Шығыс Қазақстан облысы,
Семей қаласы,
Алғабас ауылы
Латипова Алия Акановна
САРАМАНДЫҚ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы. Атмосфера.
Сабақтың мақсаты. Оқушылардың атмосфера тақырыбы бойын-
ша алған білімдерін тексеру, ауа температурасының айлық, тәуліктік, жылдық орташа температурасына есептер шығарта отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, график сыза білуге, жылдам есептеуге үйрету.
Сабақтың түрі. Сарамандық сабақ.
Әдісі мен тәсілі. Есептеу, график сызу, таблица толтыру, жел өрнегін сызу.
Сабақтың барысы.
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Сарамандык, жұмыс тапсырмалары.
- Тапсырма. Сұрақ-жауап.
1.Атмосфера дегеніміз не? 5. Муссон деген не?
2. Атмосфераның маңызы. 6. Бұлттың түрлері.
3.Ауа құрамы. 7.Жел дегеніміз не?
4.Жауын-шашын түрлері.
2.Тапсырма, Есептер.
1.Қаныққан ауадағы су буы мөлшерін, яғни, төменде көрсетілген
температура тәуелділігі неше грамм?
-20 С-? (1) ОС-? (5) +20 С-? (17)+10 С-? (9)
2.Жел өрнегін сызыңдар.
Ш-6 күн ОШ-4күн С-8 күн
0-7 ОБ-3 күн СШ-7 күн
СБ-9 күн Б-4 күн
Жауабы: 1 күн=0,5 см.
Ш-6=3 см
0-7 күн=3,5 см СБ-9 күн=4,5 см ОШ—4 күн=2 см ОБ-3күн=1,5 см
Б-4 күн=2 см
С-8 күн=4 см СШ-7 күн=3,5 см
- Тапсырма.
|
|
Биіктігі 40 м төбенің басында барометр 758 мм с.б көрсетіп тұрса, онда төбенің етегіндегі атмосфералық қысым қанша мм с.б тең болады?
Жауабы: 40:10=4 758+4=762
|
Төбенің етегіыдегі атмосфералық қысым 762 мб тең.
- Тапсырма.
Жылдық орташа тем-ны есептеп шығарып, графигін сызыңдар.
I | II | III | IV | V | VI | VII | VIII | IX | X | XI | XII | Жылдық орташа і |
-150 | -120 | +30 | +40 | +50 | +120 | +160 | +140 | +80 | +10 | -50 | -140 | 1,40
|
- Тапсырма.
Мына мәлімет бойынша ауа температурасының өзгеру графигін сыз және орташа температураны анықтаңдар.
Сағ 1-де -6° С, Сағ 7-1°С, Сағ 13+2°С, Сағ 19 0°С.
-6-1=-7 -7-2=9
2+0=2 9:4=2,2 орт-а -2,2°.С.
- Тапсырма.
Қалалар | Айлар | Жыл орт т | Жыл ампл | |||||||||||
Қ | А | Н | С | М | М | Ш | Т | Қ | Қ | Қ | Ж | |||
Аден | 24 | 25 | 26 | 28 | 30 | 31 | 31 | 30 | 30 | 28 | 26 | 25 | 3,1 | 7 |
Москва | -10 | -9 | -4 | 5 | 13 | 16 | 18 | 17 | 11 | 5 | -2 | -8 | 4,3 | 28 |
- Аден 24++25+26+28+30+31+30+30+28+26+25=362:12 «-3,1 жылдық орташа температура» 3,1 жылдық амплитуда=7
- Москва -10-9-4-2-8=-33°.
5+13+16+18+17+11+5=85°. (85-33):12 «4,3 жылдық орташа температура» 4,3°С, жылдық амплитуда =28°С
- Тапсырма. Төменде көрсетілген жоғарғы қысымның астын түзу, төменгі қысымды ирек, қалыпты қысымды екі сызықпен сызыңдар.
750; 760; 765; 768; 752; 769.
III. Оқушылар білімін тексеріп бағалау.
География сабағында оушылардың таным белсенділігін арттыру.
«ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Қазақстан Республикасындағы 12 – жылдық білім беру Концепциясында «Қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерінің бірі өзгермелі әлеуметтік, экономикалық жағдайда тек өмір сүріп қана қоймай, сонымен қатар қалыпты жағдайдың жақсы жағына қарай өзгеруіне белсенді түрде әсер ете алатын бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру»,- деп жазылған. Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты, ой – өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді. Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл – ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды: зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығыт.б. Сөйтіп, оқудағы белсенділік – оқушының іс – қимыл жағдайы ғана емес, осы іс -қимылдың сапасы, онда оқушының қызмет мазмұны мен сипатына қатынасымен, өзінің рухани -ерік, күш-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрінеді. Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу т.б. оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты болып табылады. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады