Басы » Cыныптан тыс » Әліппе деген алтын жол

Әліппе деген алтын жол

ганым

 

Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебі

Сугирова Жанганым Кубаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Әліппе деген алтын жол.

 

Мақсаты:   Оқушының әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды         ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін — өзі басқаруға үйрету.

 

Көрнекілігі: шарлармен, қанатты сөздермен безендіру. Абай, Ыбырай, Спандияр Ахмет суреттері, сандық, Ана тілі оқулығы.

 

Жүрісі:        Көңіл күй ахуалы

Алдымен сәлемдесіп алайық.

 

Сәлем дейміз күнге біз

Сәлем дейміз аспанға

Сәлем дейміз қонақтарға

Сәлем дейміз достарға.

 

Құрметті ата – аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппе деген алтын жол» атты мерекемізге қош келдіңіздер.  Осыдан төрт  ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да, қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі ата — әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл – қыздарымыз өздерінің ең алғашғы оқулығы болған  Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!

Шашу, шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық

 

Құтты қадам болсын деп

Шашуларды шашайық.

Шашу шашылып, балалар шашу тереді. Қызыл, сары, жасыл кәмпиттің түсіне қарай 3 топқа бөлінеді.

Би: «Қызғалдақ»

Бұл әлемде «Әліппе» деген үлкен ел бар. Сол елге саяхат жасамақшымыз. Ол елге жету үшін әр ауылға соғып, тапсырмаларын орындасақ, үлкен қазынаға ие боламыз.

Бірінші, мынау кім ауылы?    Абай Құнанбаев атамыздың ауылы

Сұрақтарға жауап берген оқушыларға дөңгелекшелер беріп отырамын.

  • Абай кім?
  • Дыбыс пен әріптің өзгешелігі неде?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Жуан дауысты дыбысты ата

 

 

  • Жіңішке дауысты дыбысты ата
  • «Қоян» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
  • Дауысты дыбыстан басталатын сөздер ойла.

Балалар қандай өлеңнің аты шықты?

«Әсемпаз болма әрнеге»   Кім айтады?

Ән:  Ерасыл

Екінші, — Мынау кімнің ауылы?

  • Иә, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин атамыздың ауылы екен.
  • Ыбырай Алтынсарин кім?

Енді осы атамыздың тапсырмаларын орындайық.

  • «Санамақ» айта білеміз бе?
  • «Отан » өлеңін айт
  • «Астанам » өлеңін айт
  • «Бір қазан сүт» өлеңін айт

Қандай өлеңнің аты шықты?

«Кел, балалар, оқылық!»  Кім айтады?

Би: «Көңілді күн»

Үшінші, —  Мынау кімнің ауылы?

  • Иә, Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың

Енді атамыздың тапсырмаларына көңіл бөлейік.

Мақал – мәтел біледі ме?

Қандай өлеңнің аты шықты?

«Оқуға шақыру» Кім біледі?

Ән: «Жарқын жүзді ұзтазым»

Төртінші, — Спандияр Көбеев атамыздың ауылы

«Сөз шеберлері»

Балапан, Ботақан, Балдырған

Бір сөзден бірнеше сөз шығару.

«Құстың ұясы » әңгімесін оқу.

Би: «Балапандар»

— Міне, балалар, Әліппе еліне де жеттік. Енді Әліппеге арнап өлең айта білесіңдер ме?

Әліппе туралы білетін өлеңдерін сұрау. Енді ұпайларымызды санасақ.

Әліппе сендерге риза болып қалды. Алға қойған мақсаттарымызға жеттік. Әліппе бізге қандай қазына қалдырды екен, мына сандықты ашып қарайықшы. Мынау не балалар?

— Иә, ана тілі оқулығы екен. Өмірдегі ең қымбат қазына — өз ана тіліміз. Тілімізді қастерлеп, сыйлап өтуіміз қажет. Сондықтан 42 әріпті танып білдік, жүргізіп оқу, мағынасы тану алдағы міндетім деп есептеймін. Менің сіздерге

сыйым – «Қазақтың үш бәйтерегі» кітапшасы. Осы Абай, Ыбырай,

Ахметтердің жолын қуған қазақтың айтулы ақын, қарымды қаламгерлері Сәкен, Ілияс, Бейімбеттердің еңбектерімен танысып, сендер де солардай қазақтың сөз өнерін байытатын, талантты тұлға болып өсе беріңдер!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *