13

4.Нейтрон саны -14

5.Энергетикалық деңгей саны -3

6.Валенттілік электрондары- 3

  1. Электрондық конфигурациясы 1s2/2s22P6/3s23p1

Алғаш рет дат ғалымы Х.К.Эрстед 1825 жылы таза алюминий алды, ал 1854 жылы француз химигі А.С.Сентклер Дэвиль оны өндірісте өндіру тәсілін ашты. Сол кезде алюминий өте жоғары бағаланып, оның бір фунты алтын есебімен 40 сом болатын, алюминий алу өте қымбатқа түскен, онан жүзік, сақина және басқадай заттар жасалып сыйлықтар орнына жүрген

Табиғатта кездесуі:

1.Өзгемен салыстарғанда алатын орны- І

2.Өзге элементтермен салыстарғанда алатын орны-ІІІ (O2,Si)

3.Алюмосиликаттар (Al, O2, Si, Сілті Me,Сілті.жер Me)

4.Каолинит (H2O3· 2SiO2· 2H2O) саз балшық

5.Корунд (Al2O3) өте қатты, рубин(қызыл), аметист(күлгін),сапфир (көк) 43 сурет

  1. Боксит (Al2O3· nH2O)
  2. Қазақстанда кездесетінкенорындары: Солт.Қазақстан,  Қостанай, Ақтөбе облыстарында

 

 

Өнеркәсіпте алюминийді оксидінің балқымасынан электр тогымен ыдыратып алады.
эл.
2АІ2O3   = 4AI + 3O2 – 3352 кДж
2007 жылдан бастап Қазақстанда алюминий алатын Павлодар электролиз зауыты жұмыс істейді.

 

 

Алюминий және оның құймаларының қолданылуы

Алюминий құймалары Қолданылуы
1. Магналий Al + Mn + Mg Кеме және ғарыш кемесін жасау
2. Дуралюмин (Al + Mg + Si + Cu) Ұшақ жасау
3. Al  + Cu + Mn  Алюминий марганецті , қола Машина тетіктерін жасау
4. Al + Mg + Si Құрылыс. Тікұшақтардың бұрмалары (винт)
5. Силумин (Al + Si + Na) Машина жасау

 

Алюминийдің тамаша қасиеті

Мысалы: Алюминийден мата тоқуға болады екен. Ондай матаның тамаша қасиеті бар. Әрі жылыта алады, әрі салқындата алады. Осындай матадан жасалған пердені терезеге металл  жағын, сыртына қаратып ұстаса , жарық сәулесі өтеді де, жылу өтпейді,  жаздың ыстық күнінде бөлме салқын болып тұрады. Қыста пердені аударып ұстау керек, сонда ол бөлмедегі жылуды сыртқа жібермей ұстап тұрады.

 

 

  • 35. №6 есеп.
    А) 2Al+3Br2=2AlBr3
    2Al+3H2SO4=Al2(SO4)3+3H2
    2Al+3CuSO4= Al2(SO4)3+3Cu
    Cr2O3+2Al=2Cr+Al2O3

    §35.   №7есеп.
    2Al+6H2O=2Al(OH)3+3H2
    2Al+6HCl=2AlCl3+3H2

 

2.Есептеу № 9

Мазмұны:

Белгілі:      15,2г → 9г

Белгісіз:     х %

Шешуі:

Жауабы: х=15,2%

Тексеру: 59,2г-100%

9г- х%

 

 Сабақты қорытындылау:

— Сабақта не туралы оқып, білдік?

—  Сабақтан өздеріне қандай  қызықты және қажетті материал алдыңдар?

 

 

  • Аты жөні: Алюминий
  • Туған жылы: 1825 жылы дат химигі әрі физигі Эрстед  “Мен балшықтан металл              алдым”  1827 ж  Неміс химигі Веллер    (AlCl3  +3K           Al +3KCl)
  • Жасы: №13 Ar27
  • Мекен-жайы: 3 кіші периодтың ІІІ негізгі топшасы
  • Отбасы құрамы: 13p,14n,13e
  • Тегі: Металл
  • Сыртқы келбеті: күміс түстес, ақ металл, мықты, кристалл торы орталықтанған куб, жеңіл, өте иілімді, жұмсақ, шағылу қабілеті жоғары, электр және жылу өткізгіш, жемірілуге тұрақты, ρ=2,7г/см3 , t=650°С
  • Мінезі: белсенді
  • Достары: бейметалдар
  • Достарының аттары: АІ оксиді, АІ хлориді, АІ сульфиді, АІ фосфиді, АІ карбиді
  • Пайдасы: бояу, электротехника, ыдыс –аяқ, конц азот қышқылын тасымалдаушы цестернада, авиацияда, электр сымдарында, жеңіл металл конструкцийларына, зергерлік
  • Туыстары: галий, индий, талий

 

  1. Ептілікке есептер.
  2. Массасы 5,4г алюминийді еріту үшін қанша 10%-қ тұз қышқылының массасы қажет?

бер: m(Al)=5.4г             Шешуі:                    5.4г       x

W(HCl)=10%                                          2Al + 6HCl= 2AlCl3 +3H2

т/к: m(HCl)=?                                                  54г      219г

x= 5.4*219/54=21.9г

21.9г  —— 10%

x   ——— 100%     x= 219г

  1. Алюмотермиялық әдіспен темір алғанда массасы 20г Ғе (ІІІ) оксидімен массасы 50г алюминий әрекеттескенде қанша грамм темір шығады?

Бер: m(Fe2O3)= 20г       Шешуі:   20           50   x

m(Al)=50г                             Fe2O3 + 2Al=2Fe + Al2O3

т/к:  m(Fe)=?                                   160        54    112     x=103.7/2= 51.85г

 

  1. Үйге тапсырма. §36. 8,9.

 

ҮІ. Бағалау.

 

 

 

  1. Тест тапсырмалары. 5сұрақ

1.Алюминий қосылыстарда неше валентті?

а) 2;      ә) 3;     б) 4;       в) 5

2.Алюминиймен барлығы әрекеттесетін заттар тобы:

а) HNO3, NаСl, KOH

ә) H2О, СuСl2¸NаOH

 б) HСl, SO2¸KOH

  1. Қазақстанда алюминий зауыты қай жылдан

    бастап жұмыс жасайды?

А) 2000;     ә) 1998;      б) 2007;     в) 1992

  1. Алюминийді өнеркәсіпте алу әдісі:

а) бокситтерден электрохимиялық әдіспен

ә) алюминий тұздарының ерітіндісін бейтараптау

б) Al2O3 сутегімен тотықсыздандыру

  1. Алюминотермия әдісімен алуға болатын металдар тобы:

а) Nа¸Mn¸Al

ә) Ni¸Cr¸Zn

б) Cu¸Nа¸Сr

 

 

1 2 3 4 5
ә ә б а ә
Мына айналуларды жүзеге асыру.

A)АI → AICI3→AI(OH)3 → AI2(SO4)3 → BaSO4

B) АI → AI2O3→NaAIO2→AI2(SO4)3→ AI(OH)3 

 

 

 

 

 

Мына айналуларды жүзеге асыру.

A)АI → AICI3→AI(OH)3 → AI2(SO4)3 → BaSO4

 

 

 

 

 

Тест тапсырмалары. 5сұрақ

  1. Алюминий нешінші периодта  орналасқан?

а) 2;      ә) 3;     б) 4;       в) 5

  1. Алюминий (ІІІ) оксидінің  формуласы.

а) АI(OH)3;      ә) AI(OH)2;     б) AI2 O 3;       в) AICI3

 

  1. Алюминий неше валентті?

а) 2;      ә) 3;     б) 4;       в) 5

 

Алюминий  гидроксидінің  формуласы.

а) АI(OH)3;      ә) AI(OH)2;     б) AI2 O 3;       в) AICI3

 

  1. Алюминий атомының электрондық  конфигурациясы.

 

а) 1s22s22p6 3s2 3p23p64s2 ;      ә) 1s22s22p6 3s2 3p23p6;     б) 1s22s22p6 3s2 3p2;         в) 1s22s22p6

 

 

 

 Тест тапсырмалары. 5сұрақ

1.Алюминий қосылыстарда неше валентті?

а) 2;      ә) 3;     б) 4;       в) 5

2.Алюминиймен барлығы әрекеттесетін заттар тобы:

а) HNO3, NаСl, KOH

ә) H2О, СuСl2¸NаOH

 б) HСl, SO2¸KOH

  1. Қазақстанда алюминий зауыты қай жылдан

    бастап жұмыс жасайды?

А) 2000;     ә) 1998;      б) 2007;     в) 1992

  1. Алюминийді өнеркәсіпте алу әдісі:

а) бокситтерден электрохимиялық әдіспен

ә) алюминий тұздарының ерітіндісін бейтараптау

б) Al2O3 сутегімен тотықсыздандыру

  1. Алюминотермия әдісімен алуға болатын металдар тобы:

а) Nа¸Mn¸Al

ә) Ni¸Cr¸Zn

б) Cu¸Nа¸Сr

Мына айналуларды жүзеге асыру.

B) АIAI2O3NaAIO2AI2(SO4)3AI(OH)3 

 

 

 

  1. Массасы 5,4г алюминийді еріту үшін қанша 10%-қ тұз қышқылының массасы қажет?

бер: m(Al)=5.4г             Шешуі:                    5.4г       x

W(HCl)=10%                                          2Al + 6HCl= 2AlCl3 +3H2

т/к: m(HCl)=?                                                  54г      219г

x= 5.4*219/54=21.9г

21.9г  —— 10%

x   ——— 100%     x= 219г

 

 

  1. Алюмотермиялық әдіспен темір алғанда массасы 20г Ғе (ІІІ) оксидімен массасы 50г алюминий әрекеттескенде қанша грамм темір шығады?

Бер: m(Fe2O3)= 20г       Шешуі:   20           50   x

m(Al)=50г              Fe2O3 + 2Al=2Fe + Al2O3

т/к:  m(Fe)=?                     160        54    112     x=103.7/2= 51.85г

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *